Сабақ жоспары (ұмж): Климат және ауа райы (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Климат және ауа райы (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жан-жануарлар атаулары

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат»
Сабақ тақырыбы: Климат және ауа райы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.2.1 Жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• климат ұғымын түсінідіре алады;
• жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтай алады.

1. Топқа бөлу (ұжымда)
Ауа райының шартты белгілері бейнеленген қима қағаздар (температура, бұлттылық, жел, жауын-шашын) таратылады. Оқушылар таңдап алған қима қағаздарындағы белгілер бойынша топтасады, белгілердің мағынасын түсіндіреді. Талқылау барысында ауа-райы туралы білімдерін ортаға салады.

2. «ББҮ» стратегиясы (жеке, топта)
-Климат дегеніміз не? сұрағы қойылып,
«Білемін. Білгім келеді. Білдім» кестесін толтыру ұсынылады:
Білемін Білгім келеді Үйрендім

Оқушылар климат туралы білетіндерін және білгісі келетіндерін 1,2 кестеге жазады.
Топта әр оқушы өз жазғандарын талқылап, ортақ пікірді ұжымға ұсынады.
3. Сабақ мақсатын анықтау
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
-климат ұғымын түсінеміз;
-климат белдеулерін сипаттауды үйренеміз;
4. «Салыстырмалы кесте» әдісі (жұпта)
Оқушылар климат туралы мәтінді оқып, жұпта бір-біріне түсіндіреді. «Климат» пен «Ауа райы» туралы мәліметтерді салыстырмалы кестеге жазып, олардың өздеріне тән ерекшелігін анықтайды.

5. Картамен жұмыс (ұжымда)
Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:
-Картаның қандай түрлерін білесіңдер? (физикалық карта, Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы, дүниежүзілік карта т.б)
- «Дүние жүзінің климаттық белдеулері мен облыстары» картасы көрсетіледі.
Сұрақ: -Қалай ойлайсыңдар,бұл карта қалай аталады? Неліктен?
Оқушылар өз ойларын айтады.
«Дүние жүзінің климаттық белдеулері мен облыстары» картасы туралы қысқаша түсініктеме беріледі.
6. «Сұрақтар тізбесі» стратегиясы (жеке)
Оқушыларға жеке парақтар толтырылып, бағалау нормалары түсіндіріледі. Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғанда парақтар жинақталып, араластырылып, қайта таратылады. Оқушылар ұстаз үлгісіне сүйене отырып бағалайды. Бағалау нәтижесі талданады.
Сұрақтар:
- Климат дегеніміз не?
- Климаттың ауа райынан айырмашылығы неде?
- Климаттың қандай негізгі түрлері бар?
-Қазақстан Республикасы қандай климаттық белдеуде орналасқан?
Бағалау критерийлері:
• оқушылар климат пен ауа райының айырмашылығын біледі;
• жер климатының белдеулерін ажыратады және сипаттайды..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Бақытты жанұя құрудың жолы қандай?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle