Шығарма: Жаңа заман

Шығарма: Жаңа заман



Жүнісова Зарина
10 сынып, М.Арын атындағы № 24 арнаулы лицей
Талдықорған қаласы
Жетекшісі:Нұркожаева Б.

Ел үшін аянба-ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба-жігіттігіңе сын.
Б.Момышұлы
Әрбір ұлттың өз өткені,тарихы болады. Сондай қайғысы мен қуанышы қатар жүретін қазақ тарихындағы естен кетпес күндердің бірі-22 маусым.КСРО-ға Фашистік Германия шабуылы,жан-жақтан соғыс басталғанын хабарлайтын дауыстар,үреніш,ананың жүрегіндегі қорқыныш,уайым.Міне,дәл осылай бұл күн есте қалды.Қайғы-қасіретке толы жаңа заман басталды.
Отан алдындағы парызын орындау үшін ерлер әскери комиссариаттарға барып,енді шегінерге жол жоқ деген оймен жасы да, кәрісі де соғысқа аттанды.Жүректегі үрейге қарсы тұрып,суық қаруды қолға алып, соғыс шебінде ерлікпен шайқасты. . Бес жыл ішінде қанша мың қазақ баласы отанына оралмады,бірақ қасық қаны қалғанша шайқасып, біздерге жеңіс әкелді.Көптеген неміс шабуылдарына бірлесіп төтеп беріп,майданда өз ерікжігерін көрсетіп, Кеңес Одағының Батырлары атанды. Сондай еразаматтарымыздың бірі-Бауыржан Момышұлы.Ол ержүрек қазақ қаһарманы,Кеңес Одағының Батыры 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды.Сол бес жыл ішінде 27 рет қолына қару асынып, ұрысқа шықты.Басқа да жауынгерлермен бірге Мәскеуді қорғады.Соғыстан ерлікпен оралып, кейінгі жылдары жазушы ретінде соғыс атты өмір мектебіне байланысты “Генерал Панфилов”, “Майдандағы кездесулер” шығармаларын жазды.Сол кітаптардан алынған мынадай қанатты сөзі бар: “ Соғыс-халықтың күш-қуаты, ерік- жігерін сынайтын ұлы емтихан”. Әрине, ол ел тарихындағы үлкен сынақ,бірақ біздің ерлер бір ту астына бірігіп,оған төтеп берді.
Соғыс жылдары майдан шебінде тек ерлер ғана емес, әйелдер де шайқасты. Олар да ерлерден кем түспейтін армияға үлкен көмек болды. Ел намысын қорғап,кейбір жігіттер жасай алмайтын қадамдарға барды.Оған дәлел қазақ қыздары Мәншүк пен Әлия ерліктері. Мәншүк Мәметова жастайынан жетім қалып, менің жақыным жоқ деп,соғысқа пулеметші болып аттанады. Невель қаласы үшін болған ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза табады.Әлия да соғыста мерген болып,ақтық демі қалғанша шайқасып,ерлікпен қаза табады. Ерлік білекте емес,жүректе демекші мен осындай қазақ қыздарымен мақтанамын.
Қазақ жазушылары да соғыс белсенділері. Халық үмітін үзген сәтте олардың жүрегіне сенім ұялатып,берілмеуге шақырды,жеңістің алда екеніне сендірді. Мысалы, жыр алыбы Жамбыл атамыз немістерге қара қаламмен қарсы тұрды. Оның“Ленинградтық өренім”өлеңі кеңес жауынгерлеріне жігер берді,тек алға жетеледі. “Ел үмітін ер ақтар,ер атағын ел сақтар” деп ,қорытындылай келе,қазақ жауынгерлері ел,бүкіл жұрт үмітін ақтады.Ел намысын таптатпады,жерімізді жау қолынан азат етті.Сол ерлікті жадымызда мәңгілікке сақтап,біздер әрдайым мақтан тұтатын боламыз.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle