Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері»

Сабақтың мақсаты:

6.2.2.5

тура санды теңсіздіктердің қасиеттерін білу және қолдану;

6.2.2.6

теңсіздіктерді қосу, азайту, көбейту және бөлуді түсіну және қолдану;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • санды теңсіздіктер анықтамасын біледі;
  • тура санды теңсіздіктер анықтамасын біледі;
  • санды теңсіздіктердің қасиеттерін біледі;
  • тура санды теңсіздіктерге амалдар қолдана алады;

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға смайликтер таратып, көңіл-күйлерін анықтау.

Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ енді шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Cынып оқушылары бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Үй тапсырмасын қатар отырған оқушылар бір-бірінің дәптерін тексереді. Қателері болса айтып, тақта да немесе орындарынан орындайды. Өткен сабақтан қайталау сұрақтарын презентация бойынша беріледі.

С-1: Санды теңсіздік дегеніміз не? Мысал келтір

С-2: Санды теңсіздіктің 1-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.

С-3: Санды теңсіздіктің 2-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.

С-4: Санды теңсіздіктің 3-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.

С-5: Санды теңсіздіктің 4-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.

С-6: Санды сіз 5-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.

С-7: Санды теңсіздіктің 6-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.

С-6: Қатаң емес теңсіздіктің қатаң теңсіздіктен айырмашылығы неде? мысал келтір.

Оқушылар өткен сабақтың сұрақтарына жауап бере отырып, мысалдармен толықтай түсіндіреді. Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды ауызша немесе смайликтермен мадақтайды.

Сыныпта топтық жұмысын ұйымдастыру, ол не үшін керек:

Топтағы жұмыс ең алдымен топ мүшелерінің тілдесу, сөйлесу, пікірлесу қабілеттерін дамытудың негізгі өзегі, әлеуметтік қарым -қатынастың бастауы. Сынып оқушыларын бір ортаға жинап, оқушылар арасындағы қарым- қатынасты ізгілендірудің бірден -бір жолы – әңгімелесу мен өзара сөйлесуге, талқылауға жағдай туғызу болып табылады. Жоспарланған жұмыстың нәтижелі қорытындысында мақсатты түрде жүргізілген әңгімеге, көзделген дүниені талқылауға тікелей байланысты. Себебі, оқушылардың өзара әңгімелесуі, пікірлесуі, ой бөлісуі, ой қорытуы олардың өз ойларын қысылмай еркін жеткізуіне, сыныптастар арасындағы қарым –қатынастың артуына, топтық жұмыстың жандануына оң әсерін тигізеді.                   

Сыныпты 4 топқа қиындылары бойынша бөлу, қиындылардан сурет құрастыру. Әр топқа өткен сабақ бойынша тапсырмалар беріледі. Топтық жұмыста оқушылар бірлесе отырып жұмыс жасайды. Түсінбеген оқушылар болса, оларға да тапсырмалардың шығу жолдарын қабілеті жоғары оқушылар түсіндіреді, яғни өзара көмек ұйымдастырылады. Топта бос отыратын оқушы болмайды, барлығы бірдей жұмыс жасап жұмыстанады. Топтық жұмысты орындап болғаннан соң әр топ мүшелері тақатада тапсырмаларын орындап көрсетеді, ал қалған топтар орындарынан жазады және топтар бірін-бірі бағалайды. Тапсырмалары бірдей топтар жұмыс уақыты аяқталғаннан соң бір-бірінің жұмыстарын тексереді және бағалайды.

1 топ

А деңгей

№963. Квадраттың қабырғасы 4 см-ден артық, 5 см-ден кем. Квадраттың периметрін бағалаңдар. Ж: 4 5; 16 20.

В деңгейі

№970. Теңсіздіктердің қасиеттерін пайдаланып:

а) 3а – 5 2а – 1 теңсіздігінің екі жақ бөлігіне де 7 санын, 4а санын, -3 санын, -2а санын қосқанда шығатын тура теңсіздікті жазыңдар.

Ж: 3а + 2 2а + 6; 7а – 5 6а – 1; 3а – 8 2а – 4; а – 5 – 1.

С деңгейі

№985. 2,7 х 9 және 1,5 у 3 теңсіздіктерінен:

  • 2ху – ті; 2) 2ху + 1- ді; 3) + 4 – ті бағалаңдар.

Ж: 1) 8,1 2ху 54; 2) 9,1 2ху + 1 55; 3) 5,8 + 4 7.

2 топ

А деңгей

№964. Тік төртбұрыштың ұзындығы 4,5 см-ден артық, 6 см-ден кем. Оның ені 2 см-ден артық, 3,2 см-ден кем. Тік төртбұрыштың ауданын бағалаңдар. Ж: 9 ху 19,2.

В деңгейі

№970. Теңсіздіктердің қасиеттерін пайдаланып:

b) 3,2m – 2,4 5,6m – 1,6 теңсіздігінің екі жақ бөлігін де 5 санына, санына, - санына көбейткенде шығатын тура теңсіздікті жазыңдар.

Ж: 16m – 12 28m – 8; 1,6m – 1,2 2,8m – 0,8; -2,8m + 0,8 -1,6m + 1,2.

С деңгейі

№№985. 2,7 х 9 және 1,5 у 3 теңсіздіктерінен:

  • 3ху – ті; 2) 3ху + 1- ді; 3) + 2 – ні бағалаңдар.

Ж: 1) 12,15 3ху 81; 2) 13,15 3ху + 1 82; 3) 3,8 + 2 5.

3 топ

А деңгей

№963. Квадраттың қабырғасы 4 см-ден артық, 5 см-ден кем. Квадраттың қабырғасын бағалаңдар. Ж: 4 5; 16 20.

В деңгейі

№970. Теңсіздіктердің қасиеттерін пайдаланып:

а) 3а – 5 2а – 1 теңсіздігінің екі жақ бөлігіне де 7 санын, 4а санын, -3 санын, -2а санын қосқанда шығатын тура теңсіздікті жазыңдар.

Ж: 3а + 2 2а + 6; 7а – 5 6а – 1; 3а – 8 2а – 4; а – 5 – 1.

С деңгейі

№985. 2,7 х 9 және 1,5 у 3 теңсіздіктерінен:

  • 2ху – ті; 2) 2ху + 1- ді; 3) + 4 – ті бағалаңдар.

Ж: 1) 8,1 2ху 54; 2) 9,1 2ху + 1 55; 3) 5,8 + 4 7.

4 топ

А деңгей

№964. Тік төртбұрыштың ұзындығы 4,5 см-ден артық, 6 см-ден кем. Оның ені 2 см-ден артық, 3,2 см-ден кем. Тік төртбұрыштың ауданын бағалаңдар. Ж: 9 ху 19,2.

В деңгейі

№970. Теңсіздіктердің қасиеттерін пайдаланып:

b) 3,2m – 2,4 5,6m – 1,6 теңсіздігінің екі жақ бөлігін де 5 санына, санына, - санына көбейткенде шығатын тура теңсіздікті жазыңдар.

Ж: 16m – 12 28m – 8; 1,6m – 1,2 2,8m – 0,8; -2,8m + 0,8 -1,6m + 1,2.

С деңгейі

№985. 2,7 х 9 және 1,5 у 3 теңсіздіктерінен:

  • 3ху – ті; 2) 3ху + 1- ді; 3) + 2 – ні бағалаңдар.

Ж: 1) 12,15 3ху 81; 2) 13,15 3ху + 1 82; 3) 3,8 + 2 5.

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін әрі қарай топ арасында «Математикалық эстафета» жарысы ұйымдастырылады. 1 мен 3, 2 мен 4 топқа бірдей тапсырмалар беріліп, орындарынан тез орындауға талпынады, яғни оқушылардың есеп шығару шапшандығын байқау. Қай топ бірінші болса, сол топ жеңіске жетеді.

5x8 берілген. Бағалаңдар:

1 – 3 топ 2 – 4 топ

30< 6x < 48 20< 4x < 32

-80< -10x <-50 -56< -7x <-35

0< x – 5 <3 2< x – 3 <5

16< 3x + 1 < 25 13< 2x +3 <19

-8/3< -x/3 < -5/3 -2< -x/4 <-5/4

Оқушылармен сергіту сәтін жүргізу. «Көңілді күн» - ән әуенімен оқушылар әр түрлі қимылдар жасап жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8\

Сергіту сәтінен соң оқушыларға оқу мақсатын қалай меңгергені бақыланады. Мұғалім өзі тексеріп қорытындысын айтады.

«Математикалық диктант»

4 топтан бір-бірден оқушы шығып тақтада тұрып орындайды. Қалған оқушылар орындарында орындайды. 1-ші топ 3-ші топпен, ал 2-ші топ 4 топпен дәптерлерін алмастырып тексереді.

1 – 3 топ 2 – 4 топ

6 > 5 7 < 8 теңсіздігі берілген.

Тапсырма:

1. Теңсіздіктің екі бөлігіне де 4 – ті қосыңыз. Ж: 10 > 9; 11 < 12.

2. Теңсіздіктің екі бөлігіне де (-2) – ні қосыңыз. Ж: 4 > 3; 5 < 6.

3. Теңсіздіктің екі бөлігінен де 7 – ні азайтыңыз. Ж: -1 > -2; 4 < 5.

4. Теңсіздіктің екі бөлігінен де (-6) – ны азайтыңыз. Ж: 0 > -1; 1 < 2.

5. Теңсіздіктің екі бөлігіне де 3 – ті көбейтіңіз. Ж: 18 > 15; 21 < 24.

6. Теңсіздіктің екі бөлігіне де (-5) – ті көбейтіңіз. Ж: -30 < -25; -35 > -40.

7. Теңсіздіктің екі бөлігін де 2 – ге бөліңіз. Ж: 3 > 2,5; 3,5 < 4.

8. Теңсіздіктің екі бөлігін де (-2) – ге бөліңіз. Ж: -3 < -2,5; -3,5 > -4.

Жеке жұмысты орындап болғаннан соң, мұғалім өзі тексеріп қорытындысын айтады.

Үйге тапсырма беріліп, оны орындау жолдарына түсінік жұмыстары жүргізіледі.

Үйге тапсырма шығармашылық тапсырма беріледі, «Санды теңсіздікке» есеп құрастыру.

Оқушылар бүгінгі өткен сабақтары бойынша өз ой-пікірлерін айтады және өз қимылдарымен сабақтың қалай өткенін білдіреді.

Рефлесия: «Пантомима» .

Қолдарын жоғары көтерсе – сабақ жақсы өтті,

Басы төмен - қанағаттанған жоқ,

Беттерін қолымен жауып алса – ұнамады.

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу