Абай Құнанбаев - Қазақтың ұлы ақыны

Абай Құнанбаев - Қазақтың ұлы ақыны

Абай Құнанбаев туралы шығарма, эссе

 Абай – ақын, ағартушы, философ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болған, өз елінің беделді адамы. Шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз әңгімелерді айтып, халықтың ауыз әдебиетімен таныстырып отырған. Молдадан 3-4 жыл оқығанда, зеректігі байқалып, әкесі оны Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға жібереді. Медреседе ол 4 жыл оқығанда, араб, иран, Орта Азия классиктерінің шығармаларымен танысқан. Әкесі Абайды ел басқару ісіне бейімдеу үшін оқудан қайтарып алады. Семейде жүргенде Абай орыс тілін үйрену үшін 3 ай орыс мектебінде оқиды. Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршы, әнші-күйшілерімен жиі кездесетін, өз халқының рухани мәдениетімен танысады. Өзі де билер үлгісінде шешен сөйлеуге жаттығады. Өлең жазуға бала жасынан әуестенгенімен, бірыңғай өлең жазуды 40 жасында бастайды. Абай Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың шығармаларын аударған. Абай өзі аударған Пушкиннің «Татьянаның әні» және «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңдеріне ән де шығарған. Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы» – қазір де халықтың сүйіп айтатын әндері. Демек, Абай композитор да болған. Абай – дүниежүзіне таныс классик ақын, өлең, шығармалары орыс тіліне, шетел тілдеріне көп аударылған. Абайдың қара сөздері философиялық тұжырымдарға толы. Оның осы ақыл-ой толғаулары – қазір де өте мәнді, мазмұнды шығармалар. Абай 1904 жылы қайтыс болды. Ол өз шығармаларының кітап болып басылғанын көре алмады. 1909 жылы Петербургте «Қазақтың ақыны Ыбырайым Құнанбайұлының өлеңдері» деген атпен кітап болып шықты. 54 Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясын Абай өміріне арнады. Бұл роман да көптеген шетел тілдеріне аударылған, ол Абайды дүниежүзі халықтарына таныстырды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?