Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4.3.1D Биотехнология | Мектеп: ФМБ НЗМ, Тараз қаласы | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктері | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.4.3.1 биотехнологияда қолданылатын тірі организмдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау. | |||||
Сабақтың мақсаты |
| |||||
Бағалау критерийлері | 1. Оқушылар өнеркәсіпте (ағын суларды тазарту үшін), медицинада (антибиотиктерді өндіру кезінде), ауыл шаруашылығында (өсімдіктерді зиянкестерден қорғау үшін) микроорганизмдерді пайдалану технологиясын сипаттайды. 2. Қазіргі кезде бар технологиялырдың артықшылықтары мен кемшіліктерін ағын сулардың аэробты өңдеуі мысалында қарастырады. 3. Ғылыми терминологияны қолданады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Биотехнологиямен және микробиологиямен байланысты негізгі терминдерге ауызша анықтама беру. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында микроорганизмдерді пайдалануды сипаттау. Микроағзалар мен олардың қызметінің өнімдерін медицинада, тұрмыста қолдану аясын атап өту. Пәнге қатысты лексика мен терминология Субстраттар, органикалық заттар молекулаларының түрленуі, ферментативті реакциялар, микробиологиялық трансформация, ағындарды аэробтық қайта өңдеу. Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы Өнеркәсіп кәсіпорындарынан экологиялық жүктемені төмендету үшін.................. Ірі мал шаруашылығы кешендерінде енгізілуде … Медицинада микроорганизмдер үшін пайдаланылады … | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өндірісте, тұрмыста, медицинада және ауыл шаруашылығында микроорганизмдерді пайдаланудың артықшылықтары және кемшіліктері туралы мәселені топта зерттеу арқылы құрметтеу және жауапкершілік. Микроорганизмдерді пайдалану туралы түсініктерді дамыту арқылы өмір бойы оқыту. | |||||
Пәнаралық байланыс | Химия: катализаторлар туралы түсінік, өнеркәсіптік өндіріс сұлбалары (схема). | |||||
Бастапқы білім | Химия пәнінен оқушылар көптеген химиялық заттардың өнеркәсіптік өндірісі туралы біледі. Биология пәнінен оқушылар микроорганизмдер, жасушалардың құрылысы, олардың белгілі бір заттарды синтездеу және жинақтау қабілеті туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-3 3-8 8-10 | 1. Білімді өзектендіру мақсатында ақпаратты қайталау. Оқушыларға нан, ірімшік, сыра пісіру үшін микроорганизмдерді пайдалану туралы суреттер көрсетіледі. Оқушылар нан мен ірімшік өндірісінің технологиялық кезеңдерін атайды, оларды заманауи өндіріспен салыстырады. 2. Ой шақыру. Оқушыларға жаңа тақырып бойынша терминдер жинағы ұсынылады, оларды талқылағаннан кейін олар осы терминдердің байланысын түсіндіруге тиіс. Ұсынылған терминдер:
3. Мақсатты орнату. Оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтайды: • микроорганизмдерді өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада және үй шаруашылығында қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау; • Биотехнологияда микроорганизмдерді пайдаланудың пайдасы / зияндылығының қатынасын бағалау. | Қосымша 1.1 Оқу таныстырылымы | ||||
Мағынаны тану 10-17 17-20 20-22 22-28 28-35 35-38 | 4. Визуалды ақпаратты талдау. Оқушыларға технологиялық үдерістің сатыларын ашып көрсете отырып, ағындарды аэробтық өңдеу схемасын зерттеу ұсынылады. 5. Топтық жұмыс. Ойын "Пресс-конференция". Жағдайат-кәсіпкер қалдық суларды өңдеудің заманауи кешені бар, өндіріс фермасын салуды жоспарлады. "Ауыл тұрғындары", "экологтардың" алдында жобаны қорғау. 6. Ақпараттық парақтарды қолдану арқылы шығармашылық жұмыс. Оқушыларға жеке жұмыс ұсынылады – таңдау бойынша "антибиотиктер: досымыз немесе дұшпанымыз" немесе "Вакцинация: жақтайтындар және даттайтындар"тақырыбына эссе жазу. Уақыт өткеннен кейін эсселерді тыңдау, талқылау, тұжырымдарды түзету, тұжырымдау. 9. Қорытынды бағалау. “Микроағзалар-адамның көмекшілері” кестесін толтыру Бағалау критерийлері
| Қосымша 1.2 Қосымша 1.3 | ||||
Сабақтың соңы 38-40 | 7. Рефлексия Оқушылар алдағы жоспарлауға жоспар енгізу мақсатында мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
| Стикер | ||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Ақпаратты қабылдау түрлерінің әртүрлілігін ескере отырып, оқушыларға аудиальды және визуалды ақпарат беріледі. Жоғары мотивациясы бар оқушылар үшін кестенің бірінші бағаны толтырылмаған, төмен мотивациясы бар оқушылар үшін – кестенің бірінші бағаны толтырылған. | Жақын даму аймағын анықтаумен ой шақыру кезеңінде диагностикалық бағалау. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар ақпаратты жинау және саралау дағдысын бағалауға мүмкіндік беретін критерий бойынша бағаланады. | Оқушылардың сынып ішінде қозғалуы кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру