Сабақ жоспары (ұмж): Функция және функцияның графигі 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, 2 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Функция және функцияның графигі 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, 2 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Күйеуімнің тегіне өткенім дұрыс па?

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция. Функцияның графигі
Сабақтың тақырыбы: Функция және функцияның графигі 1-сабақ
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.5.1.3 функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табу;
Сабақтың мақсаты: Функцияның анықталу облысын және мәндер жиыны таба білу.

Сабақтың басында мұғалім ерекше көңіл аударады:
- оқушылардың зейін қоюына
- оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтайды
- оқушылардың «жақын даму аймағын» анықтайды
- сабақтың аяғындағы күтілетін нәтижелер

Сабақта оқушылар білетін ұғымдар қолданылады және жаңа ұғымдар енгізіледі. Сондықтан материалмен танысу барысында сөздікке жаңа терминдер енгізіледі.
Әртүрлі іс-әрекеттер жасау барысында оқушылар бағалау парағын толтырады. Сабақтың соңында қорытынды жасалады және мұғалімнің жұрналында белгіленеді.
I. Тексеру, талдау және үй жұмысын өзін-өзі тексеру – 5 мин
Бұл кезеңде оқушыларда келесі құндылықтар дамиды - өмір бойы білім алуға бейімделеді және өз жұмысының сапасына жауап береді, өз уақытын тиімді ұйымдастырады.
1) Суреттерді мұқият қараңыз. Осы суреттердің ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?


X -2 -1 1 2 3
Y 4 2 -2 -4 -6
Жауабы:
Ұқсастығы: Бұл суреттерде x пен y бірдей мәндерімен функционалды тәуелділігі берілген.
Айырмашылығы: Бірінші суретте графтар, екінші суретте – график, ал үшіншіде – кесте.
2) Үй жұмысын тексеру

Азамат саяхатқа шықты. Оның жылдамдығының уақыттан тәуелділігі графикте көрсетілген. Суреттегі графиктің көмегімен анықтаңыз:
а) сағат 1-де оның жылдамдығы қандай болды?
б) 2 сағатта ол қанша жол жүрді?
в) сағат 2-ден 8-ге дейінгі жүрген жолы түралы не айтуға болады?
Жауабы: а) 3 км/сағ; б) 6 км; в) Азамат жүрген жоқ.
Бағалау критерийлерді оқушылармен бірге құрастыруға болады, мысалы:
1. Функционалды тәуелділікті анықтайды – 1 б.
2. Функцияның берілу тәсілін анықтайды - 1 б.
3. Берілген график бойынша қажетті ақпаратты таңдап алады және қойылған сұрақтарға жауап береді – 3 б.
5 б – 100 %
4 б – 80 %
3 б – 60 %
2 б – 40 %
1 б – 20 %
0 б – 0 %
II. Өтілген материалды қайталау (ауызша жұмыс) - 2 мин
Құндылықтарды дарыту - Сұрақтарға тез жауап беру дағдысы, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу.
Мұғалім сұрақтар қояды:
• Функция дегеніміз не?
• Бір шаманың екінші шамаға тәуелділіктерінің мысалдарын келтіріңіз.
• Функция қандай тәсілдермен берілуі мүмкін?
• Тәуелсіз айнымалыны басқаша қалай атауға болады?
• Тәуелді айнымалыны қалай басқаша атауға болады?
Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар бағалау критерийлерді қолданып теория бойынша өздерінің білімдерін бағалайды.
Бағалау критерийлері:
1. Функцияның анықтамасын біледі.
2. Бір шаманың екінші шамадан тәуелділігіне мысалдар келтіреді.
3. Функцияның берілу тәсілдерін біледі.
4. Тәуелсіз/тәуелді айнымалылар қалай аталатынын біледі.
4 б – 100 %
3 б – 75 %
2 б – 50 %
1 б – 25 %
0 б – 0 %
III. Өзіндік жұмыс (қалыптастырушы бағалау) – 7 мин
Оқушы жақсы нәтижелерге жету үшін оқушы келесі кұндылықтарды дамытады: мақсатқа жету табандылығы, еңбеккорлық, академиялық шынайлық.
Өзіндік жұмысының құрамында үш деңгейлі тапсырмалар бар (A – базалық, В – орта, С – жоғары).
IV. Жаңа материалмен жұмыс- 10 мин:
Бұл кезеңде оқушыларда келесі құндылықтар дамиды - өмір бойы білім алуға бейімделеді.
Мұғалім: Жүрген жолдың формуласын естерімізге түсірейік: . Тәуелді S айнымалының қабылдайтын мәндерін функцияның мәндерінің жиыны деп атайды. Тәуелді t айнымалының барлық мәндері функцияның анықталу облысын құрайды.
Мұғалім: t мен S айнымалылар қандай мәндерді қабылдай алады?
Оқушылар: Оң мәндерді.
Мұғалім: Анықталу облысы мен мәндер жиынын қандай айнымалылар құрайды?
Оқушылар: және .
Содан соң оқушылар келесі функцияның анықталу облысын топтарда зерттейді және табады:
А деңгей:
В деңгей:
C деңгей: , ..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тез ұйықтауымызға көмектесетін тағамдар



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle