Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер оқу -2 (2 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер оқу -2 (2 сынып, III тоқсан )



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы:Ертегілер оқу -2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.2 Мәтін түрі мен стилін анықтау
2.3.2.1 Қарапайым әңгімені (оқиғаны) түсініп оқиды
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға нақты жауап береді
Көбі: кейіпкерлердің әрекетіне баға береді, іс-әрекетті білдіретін сөздерді таба алады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін біледі.
Кейбірі: ертегінің идеясын анықтайды.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Оқыған ертегінің мазмұнын түсінемін.
(МК, Ұ) Арыстан мен тышқан ертегісін көру
«Стоп-кадр» әдісі
Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалау:
• таныс/жаңа сөздерді оқу;
• әңгіменің негізгі мәселелерін түсіну;
• келісу/келіспеу.
(Ө, Қ)
Арыстан мен тышқан
(Қазақ халық ертегісі)
Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді. Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Бейшара тышқан жалына бастайды: «Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасаймын», -дейді ол. Арыстан тышқанның, «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жібереді.
Келесі күні аңшылар арыстанды ұстап алып, ағашқа таңып тастайды. Тышқан арыстанның ақырғанын естіп, жүгіріп келіп, арқанды тісімен қырқып, «Есіңде ме: сен менен жақсылық күтпеген едің ғой. Енді міне, тышқаннан да қайырымдылық келетінін көрдің»,-депті.
-Көрдіңдер ме, балалар, кішкентай тышқан да арыстанға көмектесе алады екен.
(Ұ, Қ)
 Ертегінің қай түріне жатады?
 Арыстан ұйықтап жатқан кезде не болды?
 Арыстан тышқанды неге босатып жіберді?
 Арыстан тышқанның қай сөзіне күлді? Неге?
 Арыстанға неліктен көмек керек болды?
 Кейіпкерлердің әрекеттеріне баға бер.
 «Жақсылық», «қайырымдылық» сөздерінің мағынасын қалай түсінесің?
 Ертегі ұнады ма? Неліктен?
(Ұ, Қ) Етістіктің сұрақтарын еске түсіру.
Мәтіндегі іс-қимылды білдіретін сөздерді атау
Үлгі: жүгіріп өтеді, ұстап алады
Сергіту сәті
(Ө, Қ)
1. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жаз.

1. Бір күні ................................ ұйықтап жатқан кезде, ......................... келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді.
2. ................................ оянып, ........................................... ұстап алады.
3. «Егер мені жіберсең, мен де саған ............................ жасаймын», -дейді ол.
4. Арыстан ................................ , «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жібер еді.
5. Келесі күні аңшылар ............................... ұстап алып, ағашқа таңып тастайды.
6. Тышқан ............................... ақырғанын естіп, жүгіріп келіп, ...................... тісімен қырқып, «Есіңде ме: сен менен жақсылық күтпеген едің ғой.
2. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құр.
1.Арыстан ұйықтап бір күні жатады.
_____________________________________________
2.Тышқанның Арыстан сөзіне күліпті. _______________
3.Аңшылар күні келесі ұстап арыстанды алады .
____________________
4. Кішкентай арыстанға көмектесе тышқан да алады екен.
______________________________
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар кейіпкерлердің әрекетіне баға береді;
қабылдау деңгейі орташа оқушылар ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle