Экологиялық пирамидалар. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Экологиялық пирамидалар.
ХХ ғ. 20 жылдары Чарльз Элтон алғашқы болып экологиялық пирамидаларды схемалар түрінде ұсынған болатын. Элтон олардың құрамына продуценттер қсоқан жоқ, бірақ жыртқыштар өзінің құрбанынан ірі болатынына көзін жеткізді. Кейін Р.Линдеман Элтонның трофикалық деңгейлер бойынша идеяны қолдап, оларды нақты организмдерге бөлген болатын.
Экожүйнің биотикалық компонентінде қоректік қарым-қатынастары мен энергияның эффективті тасымалдануы дәстүрлі түрде баспалпақты пирамидалар түрінде бейнелейді. Осы пирамидалар мынадай көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік береді:
1.әртүрлі экожүйелерді;
2.бір экожүйенің мауысымдық қалпы;
3.экожүйенің әртүрлі фазаларының өзгерісі.
Пирамидалардың 3 типі белігі:
1.Сандар пирамидасы – әрбір трофикалық деңгейдегі орналасқан организмдерді санауға бағытталған.
2.Биомасса пирамидасы – әрбір трофикалық деңгейде орналасқан организмдердің жиынтық массасын (құрғақ массасын) есептеуге бағытталған.
3.Энергия пирамидасы – әрбір трофикалық деңгейде орналасқан организмдердің энергосыйымдылығын есепуге бағытталған.
Сандар пирамидалары:
Сандар пирамидасын құрастыру үшін белгі тіршілік ортасында әртүрлі түрге жататын дарақтардың санап алу қажет, содан кейін осы түрлерді трофикалық деңгейлер бойынша орналастыру қажет. Нәтижесінде төменгі деңгейден жоғары деңгейге өткенде организмдер санының азаюы байқалады. Дарақтардың санының әртүрлі деңгейде орналасуын бір-бірінің үстінде жатқан тіктөртбұрыштар түрінде бейнеленеді, әр бір тіктөртбұрыштың ұзындығы мекен ететін ортасының ауаданында қанша тірі организмдер мекендейтініне пропорциональды болып келеді.
- сандар пирамидасы, ол коректік тІзбек бойынша жеке ағзалардын санын көрсетеді, жэне де продуценттерден әралуан ретті консументтерге қарай жүргенде дарактар саны едәуір кемиді;
Сандық пирамида трофикалық (қоректік) деңгей бойынша организмдердің санын көрсетеді. Особьтардың саны продуценттерден консументтердің әр деңгейіне өткен сайын азая береді. Мысалы, 1 га шалғындықта I деңгейде 9 млн-ға жақын өсімдіктер өседі; II деңгейде - 700 мың өсімдіктермен қоректенетін насекомдар; III деңгейде - 350 мың жыр-тқыш насекомдар мен өрмекшілер; IVдеңгейде:Консументтер III, Консументтер II, Консументтер I, Продуценттер.
Биомасса пирамидалары:
Сандар пирамидасын құрастырғанда пайда болатын келеңсіздіктерді биомасса пирамидаларын құрастыру кезінде алдын алуға болады. Бұл пирамидаларда әрбір троикалық деңгейдегі организмдердің жиынтық массасы есептеледі. Нақты әрбір трофикалық деңгейде мекендейтін организмдердің құрғақ массаларын өлшеу қажет. Пирамиданың тіктөртбұрыштары аудан бірлігіне организмдердің массасына сәйкес келеді.
- биомасса пирамидасы — осы экожүйедегі әртүрлі агзалардың қоректік тізбек бойынша ара-қатынасын көрсетеді, бүл жерде продуценттер параметрлері эралуан ретті консументгерден жогары (осыдан барып пирамида түрі шығып тұр).
Биомасса пирамидасы-(г/м2 )әрбір қоректік деңгейдегі тірі заттардың жалпы құрғақ салмағын сипаттайды.
Биомасса пирамидасы трофикалық деңгейлері бойынша экожүйедегі барлық организмдердің биомассасының ара салмағын көрсетеді. Жер беті экожүйелерінде I деңгейдегі консументтерге қарағанда продуценттер салмағы көп, ал II деңгейдегі консументтерге қарағанда I деңгейдегі консументтердің салмағы артық және т.с.с. Су экожүйелерінде пирамида төңкерілген түрде болады. Өйткені трофикалық деңгейлердің өсуімен қорлардың биомассасы да артады.
Энергия пирамидасы:
Әртүрлі трофикалық деңгейдегі организмдер арасындағы нақты қарым – қатынастарды көрсетеді.
- Өнімділікті есепке алады, биомассаның түзілу жылдамдығы. Әрбір энергия пирамидасының тіктөртбұрышы энергияның санына сәйкес келеді.
3) энергиялар пирамидасы — трофтық тізбек арқылы қорек массасының жылдамдығын бейнелейді. Пирамиданың барлық үш түрі де экожүиелердің энергетикалық қатынастарьга білдіреді.
Энергия пирамидасы- (Дж/м2 жыл)-қоректік деңгейдегі энергия ағынының немесе "өнімділігінің" шамасын көрсетеді.
Энергия пирамидасы- экожүйенің әрбір трофикалық деңгейіндегі немесе осы деңгейлер арқылы ететін энергия мелшерін көрсететін биомасса пирамидасының бір түрі. Алайда энергия пирамидасы ешқашан "төңкерілген" пирамида күйінде болмайды. Өйткені, келесі трофикалық деңгей езі арқылы алдыңғы деңгейдің сіңірген энергиясының тек бір бөлігін ғана еткізуі мүмкін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру