Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи жағдайларға байланысты шаруашылық (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи жағдайларға байланысты шаруашылық (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
ҰБТ тапсыратын түлекті ата-ана қалай қолдау керек?

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің Отаным - Қазақстан»
Сабақ тақырыбы: Табиғи жағдайларға байланысты шаруашылық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.3.2 түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама беру
Сабақ мақсаттары: Оқушыларды түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама бере алуға үйрету.

(Ұ) «Қапшықтағы фасоль» стратегиясы.
Мақсаты: Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім қолындағы қапшықты бір оқушыға лақтырып, сұрақ қояды. Оқушы жауап бергеннен кейін, келесі оқушыға лақтырып, өз сұрағын қояды.
-Ортақ тақырып қандай ?
-Әкімшілік аумақтық бірліктерді ата
-Балалар қандай еңбек әрекетін атқара алады?
-Балалар атқарған істер айналасындағы адамдарға қалай әсер етеді?
-Бізде не өндіреді?

«Дұрыс,бұрыс» ойынын ойнату
(ҰЖ) «Атауларға түсініктеме» әдісі
Мақсаты: оқушыны тұжырым жасай алуға үйрету.
Мұғалім екі сөз айтады. Мысалы, қала – ауыл, автобус - трамвай, зауыт – ферма, балық – күріш, өзен - көл т.б. Оқушылар бір сөзді тандап алып, неліктен тандағанын түсіндіреді.
(Т) «Сипатта» Оқушыларға жергілікті жердің (өз қалалары, ауылға жақын орналасқан немесе облыс аумағында) экономикалық қызмет атқаратын субъектілерін (зауыт, фабрика, ферма және т.б.) сипаттайтын қысқаша мәтіндер таратылады. Мәтінді оқи отырып экономикалық нысандар туралы тың деректер алады.
Экономикалық қызмет атқаратын субъектілер елдің экономикасының ең басты дамытушы көздері болып саналады. Қазақстан минералды ресурстарға бай болуы ауыр өнеркәсіпті жетекші дамытуға басты әсер ететін фактор.
Қазақстанның барлық аймағында өндіріс орындары жұмыс жасайды. Өндіріс орындары атқаратын жұмыстары мен қызметіне байланысты ауыр және жеңіл өнеркәсіп болып бөлінеді. Ауыр өнеркәсіп ең басты салаларының бірі – металлургия саласы. Оның ішінде қара және түсті металлургия салалары. Ал машина жасау саласы ауыл шаруашылығына қызмет көрсетуге бағытталған техникалар шығарады. Ауыр өнеркәсіптің негізгі бөлігі ретінде ауыл шаруашылық техникаларын шығару жоспарланды. Зауыттар ауыл шаруашылық машиналардың құрамдас бөліктерін, жаңа машиналар мен жабдықтарды шығарды. Олардың арқасында егіншілік пен шаруашылық салаларындағы механикаландыру басталды.
Отандық тауарлар қолжетімді болғанымен бағасы жағынан аса қымбат. Себебі, кейбір техниканың жетіспеуінен шет елдерге жіберу арқылы өңдеу мәселелері көтеріліп отыр. Бұл кәсіпкер үшін де тиімсіз болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды, отандық сапалы өнім өндіру үшін ең алдымен, қабілетті мамандар мен техника қажет. Біздің елімізде аталған екі талап та қарастырылмаған.
Тек кейбір облыс орталықтарында орналасқан зауыттарда ғана мұндай мүмкіндік бар. Ал, ауыл шаруашылығы, киім, көлік саласында үлкен мәселеге айналып отыр. Осындай мәселелердің көтерілуі нәтижесінде Елбасымыз отандық кәсіпкерлерге үлкен жағдай жасап отырғаны мәлім.
(Т) «Фишбоун» әдісі
Оқушылар берілген жоспар бойынша фишбоун кестесін толтырады (таңдау бойынша)
Экономикалық нысан: зауыт
Қызметі: мұнай өңдейді
Қажеттілігі: автокөліктерге бензин шығарады

(Ұ) Әр топ сипаттаған экономикалық нысанды ұжыммен талдайды, білетіндерін ортаға салады.
(Т) Бір облыстың шаруашылық әрекетін дамыту жоспары:
1.Облыстың атауы.
2.Табиғи жағдайлары (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
3.Табиғи ресурстары (пайдалы қазбалары, табиғат аймақтары, топырағы)
4.Өсімдік және жануарлар әлемі.
5.Халық шаруашылығы.
(Ұ) ҚБ) «Кім көп біледі?» ойыны.
Мақсаты: оқушыларды бірін бірі тыңдай алуға үйрету.
Мұғалім оқушыларға аймақтарындағы экономикалық нысандардың атауы жазылған парақтар таратады, оқушылар екі сөзбен сипаттама жасайды. Бірінің айтқанын бірі түртіп жазып отырады. Ең көп сипаттама айтқан оқушы жеңімпаз болып саналады.
Берілетін сөздер:
Ферма
Сүт зауыты
Тауық фермасы
Нан зауыты
Шаштараз
Тіс емханасы
(Ж)(Қ) Бір облыстың шаруашылық әрекетін дамыту жоспарын жасау.........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Азан шақырып ат қою



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle