Ғасырлық туынды. М.Әуезов «Абай жолы». Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 11 сабақ.


Сабақ жоспары №11

Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Уақыты: 2020 ж.

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

11.3.2.көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру.

Сабақтың мақсаттары

  • Шығарманың жаңашылдығын әлемдік шығармалармен байланыстыра отырып ашу, сыни тұрғыдан баға беру.

Бағалау критерийі

  • Шығарманың жаңашылдығын әлемдік шығармалармен байланыстыра отырып ашады, сыни тұрғыдан баға береді.

Дескриптор

  • Шығармадағы кейіпкер бейнесін анықтайды;
  • Шығарманың әлемдік шығармалармен үндестігін талдайды;
  • Шығарманың жаңашылдығына сыни баға бере алады.

Құндылықтарды дарыту

Көркем шығармадағы ұлттық құндылықты дәріптеуге баулу.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: әлемдік тақырып, жаңашылдық, тарихи құндылық, көркемдік құндылық, үндестік.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:менің ойымша, менің пайымдауымша, біздің байқағанымыз, сайып келгенде, біздің аңғарғанымыз, біздің көзқарасымыз, ең бастысы.

Пәнаралық байланыстар

тарих

АКТ қолдану дағдылары

youtube 09.09.16 "Абай жолы" туралы 15 дерек»

https://www.youtube.com/watch?v=k4RpWIYVxBo

https://kznews.kz/kznews/qazaqtyn-uly-aqyny-abaj-qunanbajuly-turaly-qyzyqty-derekter/ «Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы қызықты деректер», « Құнанбай мен Абай» https://abai.kz/post/39542

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы сабақта көркем шығарма бойынша креативті ой қосып , өз көзқарастарын білдіріп, шығармашылық дағдыларын жетілдірді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

Миға шабуыл

Оқушылар «Абай жолы туралы 15 дерек» бейнебаянын көріп, «Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы қызықты деректер» мәтінін оқиды. Алған деректері бойынша сұрақтарға жауап береді:

  • Жазушы эпопеяның түпнұсқасын қалай жазып шыққан?
  • Жазушы Абай бейнесін суреттегенде қандай орыс классиктерінің шығармаларын ескерген?
  • Эпопеяда қандай кейіпкерлер ойдан шығарылған?
  • Француз жазушысы Луи Арагон «Абай жолына» қандай баға берген?
  • Қандай классик жазушы «Абай жолын» қасынан тастамай алып жүрген?
  • Эпопеядағы негізгі кейіпкер кім?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасқаннан кейін торкөздерге жазылған сандарды таңдап алу арқылы топқа бөлінеді. Таңдап алған сандары бойынша топтасады.Сынып оқушыларымен оқу мақсаты мен бағалау критерийлері талқыланады.

Абай жолы" туралы 15 дерек»

https://www.youtube.com/watch?v=k4RpWIYVxBo

https://kznews.kz/kznews/qazaqtyn-uly-aqyny-abaj-qunanbajuly-turaly-qyzyqty-derekter/ «Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы қызықты деректер»

Сабақтың ортасы

Сынып оқушылары интерактивті тақтадан өздері таңдаған төркөздерді ашып, тапсырмаларын алады.

«Пайдалы торкөздер»

10-торкөз: «Қайтқанда»

1-тапсырма: Құнанбай бейнесін ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы?(1-кітап бойынша)

Негізгі бөлім

Оқиға

Абайдың әрекеті

«Абай жолы» мен И.Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романының үндестігі неде?

2-тапсырма:

«Тіпті жазықты болсам, мен жазықты шығармын.Бесіктен шығарып, адам ұлы деп, соның бауырына берген балам жазықты ма? Қатын-қалаш, ауыл-аймағына тым құрыса соны ұғындыра алмаса, Бөжейдің аяқтағы суға ағып өлгені ғой?» Кімнің сөзі, қай бөлімде, неге байланысты айтылған? Кейіпкер сезімін сипаттаңыз.

20-торкөз: «Қат-қабатта»: Бұл бөлімде Абай кімнің өнеріне қатты сүйсінеді?

1-тапсырма:

Негізгі бөлім

Оқиға

Абайдың әрекеті

2-тапсырма: «Адамшылық, рақым қайда? Өзге емес, ақылсыз, надан қатыны емес, Бөжей өзі есті ме екен?Көз алдында соншалық жазықсыз нәрестені ұзақ өлімге бұйырып,сол үшін биттей де шімірікпеу не деген қаттылық. Ендеше жауығып, қарсыласып жүрген Құнанбайдан қай қасиетімен артты?» Кімнің сөзі, қай бөлімде, неге байланысты айтылған? Кейіпкерге сипаттама беріңіз.

3-тапсырма:

“Тоқтат! Өлтіртпеймін! Аузыңда алла, шеңгеліңде қан. Тағы да қан!Бұларды шариғат та қосады.Бір кезек, сол шариғат жолы деп бір нахақ қан төгіп ең... болсын солай! Менен! Неге, өлмейсің, тынышыңмен, сен! Заман сенікі емес, менікі. Нең бар?...» - Кімнің сөзі ?Үзіндіні өз болжамыңызбен жалғастырып, шығарма жаңашылдығына баға беріңіз.

30-торкөз : Шығармашылық топ:

Тапсырма: «Кейіпкер (Құнанбай, Абай) бейнесін жасаудағы жазушы шеберлігі» тақырыбына зерттеу жұмысын жүргізіп, сыни баға беру.

І. Қадамдық жұмыс:

Топта тапсырмаларды оқып шығады;

Тапсырмаларды талқылай отырып, тақырыпқа сай шығарма бөліктеріне сатылай кешенді талдау жасайды, үзіндідегі ойды өз көзқарасымен тұжырымдайды .

Шығармашылық топ зерттеу жұмысын жүргізеді.

ІІ .

жұмыстарын ортада қорғайды;

тақырып жан-жақты талданады,берілген шығарма бөліктерінің мағынасын ашады, кейіпкер әрекетіне сай болжам жауаптарын жазады.

Шығармашылық топ : «Кейіпкер (Құнанбай, Абай) бейнесін сипаттаудағы жазушының суреткерлік шеберлігі » - ғылыми материалдар негізінде зерттеу жұмысын жүргізіп, жұмыстарын қорғайды.

« Құнанбай мен Абай» https://abai.kz/post/39542

Әдебиет әлемі и.Тургенев «Әкелер мен балалар» романы

https://kazakh-tv.kz/o/kz/telejobalar/item/8269-i-turgenevti-keler-men-balalar-romany

Сабақтың соңы

Бағалау «Жауабыңды маған көрсет»

«Шарлау» тәсілі арқылы бір топ екінші топтың жұмысын оқып, топтық бағалау жүзеге асады.

Кері байланыс

Оқушылар « Менің миымның суреті» тәсілі арқылы өз миларының екі түрлі суретін салады. Біріншісі сабақтың басындағы миының суреті, екіншісі сабақтың соңындағы миының суреті. Суреттің астына бүгінгі сабақ бойынша меңгерген дағдылары мен білімдері туралы екі сөйлем жазып, тақтаға апарып іледі.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Оқушылардың басым бөлігі шығарма эпизодтары мен детальдары арқылы талдау,жинақтау жұмыстарын жүргізеді. Қабілеті жоғары оқушылар: Шығармашылық топқа бірігіп, «Кейіпкер (Құнанбай, Абай) бейнесін сипаттаудағы жазушының суреткерлік шеберлігі» тақырыбында зерттеу жүргізіп, шағын жоба жазады.(ғылыми материалдар негізінде : «Құнанбай мен Абай» https://abai.kz/post/39542)

Бағалау

Топтық бағалау жүзеге асады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу