Туған өлке - Жамбылым жыр бесігім!

Мыңжылдық шежіресін шерткен өңір,

Тарихы мен танылған әрбір жерің.

Әр ауданы әдемі тау-тасымен

Мақтан етер біртуар бар ерлерің.

 

Ұлы Жамбыл, облысым атын алған,

Он аудан мекенінен....

Өлеңдер
Толық

География | Жамбыл облысының туристік географиясы

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республикамыздың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын айқындап, елу елдің қатарына кіру үшін 7 кластерді дамыту керек екендігін атап көрсетті. Бұл жеті кластердің бірі – туризм кластері. Туризм – әрі экономика, әрі саясат Мемлекет басшысының туризм кластерін дамыту арқылы Қазақстанның халықаралық беделін көтеру, сала жұмысының тиімділігін арттыру арқылы оны табыс көзіне айналдыру жайлы үкімет алдына мәселе қойып отыр. Туризм бүгінгі күнде жай ғана демалыс емес, қай мемлекетте болмасын шағын және орта бизнесті дамытатын қозғаушы күш. Бұл сала сонымен қатар, валюттік түсімдердің қайнар көзі әрі жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етудің де құралы. Әлемдік статистика мәліметтеріне сүйенер болсақ, келген турист қай елге болмасын орта есеппен мың доллар көлемінде қаржы түсіріп, тоғыз адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен. Жер бетінің ұлтарақтай ғана аумағын мекен еткен Андора, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино тәрізді егжейлі мемлекеттерден бастап әлемдік саясатқа ықпал жасап келе жатқан Ұлыбритания, Германия, Испания, Франция, Қытай, Канада тәрізді іргелі державаларға дейін туризмді экономиканың негізгі табыс көзі айналдырған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ КАРТАСЫН ҚҰРАСТЫРУ

Жамбыл облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Шу-Іле таулары мен Балқаштың батыс жағалауы, Қаратау жотасы, Қырғыз Алатауы мен Бетпақдала аралығында орналасқан. Облыс – оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен, батысында Оңтүстік Қазақстан, шығысында – Алматы облысымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен шектеседі. Патшалық Ресейдің 1863 – 64 жылдары әскери жаулаушылық әрекетінің нәтижесінде бұрын Қоқан хандығының қол астында болып келген Ұлы жүздің жерлері империяның құрамына енді. Осы өңірде Сырдария және Жетісу облыстары құрылып, олар Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды. Үкіметтің 1867 ж. 11 маусымда қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі «Уақытша Ережеге» сәйкес Әулиеата уезі құрылды. Ол Сырдария облысына қарады. Оның аумағы батыста Түлкібас стансасы, шығысы Шу өзенінің батыс жағалауына, оңтүстігі Сусамыр алабына (қазіргі Қырғыз Республикасының Талас облысы), солтүстігі Шудың төменгі ағысына дейінгі жерді алып жатты. Орталығы Әулиеата шаһары болды. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін уезд 1918 ж. 30 сәуірде құрылған автономиялық Түркістан Кеңестік социалистік республикасының құрамында болды. 1924 ж. Орта Азиядағы Ұлттық-аумақтық межелеуге байланысты уезд Сырдария облысының, кейінірек Алматы округінің құрамына енді. 1927 ж. әкімшілік-аумақтық аудандастыруға сәйкес уезд негізінде 6 аудан құрылды: Жамбыл, Луговой, Меркі, Сарысу, Талас, Свердлов. Олар Оңтүстік Қазақстан облысының құрамына кірді....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Жамбыл облысындағы ерекше қорғауға алынған аймақтардың қазіргі жағдайы

Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі таңда ғаламдық проблемалардың қатарына еніп отырған қоршаған ортаны қорғау мәселесі аса күрделі, кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені Қазақстан Республикасы кең байтақ жері бар, табиғи байлығы мол мемлекеттердің бірі.
Біздің елімізде табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл аударылып отыр.
Елімізде табиғатты қорғау ісіне жасалып отырған қамқорлық ҚР Конституциясынан да айқын көрініс тапқан. Сонымен қатар экологиялық ахуалды қайта қалпына келтіру, қоршаған табиғи ортаны қорғау жұмыстары бойынша да нормативтік құжаттар қабылданған. Негізгі құжатта: «Қазақстанның әрбір азаматы табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті»- деп көрсетілген [1].
Экономикалық жүйенің тұрақтылығы негізгі екі фактордың бір-бірімен әсерлесуінен қалыптасатыны белгілі: бір жағынан, жергілікті жердің табиғи жағдайлары мен ресурстары, екінші жағынан өндірістік және өндірістік емес сипаттағы ластанушы көздер мен олардың түзілу қарқындылығы. Егер аймақ өсімдікке, жоғарғы қабатты су көздеріне, топырақ ресурстарына, күн сәулесінің белсенді радиациясына бай болса және қолайлы температуралы күндері ұзақ болатын болса, онда мұндай факторлар қоршаған ортаның ластанушы күштерге қарсы тұра алады. Ал олардың жеткіліксіздігі жағдайында тіпті аз ғана қалдықтардың өзі аймақтағы экологиялық жағдайды асқындырып жіберуі мүмкін.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Тарих | ӘУЛИЕ–АТА МЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ОҚУ–АҒАРТУ ІСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Араға жарты ғасыр салып өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды, жоғымызды қозғап, барымызды көрсетуге мүмкіндік туды. «Бүгініңді білмесең болашақтан үміт үз, бүгінімді білсем десең, өткеніңе үңіл» деген қағиданы ұстанып, өткенімізге көз жүгіртсек қаншама мол дүниеге кезігіп, қәзіргі жаңалық деп отырғанымыз ғасыр басындағы жақсының жаңғырығы екеніне көзіміз жетуде.....
Рефераттар
Толық