Сабақ жоспары (ұмж): «Қылмыстық құқықтың басқа құқық салаларынан ерекшелігі неде?» (Құқық негіздері, 9 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): «Қылмыстық құқықтың басқа құқық салаларынан ерекшелігі неде?» (Құқық негіздері, 9 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
СƏБІЗДІҢ БІЗ БІЛМЕЙТІН ҚАСИЕТТЕРІ

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қылмыстық құқық түсінігі:
Сабақтың тақырыбы: «Қылмыстық құқықтың басқа құқық салаларынан ерекшелігі неде?»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • 9.7.2.1 Қылмыстың белгілері мен түрлерін ажырату
Сабақтың мақсаты: Білу және түсіну:
• 1.Қылмыс ұғымын түсіндіреді
• 2.Қылмыс түрлерінің кемінде төртеуін анықтайды
Сыни ойлау:
• Жағдаятты талдап, қылмыс құрамын анықтайды, қылмысқа қатысушыларды сипаттайды, қылмыс жасау сатыларын талдайды, қылмыс түрлерін атайды.

Танысу бөлімі.
Мұғалімнің өз басына сот қызметкері судьяның бас киімі мантиясын киіп келумен басталады. Ресми түрдегі сәлемдесу рәсімі: «Сәлеметсіздер ме, бүгін біз ерекше істі қарайын деп отырмыз» деген кіріспе арқылы оқушылар назарын жаңа тақырыпқа қарай бағыттаумен жүргізіледі.
Сабақ барысы:
Жаңа сабақ тақырбына ой түрткі болатын
Ситуациялық суреттер:

Қойылатын сұрақтар:

• Мына суреттерде нелер көрсетілген?
• Қандай әрекет түрлерін көріп тұрсыңдар?
• Суреттердің мазмұнына қатысты қандай ойлар түюге болады?
• Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Осы сұрақтарға оқушылар ойланып жауап бергеннен кейін, ойларын жинақтап дәптерлеріне түсіреді.
Ұсыныс:
Оқушылар суреттен сабақ не жайлы екенін түсіну қажет.

Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтағаннан кейін, оқу мақсаттарымен танысып, өз алдарына осы мақсаттарды тағайындайды.

Сабақ барысы:

Материалдар түсіндірілімі барысы:
Терминдік анықтамалар:
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.
«Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».

Қылмыс – жазалау мүмкіндігімен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік
Ереже – орындауға тиісті міндеттердің жиынтығы
Жаза – соттың үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты әр елдің Қылмыстық заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын мәжбүрлеу шарасы.

Қылмыстың салалық түрлері:
Өмірге қарсы қылмыстар – адамның өміріне үлкен қауіп төндіруі мүмкін қылмыс түрі;
Денсаулыққа қарсы қылмыстар – адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне жеңіл, орташа, ауыр дәрежеде зиянын тигізетін қылмыс түрі
Терроризм – саяси және т.б. әр түрлі мақсаттарды сылтауратып күш қолданатын қылмыс түрі;
Экономикалық қылмыстар – Қылмыстық құқық бойынша мүліктік және өндірістік қатынастар, азаматтардың, заңды тұлғалардың жергілікті және мемлекеттік құрылымдардың экономикалық құқықтары — ортақ қол сұғу объектісі болып табылатын қылмыс түрлерінің бірі.
Әскери қылмыстар – соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу арқылы қазаға душар ету, азаптау, құлдыққа алып кету, кепілдегілерді өлтіру түрінде көрінетін қылмыс түрі.

Қылмыс жасау сатылары:
Қылмысқа дайындалу Қылмыс жасауға оқталу Аяқталған қылмыс
бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеуі, дайындауы немесе ыңғайлары қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға не байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдайлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бүл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяқталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар белгілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғында ғана аяқталған болып есептеледі.


• Топтық полемика (талқылау) жұмыстары
• Топқа бөлінуге қатысты жұмыс шарты:
Анықтамалық түсіндірілімдерден кейін, оқушыларды төрт топқа бөліп, олардың талқылауына тақырыптық кейс стадилерді ұсыну. Топ мүшелері ситуациялардағы нақты мысалдарды қарастырып, ҚР Конституциясы және ҚР Қылмыстық Кодексін негізге ала отырып, өз шешімдерін ұсынады

Топтарға арналған Кейс Стадилер:

1 –топтың кейс –стадийі:
Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар арақ ішкен үш жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын ол жақсы түсінді. Арақ ішіп алғандар Маратқа бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Жігіттер Маратты ұруға келе жатады. Сонда Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан бірінші жігітті басынан ұрып құлатады.
• Сұрақ:
• Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма?
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/425-zhassprmderd-ylmysty-zhauapkershlg.html.....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Махаббатымды агенттен таптым



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle