Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.4.3.1D Биотехнология

Мектеп: ФМБ НЗМ, Тараз қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.4.3.1 биотехнологияда қолданылатын тірі организмдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

        • өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста микроорганизмдерді пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау;
        • биотехнологияда қолданылатын тірі организмдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау.

Бағалау критерийлері

1.Оқушылар ГМО-ның өнеркәсіпте, медицинада, ауыл шаруашылығында қолданылуын сипаттайды.

2. Аэробтық сарқынды суды тазарту мысалында қолданыстағы технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырады.

3. Ғылыми терминдерді қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

ГМО қолданудың оң және теріс аспектілерін түсіндіру;

ГМО-ның қолданылуының этикалық жағы туралы әңгімелесу үшін ауызша және жазбаша сөздерді пайдалану

Пәнге қатысты лексика мен терминология

генетикалық модификация, қатер факторы, ГМО, трансгенді ағзалар,плазмида, вектор.

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

ГМО технологиясы кезеңдері бар. . .

ГМО қолданудың оң аспектілері. . .

ГМО-ны қолдану тәуекелге байланысты ...

Құндылықтарды дарыту

Өндірісте, тұрмыста, медицинада және ауыл шаруашылығында микроорганизмдерді пайдаланудың артықшылықтары және кемшіліктері туралы мәселені топта зерттеу арқылы құрметтеу және жауапкершілік. Микроорганизмдерді пайдалану туралы түсініктерді дамыту арқылы өмір бойы оқыту.

Пәнаралық байланыс

Химия: катализаторлар туралы түсінік, өнеркәсіптік өндіріс сұлбалар (схемасы).

Химия және география : минералдық ресурстар өндіру

Бастапқы білім

Химия пәнінен оқушылар көптеген химиялық заттардың өнеркәсіптік өндірісі туралы біледі. Биология пәніненоқушылар микроорганизмдер, жасушалардың құрылысы, олардың белгілі бір заттарды синтездеу және жинақтау қабілеті туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

3-8

8-10

1. Білімді жаңарту үшін материалды қайталау. Оқушыларға нан, ірімшік және сыра қайнату үшін микроорганизмдерді пайдалану туралы суреттер көрсетіледі. Оқушылар өндіру барысында ГМО қолданылатын заманауи өнімдерді атайды.

2. Ой шақыру. Оқушыларға"Өрмекші-адам" фильмінен кадрлар көруге ұсынылады. Содан кейін " болашақта осы қиялды жүзеге асыру ықтималдығы қандай?" деген сұрақ қойылады. Мәселені талқылағаннан кейін жасанды өрмекті құру туралы хабарлама беріледі.

3. Мақсат. Оқушылармен талдау жүргізе отырып, сабақ тақырыбын, мақсатын,бағалау критерийлерін анықтайды.

Оқу таныстырылымы

Қосымша 1.1

https://www.youtube.com/

watch?v=T_HpP3SXdrM

как стать человеком пауком?

Оқу таныстырылымы

Мағынаны тану

10-17

17-22

22-28

28-35

35-38

4. Топтық жұмыс. Оқушыларға өндірісте тірі ағзаларды қолдану туралы ақпараттық парақтар ұсынылады:

- биоэтанол;

- антибиотиктер;

- тігу материалы;

- инсулин;

- интерферон;

- сүтқышқыл өнімдері.

Әрбір топ өз тақырыбы бойынша қысқаша таныстырылым ұсынады. Таныстырылымды басқа топтардың мүшелері бағалайды, мұғалімге сұрақтар қояды, негізгі ақпаратты дәптерде қысқаша белгілейді.

5. ГМО пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін ауыл шаруашылығы жануарлары мен вакциналары үшін жем өндіру мысалында талқылау.

6. Қорытынды бағалау. ГМО қолданылған өнімді атаңыз. ГМО-ны пайдаланудың нақты (бұрын анықталған) және ықтимал (болашақта мүмкін болатын) қауіптерін атаңыз.

Бағалау критерийлері

  • ГМО пайдалану арқылы алынған өнімнің

10-нан астам түрін атап шығады.

  • Ғылыми терминологияны дұрыс меңгерген.
  • ГМО артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ақпаратты сыни бағалайды

Қосымша 1.2

Ақпараттық парақтар

Қосымша 1.3

Сабақтың соңы

38-40

7. Рефлексия

Оқушылар алдағы жоспарлауға жоспар енгізу мақсатында мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

  • Бүгін мен білдім…
  • Қызықты болды…
  • Қиын болды…
  • Менің қолымнан келді…
  • Мені таң қалдырды…
  • Сабақ маған өмірге қажетті…

Стикер

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ақпаратты қабылдау түрлерінің әртүрлілігін ескере отырып, оқушыларға аудиальды және визуалды ақпарат беріледі.

Бұрын алған білімдерін қалыптастырушы бағалау және сыныпқа ақпарат беру қабілеті. Жақын даму аймағын анықтаумен ойшақыру кезеңінде диагностикалық бағалау. Мағына тану кезеңінде оқушылар сыни ойлау дағдысын бағалауға мүмкіндік беретін бағалау критерииі бойынша бағаланады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтар да неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу