Сабақ жоспары (ұмж): Өрнектерді тепе-тең түрлендіру (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Өрнектерді тепе-тең түрлендіру (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Пайдалы Kеңестер

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпмүшелер
Сабақ тақырыбы: Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.13 көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау
Сабақ мақсаты: -Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру туралы түсінік беру
- Көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындай алу
- Оқушылардың математикалық сөйлеу мәдениеттерін дамыту, есептер шығару барысында ұқыптылыққа, еңбектенуге тәрбиелеу.

І) Ұйымдастыру
1.Оқушылармен амандасу
2.Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ) Ұ.Ойын «ұста, жалықпа, дұрыс жауапты анықта!».
Оқушылар шеңбер құрай отырып қатарға тұрады.
Мұғалім допты оқушылардың біріне лақтырады және сұрақты қояды «Көпмүшені бірмүшеге қалай көбейтеді?» Оқушы сұраққа жауап береді және допты қайтадан жүргізушіге лақтырады. Одан кейін келесі сұрақ басқа оқушыға қойылады: «Көпмүшені стандартты түрге қалай келтіреді?» және т.с.с.
Бағалау:
Қ. Оқушылардың жауаптарын бақылау.
ІІІ) М. Оқушыларға алгебралық бүтін өрнектер жазылған карточкаларды тарату және теңбе-тең өрнектерді сәйкестендіріп жұптарға бірігіп отыруын сұрау және жұптық тапсырма ұсыну.
Ж. Табылған дұрыс теңбе-тең өрнектердің теңдігін ауызша түсіндірмесін бере отырып өзара жұпта талқылау.
1.Білімін өзектендіру.
Сабақты келесі сұрақты қоюдан бастау:
2(x+1)+x өрнегі мен 3x+2 өрнектерінің x=5
болғанда мәндері тең бола ма? Бұл өрнектер теңбе-тең деп айтуға бола ма?
Қ. Оқушылардың пікірін тыңдау.
М.Олай болса, бүгінгі сабақта теңбе-тең өрнектердің анықтамасымен танысайық және тепе-тең өрнектерді алу үшін қандай түрлендіру жасауға болатынын үйренейік.
Дәптерлеріңізге сабақтың тақырыбын жазып қойыңыздар:
Сабақ тақырыбы: Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Сабақ мақсаты: алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау; Сабаққа қатысты лексика мен терминология слайд 4
Жетістік критерийлері:
Көпмүшелерге және бірмүшелерге амалдар қолдану арқылы тепе-тең түрлендірулерді орындау;
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуді қолдану арқылы тепе-тең түрлендірулерді орындау;
Тепе-тең түрлендірудің нәтижесін терминдерді қолдана отырып ауызша түсіндірмесін айтып дәлелдей алу.
Ұ. оқушылар мысалдарды шешу арқылы және бағыттауыш сұрақтарға жауап беру арқылы «тепе-тең өрнек», «тепе-тең түрлендіру» ұғымына келеді.
Олай болса, «теңбе-тең өрнектер» анықтамасымен таныс болайық:
Анықтама: Әріптердің мүмкін мәндерінде бірдей мәнге ие болатын екі өрнек тепе-тең өрнектер деп аталады.
Проблеманы қою.
Ұ. Тапсырма: а=2,1; b=11,3; c=4,2 және d=5,5 болғандағы, ab + ac - ad өрнегінің мәнін тиімді тәсілмен есептеңіз.
М. Ол үшін не істейміз? Берілген әріптердің мәндерін бірден қойып есептемей, өрнекті түрлендіріп есептеген тиімді.
Шешуі: ab + ac – ad = a(b + c – d)= 2,1∙(11,3+4,2 – 5,5)=2,1∙10=21
Қандай тепе-тең түрлендіру жасалды? Тепе-тең түрлендіру дегеніміз не?
М. Олай болса, теңбе-тең түрлендірудің анықтамасын жазайық.
Анықтама. Айнымалының кез келген мәнінде мағынасы болатын бір өрнекті оған тепе-тең өрнекпен алмастыруды тепе-тең түрлендіру деп атайды.
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру амалдар заңына сүйене отырып жасалады. Қосудың және көбейтудің терімділік қасиеті мен көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік заңы: a + b = b + a
ab = ba
(a + b) + c = a + (b + c)
(ab)c = a(bc)
a(b + c) = ab + ac
Қандай тепе-тең түрлендірудің түрлерін білесіңдер?
Ұ. «Тепе-тең түрлендіру түрлері» кластер жасау.

Бағалау:
Қ. Мұғалімнің бақылауы және оқушыға кері байланысы. Оқушылардың пікірін тыңдау және түрлі пікірлерді сыныппен талқылау.
Ж.Жұптық жұмыс. Мына теңбе-теңдіктер дұрыс па:
1) 3а(5b) = 15аb;
2) 1+(x – y) = 1 – (y – x ) ;
3) 2a+(3 b – 4 ) = 2a – (3b+4)?
4) а – (4b – с) = a – 4b + c;
5) (-1) • b+а = а – b;
6) 5а – 17 = 5(а – 17)?
Қ. Оқушылар дәптерлерімен алмасады, терминдерді қолдана отырып, бір-біріне өз мысалдарын түсіндіреді .
Қ. Бағалау парақшасы:
Дескриптор Өзінің бағасы Жұбының бағасы
Толық дұрыс жауап -1балл, жартылай дұрыс немесе қате жауап -0балл
Жақшаны ашу, ұқсас қосылғыштарды біріктіру ережелерін қолдану арқылы тепе-теңдіктерді анықтау;
Тепе-тең түрлендірудің нәтижесін терминдерді қолдана отырып ауызша түсіндірмесін айтып дәлелдей алу.....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Бас ауруы,себептері мен емі



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle