Секіру фазаларын қолдану. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 99 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №99
Сабақтың тақырыбы: Секіру фазаларын қолдану.
Оқу мақсаты: 8.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру;
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Күтілетін нәтижелер:
- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шеше алады.
- секіру жаттығулары белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.
II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.
(Ж) « Ақылды доп » стратегиясы.
Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.
Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.
ЖДЖ қозғалыста және бір орында.
«Қала ішіндегі қала» ойыны.
Оқушыларды екі топқа бөлу «Қала ішіндегі қала» ойынын ойнау. Допты «қабылдау-пас-соққы» тізбегі команданы шабуылдаушы соққысын көрсету. Үш өлшемді кеңістік өзгерістерін қолдану не динамиканы сәйкестендіру шығармашылық тәсілдегі алуан түрлілікті жеңілдетеді. Әр топ өздерінің топ басшысын тағайындайды. Ойын үлкен немесе кіші аланда ойнатылады. Аланның төрт бұрышына төрт шеңбер қойылады жүгірген ойыншылар шеңберге кіру керек. Ойында бірінші топ аланның ішінде болса екінші топ аланның сыртында берілген допты ұрады да белгіленген шеңберге қарай жүгіреді, аланның ішіндегі топ ойынға қосылған допты алып бір-біріне беру арқылы екінші топтың жүгірген ойыншысына тигізу керек. Егер жүгірген ойыншы шеңберге кірсе доппен ұра алмайды. Ойыншы шеңберден шықса ғана ұрады. Осылайша топтар кезек-кезек ауысып отырады.
Бұл тапсырманы орындаудағы жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің көрсеткіштері:
ұлдар – 2,60м. («3») 3,00м. («4»)
3,20м. («5»)қыздар – 2,20м. («3») 2,60м. («4») 2,80м. («5»)
1-топ ұзындыққа секіру тәсілдерін үйреніп жатқанда, 2-топ секіртпе жіппен секіреді.
Эстафета. «Кім алысқа секіреді?»
Шарты:2 топ оқушылары кезекпе-кезек бір орында тұрып, ұзындыққа секіреді. Әроқушының секірген ұзындықтарын бормен белгілеп, соңғы оқушы секіргеннен кейін әр топтағы барлық оқушының ұзындыққа секірген өлшемдері қосылады. Қай топтың ұзындыққа секірген өлшемі көп, сол топ жеңіске жетеді.
Дескриптор
- қауіпсізідк ережесін сақтайды;
– секіру тапсырмаларын құрастырады;
– секіру кезінде қолдың серпілу қимылын дұрыс орындайды;
-секіру қимылдарын орындай алады;
Бір орыннан ұзындыққа секірудің тағы бір түрін қарастырайық — үш есе. Айта кетерлігі, ұзындыққа секірудің бұл түрі екпеден орындалуы мүмкін және ол барлық жеңіл атлетикалық жарыстардың бағдарламасына кіреді. Жерден ұзындыққа үш рет секіру техникасын келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1.Алғашқы екі аяқты серпу.
2.Бірінші қадам кезінде ұшу.
3.Екінші серпілу.
4.Екінші қадам кезінде ұшу.
5.Үшінші серпілу.
6.Ұшу.
7.Аяққа қону.
Үш рет секіруді орындау кезінде аяқтардың кезектесуі кезекпен — екі аяқты — сол аяқты — оң аяқты — сол аяқты — екі аяқты жерге қону қажет. Екі аяқты бірінші рет итерген кезде, сіз бір орыннан ұзындыққа секіруді орындау техникасымен қарастырылған әрекеттерді орындау қажет. Содан кейін тізе буынына бүгіп, бір аяқты алға лақтыру керек. Сирақтың төменге және сәл алға бағытталуын қадағалаңыз.
Осы сәтте тізе буынына сәл бүгілген екінші аяғы артынан кешіктірілуі тиіс (бірінші қадам кезінде ұшу кезеңі). Осыдан кейін атлет "қыпшақ" қозғалысымен алдыңғы аяққа қонады, ал артқы өткір түкті қозғалысымен Алға шығарылады, содан кейін екінші итермелейтін қозғалыс орындалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру