Жаһандану мәселелері. Стилистика. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал.


Оқылымалды тапсырма:

 Ғылыми стиль - ғылыми шығармалардың тілі мен жазылу түрін анықтайтын басты фактор. Ғылыми стильдің тілдік көріністері. Сөздер тура мағынасында қолданылып, дәл айтылады. Образды сөздер аз, термин сөздер көп кездеседі. Ой күрделі  баяндалып,  анықтама,  дәлелдеме,  формулаларға негізделеді.

Ғылыми стильдің мақсаты — заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру.

 Мысалы:

 …Жер бетінің жазық, өте кішірейтілген бейнесін географиялық карта деп атайды, онда географиялық объектілер шартты белгілер арқылы көрсетіледі.

 Географиялық карталардың масштабы ұсақ болатындықтан, оларда жер бетіндегі ең ірі және маңызды нәрселер ғана, мысалы басты салалармен қоса үлкен өзендер, ірі қалалар, аса маңызды жолдар, бейнеленеді…

 Глобус — Жердің моделі. Жердің пішінін оның кішірейтілген моделі — шардан көруге болады. Шарды жер глобусы деп атайды. Оның бетінде құрлықтар, аралдар, мұхиттар мен теңіздер бейнеленген. Олардың кескіні мен орналасуы да жердің өзіндегідей, тек бірнеше миллион есе кішірейтілген.  (Оқулықтан).

Бастауыш — атау тұлғадағы зат есімнен, баяндауыш етістіктің тұйық райынан болғанда, бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады.

Бастауыш — реттік мағына беретін тәуелдік тұлғалы есім сөздерден, ал баяндауышы атау не тәуелдік тұлғадағы есім сөздерден болғанда, олардың арасына сызықша қойылады.  (Оқу құралынан).

Оқылым тапсырмасы

Жаһандану процестерінің идеологияның қалыптасу барысына тигізетін ықпалы біржақты емес, дегенмен, жаһандану ұлттық идеяның орнығуына тосқауыл болады деп пайымдауға да болмайды. Жаһандану мемлекеттік идеологияның мазмұны мен сипатына қосымша талаптар ғана қояды. Шын мәнісінде, бұл қосымша талаптар мынаған келіп тіреледі: идеология ұлттың әлемдік қауымдастықтан оқшаулануына алып келмеуі керек, керісінше, онда өзіндік ұлттық болмыс пен жалпыадамзаттық құндылықтар, ұмтылыстар үйлесімді түрде көрініс табуы тиіс.Ұлттық идея халық үшін жат, бөтен емес, оның шынайы өміріне негізделген, орынды, жарасымды болғаны абзал. Ел Президентінің халыққа арнаған «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында айтылғандай: «демократиялық және дамыған мемлекеттерді құрудың жалпы заңдылықтарын ескерумен қатар, біздің қоғамымыздың маңызды тарихи – мәдени ерекшеліктері мен дәстүрлерін қаперден шығармағанымыз дұрыс».Экономикалық тұрғыда ұлттық идеяны орнықтыруға қажетті негіздер қалыптасты деп нық сеніммен айтуға болады. Нарықтық сана жұмысқа қабілетті азаматтардың барлығының дерлік ақыл – ойын жаулап алды, бұл өз кезегінде қазақстандықтардың әлеуметтік стандарттары мен өмір сүру талаптары деңгейінің көтерілуіне септігін тигізуде. Сонымен бірге, халықтың өз тұрмыс – тіршілігінің жақсарғандығына деген сенімділік барған сайын тұтас ел дамуымен байланыстырылуда.Әлеуметтік – саяси салада біздің еліміздегі либералдық институттар тиісті деңгейде орныға қоймағандықтан, аталмыш саладағы идеологияның қалыптасуына енді ғана жақындап келе жатырмыз. Соңғы жылдардағы еліміздегі саяси процестердің күрделене түсуі, ең алдымен, еліміздегі саяси алаңда жаңа саяси субъектілердің пайда болуымен байланысты, бұл өз кезегінде демократия бағытында қазақстан қоғамын саяси модернизациялауға түрткі болды. Қазақстан халқының басым бөлігінің ашық демократиялық қоғам құру қажеттілігін саналы түрде мойындауы қазақстандық ұлттық идеяны қалыптастырудың діңгегі бола алады.

Әбішева Мариан,ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялықзерттеулер институты директорының орынбасары,саяси ғылымдарының кандидаты

Оқылымнан кейінгі тапсырма

  • ТТ: Мәтінді оқып, түсініңіз.

Мәтіннің стиль түрін анықтаңыз

Тілдік ерекшелігін жазыңыз

Дәлелдеңіз

  • Топтар бір-бірін бағалайды.

Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді;

Ғылыми стильдің ерекшелігін біледі;

Кестені толтырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу