5 әріпті періштем

5 әріпті періштем

Сол 5 әріпті жан менің алақандай жүрегімнің төрінен орын алған еді ғой!? Күнде түсімді ұрлаған, ақыл-есімнен адастырған сол жарқын жүзді көруге асығатынмын!
Әлем, мынау қоршаған, орта тіпті жұмыр басты пенделердің өзі маған онсыз мәнсіз болатындай көрінді!!! Ең асыл,ең құнды нәрселерді сол 5 әріпті періштеге ғана балаушы едім. Оны ойлаған сәтте жүрек құрғыр жарылардай күйге еніп,қиялыма қанат бітіп әсем ертегі әлемінде ұшушы едім ғой! Сол ұшы-қилары бітпес бақыттың дәмін аз ғана татамын деп ойладым ба?
Асыл арманым!!!! Сен жат жерге кеткеннен соң өмірімнің астаң-кестеңі шығып,аласапыран күй кештім!!!
Нұр бейнеңді аңсап ескі үйдің есігіне сен келердей жалтақ жалтақ қараумен болдым. Өткінші жаңбырдай ғайып болғаның қалай??? Жұдырықтай жүрегіме жазылмас жара салғаның қалай? Бәрібір,мен сені ғана күтем,сені ғана сағынам...
Мүмкін алі-ақ кездесерміз... ҮМІТІМ ӨЗІҢ ҒАНА...

Камилла
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий