Шыны блоктар арқылы өткен жарықты зерттеу. Жарықтыӊ сыну заӊы. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы

Оқу мақсаты: 8.5.1.6 – жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу;

Теориялық материал

1.Жарықтың сынуы жайында мәлімет беру. http://bilimland.kz/

Жарықтың шағылу және сыну заңдарын алғаш рет Христиан Гюйгенс ұсынған.Оның принципі бойынша екі ортаның шекара бетінен шағылған сәуленің бағынатын заңын қорытып шығарған. Ауа және су шекарасында жарықтың сыну құбылысын демонстрациялау.

Жарықтың сыну құбылысының анықтамасы,

Біртекті ортада жарықтың тузу сызықты таралатыны белгілі. Бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың таралу бағытының өзгеруі жарықтың сынуы деп аталады. Жарықтың сынуын сипаттайтын шамалар: түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөліп тұрған шекарада түсу нуктесінде жургізілген перпендикуляр. Жарықтың сынуы кезіндегі жарық сәулелерінің қайтымдылығы .

2. Жарықтың сыну заңы 

1 заңы 

Жарықтың сыну заңының тұжырымдамасы: түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.  

2 заңы 

Түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады n-ортаның сыну көрсеткіші. 

Жарықтың сынуының екінші заңын көбінесе Снеллиус заңы деп атайды. Оны XVII ғасырда 1621ж. Снеллиус тұжырымдады. Ал 1630ж. Декарт оған теориялық жағынан негіздеме жасады. Сыну көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек шекаралык ортаның оптикалык қасиеттерімен аиықталады.Тәжірибелік жолмен әр түрлі орта шекараларындағы сыну көрсеткіштері анықталып және кестеге түсірілген. Заттың ауамен салыстырғандағы сыну көрсеткіші "абсолют сыну көрсеткіші" деп аталатын заттың вакууммен салыстырғандагы сыну көрсеткішіне дәлме-дәл сәйкес келеді. Жарық бір ортадан екшші ортаға өткенде , сәулелердің сыну себебі әр түрлі ортадағы жарықтың таралу жылдамдығы да әр түрлі болады.  с-жарықтың ауадағы (вакуумдегі) жылдамдығы, ал 9- жарықтың ортадағы жылдамдығы. Абсолют сыну көрсеткіші көп ортаны оптикалық тығыздығы үлкен, ал абсолют сыну көрссткіші аз сртаны оптикалык тығыздығы аз орта деп атайды. 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу