Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4D Биотехнология | Мектеп: ФМБ НЗМ, Шымкент қаласы | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Байменова С.Ж. | |||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктері | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.4.3.1 биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау | |||||
Сабақ мақсаттары | биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атап, талқылау | |||||
Бағалау критерийлері | биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ажыратады, қолданылуын ұсынады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты лексика мен терминология генетикалық модификация, қатер факторы, ГМА, трансгенді ағзалар,плазмида, вектор. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы оқу. Ашықтық. Ынтымақтастық. | |||||
Пәнаралық байланыс | Микробиология, химия. | |||||
Бастапқы білім | Микробиология және биотехнология 6, 7, 9 сыныптар | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
2 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, жағымды көңіл-күй қалыптастыру. | |||||
7 минут | ІІ. Жаңа сабақты меңгеру. Бейнебаян қарау. Оқушылар бейнебаян қарау барысында сұрақтар түзеді. Екі оқушы негізгі бір сұрақ түзсе жеткілікті. Осы сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Мұғалімнің кері байланысы. Сабақ тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру. | |||||
8 минут | Жұптық жұмыс. Оқушылар өнеркәсіптік биотехнология әдістері бойынша алынған өнімдерді анықтайды. Дифференциация: Жұмыс жасауда оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дәрежесі бойынша. Зерттеулерін таныстыру. Бағалау критерийі: өнеркәсіптік биотехнология арқылы алынған өнімдерді атау. Бағалау: Оқушылардың бірін- бірі бағалауы. Тамақ өнімдерінің зат белгілері тарқатылады: йогурт, айран, йогурт, сүт, ірімшік, шырын, шоколад, торт, алма сірке қышқылы, кофе, шай және т.б. Ұсынылған азық-түлік өнімдерін өндіруде қандай тірі ағзалардың қолданғанын талқылау. ҚБ: мұғалім комментарийі. | |||||
10 минут 10 минут | Топтық жұмыс. Тірі ағзаларды биотехнологияда қолдану туралы ақпараттық материалдар әзірлеу қажет. Оқушылар топтарда жұмыс істейді және алынған ақпаратты талқылайды. Егерде мүмкіндік болса ақпарат көздеріне сілтеме беріп, өз беттерімен оқуға қосымша ақпарат беруге болады. Топтар кластер құрастырады. 1 топ- дәрі-дәрмектер (инсулин, антибиотиктер, вакцина, дәрілер дайындауда); 2 топ- кір жуғыш ұнтақтар, жемісті шырындарға қосатын пектиназа өндіруде; 3 топ- химиялық заттар (этиловый спирт, ацетон); 4 топ- жанармай (биогаз); 5 топ- тағамдық азықтар мен шырындар; 6 топ- ауыл шаруашылығында азықтарды дайындауда. Зерттеулерін таныстыру, кластерді қорғау. Бағалау критерийі: ұйымшылдық, креативтілік, биотехнологияда қолданылатын материалдар т.б. Бағалау: Оқушылардың өзара бағалауы. | Топтық жұмысқа арналған нақты ақпарат көзі: 68 бетте ұсынылған. Д. Тейлор, Н.Грин, У. Стаут. Биология, т.2 | ||||
3 минут | Кері байланыс. - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? | |||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Жұмыс жасауда оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дәрежесі бойынша. | Бірі- бірі бағалау, мұғалімнің кері байланысы, өзара бағалау. | Биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері. Сергіту сәттері мен партада дұрыс отыру ережелері. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Жалпы баға: Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтар да неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру