Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Насыр әл-Фараби туралы мәтін Әбу Насыр әл-Фараби – дүниежүзіне әйгілі ұлы ғалым. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, «Шығыстың Аристотелі» атанған. Әбу Насыр әл-Фараби орта ғасырда қазақтың ежелгі қаласы Отырарда дүниеге келген. Отырарды арабтар Фараб деп атаған, осыдан ол Әбу Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Бұл қаланың орны – қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында. Отырар өз кезінде ірі мәдени-сауда орталығы болған. Ал Отырардағы кітапхана ХІ-ХІІ ғасырларда өзінің кітап қоры жағынан дүниежүзіне әйгілі кітапханалар қатарында болған. Әбу Насыр әл-Фарабидің балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өткен. Отырар медресесінде дәріс алып, ондағы аса бай кітапханадағы қолжазбаларды оқып меңгерді. Әбу Насыр әлФараби білімін тереңдету үшін сол кездегі білім орталықтары саналатын Бағдад, Дамаскі (Шам), Каирде болған. Мұнда ол білімін әбден толықтырып, өзінің ақылының, алғырлығы мен асқан байсалдылығы арасында көп ұзамай ірі ғалымдардың арасында үлкен абырой-беделге ие болған. Әбу Насыр әл-Фараби 150-200-ден астам ғылыми еңбек жазған. Оның ішінде «Музыканың ұлы кітабы», «Ғалымдардың шығуы», «Әлеуметтік-этникалық трактаттары», «Философиялық трактаттары» т.б. еңбектері әлемге әйгілі, ғылымның дамуына жол ашты. 50 Ғалым 950 жылы 80 жасында Дамаскіде дүние салған. Фарабидің қолжазбалары дүниежүзінің көп кітапханаларына тарап кеткен және ол жерлерде сақтаулы тұр. Алматыдағы Қазақ ұлттық университеті Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталады. Университет алдында оған орнатылған ескерткіш бар. Алматыдағы әсем көшелердің бірі де ғұлама ғалым есімімен аталған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!