Жаһандану мәселелері. Стилистика. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал.


Тапсырма

  • Публицистикалық стильдің тілдік ерекшелігін оқыңыз.
  • Топта талқылаңыз.

Т. 2-тапсырма.

  • Төмендегі мәтінді оқып стильдік ерекшелігіне талдау жасаңыздар.
  • Мәтіннің тіліне талдау жасаңыздар.

Қоғамда қазақ тілінің беделін арттыру үшін, ең алдымен, қандай жұмыстар атқарылуы тиіс деп ойлайсыз?

– Бұл арада ең алдымен, қазақ тілін қоғамдағы сәнді, бүгінгі лексикамен айтсақ престижді тілге айналдырудың қамын ойлағанымыз мейлінше абзалырақ. Әсіресе, ол жастардың қалауына айналса, шын мәніндегі басты тіл болмақ. Ол үшін тартымды кинофильмдер, телехабарлар түсірілсе, сонымен бірге интернет кеңістігінде лайықты орын алса. Яғни қазақтілді оқушы, студент өзі қалаған материалдың қазақ тілдегі нұсқасын интернеттен таба алса, ондағы осы материал сапалы болса, бүгінгі адамдарды қызықтыратын ақпараттар мемлекеттік тілімізде болса, сонда тілге деген қажеттілік пен сұраныс күшейеді. Біз бүгін тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуде консервативті әдістерге бейім сияқтымыз, дәуірдің шабысынан қалмағанымыз абзал. Әр кезеңнің тарихи міндеттері болатыны сияқты тілдік міндеттері де болады. Мұндай тілдік міндет мамандарға, сол саладағы мекемелерге жүктелгенімен қоса, сол ұлттың барлық азаматтарына да жүктеледі. Тіліміз ғасырлар бойы халқымызды сақтады, ұйыстырды. Дүниедегі «қазақ» деген ұлт бар екенін айғақтайтын ділімізді жасады. Ғасырлар бойы халқымызды сақтаған тілімізді мына заманда халықтың өзі сақтайтын күйге жеттік. Халық пен тіл біртұтас болғандықтан, халықты сақтағанымыз – тілді сақтағанымыз, ал тілді сақтағанымыз – халықты сақтағанымыз болып шықпақ. 

3-тапсырма.

Талдауларын өзге топтағы оқушыларға түсіндіреді.

Топтар бір-бірлерін ауызша комментарий арқылы бағалайды.

4-тапсырма.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»- деген тақырыпта мәтін құрастырыңыз.

Дескриптор бойынша өзін-өзі бағалау

Оқушыларға дескриптор парақшасы таратылады. Оқушылармен бірігіп жасаған критериий бойынша бағалайды.

(Мұғалім бағалау парақшасын сынып ерекшелігіне қарай өзгертеді).

Дескриптор

Публицистикалық стильдің ерекшелігін біледі

Мәтінге стильдік талдау жасайды

Тілдік талдау жасайды

Мәтін құрастырады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу