Егіншілік қалай өзгереді? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқаулық.
3-сынып. Жаратылыстану. Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары.
Егіншілік қалай өзгереді?
Сабақта қаралатын оқу мақсаттар:
3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін олардың көңіл күйін топырақта өсетін өсімдіктер арқылы білуді ұсыну. Таңдау себебін түсіндіру.
«Кактус» - көңіл күйінің аздығы.
«Раушангүл» - көңіл күйінің жақсы болуы.
Ойыңмен бөліс. Жетекші сұрақтар арқылы оқушылардан тақырып бойынша бастапқы білімін қалыптастыру. Егін мен малшаруашылығының қайсысы ертерек пайда болғандығын талдау. Қарастыратын сұрақтар:
-Оқулықта берілген суреттерді салыстырып көр. Не байқадың?Егін егу дегенді қалай түсінесіңдер?
- Мал бағуды қалай түсінесіңдер?
- Егін егу мен мал бағу сөздері несімен ерекшеленеді?
- Егін шаруашылығында не істейді?Мал шаруашылығында ше?
- Қайсысы ерте пайда болды деп ойлайсыңдар? Талқылап көріңдер.
«Т-критерийі» стратегиясы егіншілік пен мал шаруашылығын салыстыру. Ерекшеліктерін анықтау.
Бұрын және қазір.
Мақсаты: Ауыл шаруашылық жүргізу үшін қажетті жағдайларды анықтау. Бұрынғы және қазіргі кездегі егіншілік туралы ой қозғау.
Топтарға біріктіру. Оқушыларды топырақта өсетін, ағашта өсетін жемістердің түрлеріне байланысты бірнеше топтарға біріктіру.
Оқулықта берілген суреттерді топ ішінде талқылап, ауыл шаруашылығын жүогізу үшін қажетті жағдайларды анықтап, постер құрайды.
Бұрынғы заманның еңбек құралдары мен қазіргі еңбек құралдарының арасындағы айырмашылықты таба отрыпы, өз ойларын білдіреді. Кесте толтырады.
Сергіту сәті. Көз бұлшықеттерін арналған жаттығулар орындау. Сұрақтар:
- Неге көзімізді сабақ барысында жаттықтыруымыз керек?
- Қандай жаттығуларды білесіңдер?
- Көз күтімі жайлы не айта аласығдар?
Зерттеу жұмысы.
Мақсаты: Оқулықпен жұмыс жасай отырып, егіншіліктің әр түрлә белгілі бір дақылдарды өсірумен аййналасатынын түсінеді.
Зерттеу жұмысын жұппен немесе топпен орындауға болады.
Ресурстарды тарату. Әр зерттеуші топқа түрлі көгөністер, жеміс-жилектер мен жармалар салынған стақандарды алдын ала дайындау.
Зерттеудің жоспары:
-Ақпарат көздеріне сүйене отырып, шаруашылықтарды анықтау;
-Егіншіліктің маңызын түсіну.
Зерттеу жұмысын орындау барысында оқушылар кесте толтыра отырып, көгөніс шаруашылығы, астық шаруашылығы, бау шаруышылығында өсетін жңмістер мен жидектерді жазады.
Саралау: Ынтасы жоғары оқушыға немесе оқушылар тобына егіншілікке байланысты қандай еңбек құралдарын білетінін сқрауға болады.
«Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге асыру.
-Зерттеу жұмысы барысында қандай дереккөздер пайдаландыңдар?
-Қай ақпарат көзі пайдаланған тиімді болды?
Зерттеу жұмысын қорытындылау: Кесте толтыра отырып, егіншіліктің маңызы туралы ой қорыту. Басқа топтардың жауаптарын тыңдап, салыстыру.
ҚБ. Мұғалімнің «Галереяны шаралау» стратегиясы арқылы қалыптастырушы бағалауы. Толтырған кестелерін тақтаға іліп, оларға ауызша баға беру.
Сұрыптау. Мақсаты: Оқулықтағы суреттерді пайдалана отырып, оқушылар сұрыптаудың маңызын, селекцияның мағынасын түсінеді. Жетекші сұрақтар арқылы тақырыпты орындау. Сұрақтар:
-Оқулықтағы суреттерді сипаттаңдар. Не көріп тұрсыңдар?
-Көгөніс пен жемістерді өсіру үшін не керек?
-Тұқым дегенді қалай түсінесіңдер? Ол не үшін керек?
-Тұқымнан дұрыс өнім шығу үшін не істеу керек?
-Жаңа сұрыптармен айналысатын ғылым туралы не білесіңдер?
-Еліміздің барлық өңірлерінде егіншілікпен айналысуға болады ма? Ойыңмен бөліс.
ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Ойлан. Оқушылар тыңайған жер туралы біле отырып, оның не үшін керектігін сыныппен талқылайды. Тыңайтудың маңызын түсіну үшін келесі сұрақтар қойылады. Олар:
-Өсімдіктерді жылда бір орынға сала беруге болады ма? Неліктен?
-Жылда өсімдікті бір орынға сала бересе не болады?
-Жылдан жылға алынған өнім қандай болуы мүмкін?
-Неге топырақты тыңайту керек деп ойлайсыңдар?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру