Секіру фазаларын қолдану. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 98 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №98

Сабақ тақырыбы: Секіру фазаларын қолдану.

Оқу мақсаты: 8.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру;

Секіру фазалары төмендегі қадамдардан тұрады.

Бағалау критериі

- секіру фазаларын іс жүзінде орындай алады;

-секіру жаттығулары ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіре алады;

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шеше алады.

-белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) « Бір минут » стратегиясы.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Оқушыларды екі топқа бөліп «Жаяу көкпар» ойынын ұсыну.

«Алаңның» бір жағына мәре сызылады (немесе белгіленеді). Аралықта (аумаққа байланысты) оған параллель сызық сызылып, оған «көкпар» тасталады. 20-30 м. мәре сызығы тұрады. Ойыншылар екі командаға бөлініп, біреуден кейін мәре сызығының бойына тұрады. Мұғалімнің сигналы бойынша барлығы алға «көкпарға» жүгіреді. «көкпарды» иеленген ойыншы одан әрі жүгіреді. Оны қуып жеткен ойыншы «көкпарды «тартып алып, алға жүгіреді. Әрбір қуып жетіп алда көкпармен жүгіріп келе жатқын ойыншы мәре сызығына жетеді. «Көпарды» бірінші болып алған ойыншы оның өзінің серіктесіне бере алады. Киімді ұстауға, итеруге және «көкпарды» алғанда дөрекі тәсілдер қолдануға болмайды. Егер қарсыласы ойыншыны қуып жетіп, оған қолын тигізсе, «көкпар» оған беріледі. Командадағы серіктестің «көкпарды» алға қарай лақтыруына болады. «Көкпарды» оған бірінші болып қолын тигізген ойыншы алады.

Ұзындыққа екпіндеп секіру төрт сатыға бөлінеді:

Екпін. Екпін керекті жылдамдықты жинап алу үшін қажет. Екпін алғаннан кейін секіруші жүгіріп жылдамдық алады. Мұндағы жүгіру адымдық жүгіру деп аталады. Секіруші өзінің әр жүгіру адымын, қозғалысын қадағалау керек және жүіріп келе жатып оң, солға қозғалмай түзу жүгіру керек, адымы өте кең болу керек.

Итерілу. Итерілуге жақындағанда секіруші соңғы 3-4 адымдық жылдамдығын көбейту керек. Белгіленген сызыққа келгенде секіруші сызықтан аспай бар екпінмен жерге түсу үшін ұшады.

Ұшу. Секіруші белгіленген сызықтан екпін алып секіргеннен кейін ұшу кезеңі басталады. Ұшу кезінде секіруші өзін бір қалыпта ұстап, мүмкіндігінше алысқа жерге түсудің тәсілдерін орындайды.

Ұшу кезеңінде тәсілдерді үш түрге бөліп қарауға болады:

  • ұшу кезінде бір аяқты бүгу

2) ұшу кезінде екі аяқты бүгу

3) ұшу кезінде екі аяқты қайшыландыру, яғни ұшып бара жатқанда екі аяқты ауада кезек-кезек сермеу

Ұшу кезіндегі тәсілдер - секірушінің қаншалықты ұзындыққа секіретінін көрсететін шешуші тәсілдер.

Жерге түсу. Бұл секірудегі соңғы тәсіл, секірушінің қанша ұзындыққа секіргенін көрсетеді. Жерге түсу кезінде екі аяқтың тізесін жазады, иықты, кеудені алдыға қарай бүгіп, екі қолды төмен немесе алға жібереді.

Дескриптор

- қауіпсізідк ережесін сақтайды;

– ұшу кезінде бір аяқты бүге алады;

-ұшу кезінде екі аяқты бүгеді;

- ұшу кезінде екі аяқты қайшыландыру, яғни ұшып бара жатқанда екі аяқты ауада кезек-кезек сермей алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу