Қазақстанның Жоғарғы оқу орындары

Қазақстанның Жоғарғы оқу орындары

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 13-і – азаматтық емес, 167-сі – азаматтық оқу орындары. Азаматтық оқу орындарының 55-і – мемлекеттік, 112-сі мемлекеттік емес жоғары оқу орны боп табылады. Қ.И. Сə тбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Қазақстан Республикасындағы құрылуы мен дамуы жағынан ең үлкен тарихы бар. ҚазҰТЗУ еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны болып саналады. Оның құрылуы мен дамуы тарихын бес кезеңге бөліп қарастыруымызға болады: Университет 1934 – 1960-жылдары Тау-кен-металлургия институты болып құрылды. Университет 1960 – 1994-жылдары Қазақ политехникалық институты болып аталды. 41 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университеті атына ие болды. 1999 жылы университетке инженерлік-техникалық мамандарды даярлауда ерекше үлес қосқаны үшін белгілі ғылым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың аты берілді. 2001 жылы 5 шілдеде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен университетке ерекше мәртебе берілді. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті тарихы Қазақстандағы инженерлік білім берудің бастауы ғана емес, мемлекетіміздің мәдени тарихымен астасып жатқандығын көрсетеді. ХХ ғасырдың 30-жылдарында ауыл шаруашылығындағы тұралаған техника мен экономиканы жетілдіру мен көтеру үшін елімізде техникалық жоғары білімді мамандарды даярлау мәселесі қойылды. Қазіргі кезде университет құрамына 8 салалық институт, қашықтықтан білім беру институты және әскери-істер институты, Excellence PolyTech жоғары оқу орнынан кейнгі білім институты кіреді. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы – Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындардың бірі. Бұл оқу ордасы сәулет, дизайн, құрылыс, ағаш өңдеу және тағы басқа құрылыс саласындағы мамандар дайындайды. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) 2001 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының базасында құрылды. ҚазБСҚА дербес жоғары оқу орны ретінде 1980 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алайда, оның тарихы өзінің бастауын, негізінен, Қазақ политехникалық институтының өндірістік және азаматтық құрылыс мамандығына студенттердің алғашқы тобы қабылданған 1957 жылдан алады. 1961 жылы сәулет мамандығына студенттер қабылданды, содан былай мынадай факультеттер құрылды: құрылыс, сәулет және санитарлықтехникалық. 1980 жылы осы факультеттер базасында, одан әрі Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясына (ҚазМСҚА, 1992 ж.) айналған Алматы сәулет-құрылыс институты (АСҚИ) ашылды. 42 Факультеттің көптеген түлектері сәулеттік тәжірибе ортасында және жоғары кәсіпті маман болып өсіп шығады. Олар ҚР ішінде және одан тыс елдерде белгілі болған «Республика» алаңының мекеме ансамблі, Республикалық «Офицерлер үйі», «АХБК-ның Мәдениет сарайы», «Оқушылар сарайы», Астана қаласының Басты жоспарлары, Алматының және т. б.сәулеттік жобалардың авторларына айналды. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы – Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі. Осы оқу ордасынан бірнеше қазақстандық атақты сәулетшілер шыққан. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚарМТУ) – Қазақстандағы жоғары білікті мамандарды дайындайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 1953 жылы құрылған, алғашында Қарағанды тау-кен институты, 1958 жылы Қарағанды политехникалық институты болды. 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне айналды. Оқу процесі 12 факультетте 57 мамандық бойынша жүргізіледі, оның 30-ы мемлекеттік тілде. Университет Қазақстан өнеркәсібі үшін мамандарды жоғары сапада даярлағаны үшін өнеркәсіпке көмек беру қоғамдастығы атынан Алтын белгімен (Франция, Париж қ., 2003 ж.) және іскерлік тәжірибесінінің жоғары сапалығы үшін халықаралық қор атынан Алтын белгімен (Швейцария, Женева қ., 2005 ж.) марапатталды. 2003 жылы ҚарМТУ СМЖ-н жасау және енгізуге кірісті және де ҚР жоғары оқу орындарының арасынан бірінші рет 32 дамыған елдерде танымал IQ NET (халықаралық куәландыру желісі) және «Русский регистр» куәландырулар жүйесінің ИСО 9001:2000 халықаралық стандарты талаптарының сапа менеджменті жүйесіне сайлығы негізінде куәландыратын тыңдаудан табысты етті. ҚарМТУ ішінде дәрісханалар, арнаулы жұмыс бөлмелері мен зертханалар, INTERNET жүйесіне қосылған 45 компьютер сыныбы бар, қазіргі заманға сай бағдарламалар, құрылғылармен қамтамасыз етілген ақпараттық есептеу орталығы жалпы көлемі 72,2 мың шаршы метрді құрайтын 7 оқу ғимаратында орын тепкен. Жақсы жабдықталған жатақханасы мен асханасы бар. 43 ҚарМТУ-да 1,6 млн дана кітап қоры бар. Республикадағы ең үлкен кітапханалардың біріне ие. Университеттің әскери кафедрасы – Қарағандағы 4 әскери мамандық бойынша запастағы офицерлер дайындайтын бірденбір кафедра. Түлектер офицер атағын алғаннан кейін ҰҚК, ІІМ органдарында, кеден қызметі бөлімшелерінде, төтенше жағдайлар жөніндегі министірлікте және т.б. жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Университеттің спорт кешені – Қарағанды қаласындағы ең үлкен кешендердің бірі. 7 арнаулы зал мен шағын стадионнан құралған. Қарқаралы қаласындағы ұлттық паркте оқытушылар, қызметкерлер және студенттер үшін демалыс орындары, сонымен бірге тау-кен, геология, экология және геофизика мамандықтарын үйренуші студенттердің тәжірибе базасы орналасқан. ҚарМТУ жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясының ұжымдық мүшесі (ХҒА, ЖМ) автоматтандырылған анализ саласында инженер-аналитиктер халықаралық Ассоциациясының NAF EMS Ұлыбритания), Геотехникалық ассоциация мүшесі болып саналады. ҚарМТУ Қазақстан жоғары оқу орындарының Ассоциациясын Орта Азия, Орал мен Сібірдің техникалық оқу орындарының ұйымдастырушысы болып табылады. Оның құрамына 15 техникалық жоғары оқу орны кіреді. Қазақстандағы ANSYS (АҚШ) және CADFEM (Германия) автоматтандырылған анализ құралын өңдейтін мамандандырылған фирмалардың ресми өкілі болып табылады. Жоғары оқу орнында білім беру 9 басты факультетте (таукен, электромеханика, геоэкологиялық, машина жасау, инженерлік-құрылыс, ақпараттық технология, кәсіпкерлік және басқару, экономика және менеджмент, жол-көлік) жүргізіледі. Жоғары оқу орнынан кейін актуальды білім беру және біліктілікті көтеру факультеттерінде жоғары білімді мамандарды даярлау және қайта даярлауды қамтиды. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Қазақ ұлттық университеті 1934 жылдың 15 қаңтарында ашылған. Үстіміздегі жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл толғалы отыр. Университетте 1940 жылдары 3 жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және 2 гуманитарлық: филология мен журналистика факультеті жұмыс істеді. ҚазҰУ-да Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханов, Әлкей Марғұлан тәрізді қазақтың аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды. 1934 жылы ашылған Қазақ ұлттық университеті С.М. Киров атында болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болып аталды. Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша мамандар даярлайды. Университет жоғары оқу орны мен ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте 14 факультет, колледж, 7 ғылыми-зерттеу институты бар. Бұл жерде 2000-нан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан ас- 40 там ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен 50 философия докторы жұмыс істейді. Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі енгізілген және «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда университетіміз көптеген ғылыми бағыттар бойынша дамып, халықаралық деңгейге көтерілді. 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті республика бойынша «Ең үздік жоғары оқу орны» атағына ие болды. World University Rankings QS (Ұлыбритания) беделді рейтингілік агенттігінің зерттеу қорытындылары бойынша, қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 236- орыннан көрініп, әлемнің 250 үздік университеті қатарына енді. Бұл топқа ТМД елдерінен екі ЖОО: Ломоносов атындағы ММУ мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана кірді].




Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала жүктелуде...