Географиядан сабақ жоспары: Елдердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырылуы (9 сынып, IV тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Елдердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырылуы (9 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тамақтан кейін оқылатын дұға

Пән: география
Бөлім: Елтану және саяси география негіздері
Сабақтың тақырыбы: Елдердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырылуы
Оқу мақсаттары: 9.6.1.1 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырады.
Сабақтың мақсаты: Елдердің даму деңгейлері бойынша жіктей отырып, сипаттама жасайды.
«Ой шақыру»
Мұғалім сыныпқа сұрақ қояды:
Елдердің экономикалық даму деңгейін қандай көрсеткіштер бойынша анықтайды?
Оқушылар жеке ойланады.
Бірнеше оқушының өз еріктерімен жауап беруіне мүмкіндік беріледі.
Мұғалім тақтадан сабақтың тақырыбын көрсетеді, сабақтың мақсатымен таныстырады.
Мұғалім бүкіл сыныпқа дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша топтастыруды тапсырады.
Оқушылар топта талқылай отырып елдердің даму деңгейі бойынша топтастырады.
Олар дамыған (нарықты), өтпелі экономика тән елдер (жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту), дамушы (дәстүрлі).
Топтық жұмыс
1-тапсырма.
Топта топтастырып болғаннан кейін өз жауаптарын нақтылау үшін оқушыларға мәтін таратылады.
- Оқушылар мәтінмен жеке танысады.
- Мәтінде берілген ақпаратты жұпта талқылайды.
- Бастапқыда өз беттерінше жасаған топтастыруларын толықтырады немесе мәтінде берілген ақпарат негізінде топтастыру жасайды.
Оқушылар өз топтастыруларын сынып алдына ұсынады.
Топтар өзара дескрипторлар негізінде бағалау жүргізеді.
Дескрипторлар:
- Елдерді даму деңгейлері бойынша топтарға бөледі.
- Мемлекеттерді мысалға келтіреді.
- Қазақстанның
Жеке жұмыс
2-тапсырма.
Оқушыларға кесте түрінде елдердің топшалары беріледі. Берілген кесте бойынша көрсетілген топшалардың ерекшеліктерін сипаттайды.
Оқушылар өз жауаптарын сынып алдына ұсынады.
Мұғалім кері байланыс бере отырып бағалау жүргізеді.....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Дұға жасаушыға кеңес



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle