Шығарма: Біздерміз азат етер адамзатты

Шығарма: Біздерміз азат етер адамзатты



Салменова Мараш
6 - сынып, №1 орта мектебі, Қостанай облысы, Таран ауданы.
Жетекшісі: Қабылдина Мақпал Досымбайқызы

Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сан, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды.
Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып – типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбсының өміріне жазылмасжараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр – қайратының бірлігінің дәлелі еді.
Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы жиырма екінші маусымда Германия КСРО – ға опасыздық пен шабуыл жасады. Сол күні еңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін бекем буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды... Соғыс – күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестетеін газет – журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жетпіс бір жылдай уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали атамыздың мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқынын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдардың қарасы жыл санап азайып бара жатыр емес пе?! Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Талғат Бигельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі – қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында қазақстанджықтар шайқасқан. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, жиырма сегіз панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Солардың бірі – Қасым Қайсенов. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Соғысқа қатысушылар ерлігі еш ұмытылмас. Батыс шекарада алғашқы соққыны күтіп алған Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығып жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн.
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне биыл жетпіс бір жыл. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Қазір біз болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұрпақ бұл азаттықтың қалай келгенін әрине біледі. Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату – тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шынымен де бақыттымыз.
Жатқанда отан жері отқа жанып,
Тұрғанда туысқандар жауда қалып,
Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ,
Жігіттің неге жүрміз атын алып?
Жеңеміз! Жеңіс – совет адам аты.
Біздерміз азат етер адамзаты.
Сенемін Партияма, ер халқыма,
Қандай күш бұл дүниеден одан артты?!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle