» KZ » Білім » Өлеңдер жинағы » Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алтын қазан)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алтын қазан)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алтын қазан) казакша Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алтын қазан) на казахском языке
Төгілген алтын Алтай сілемінде,
Ертістің көкті қапқан иегінде
Жез бесік, алтын құндақ Риддер жатыр,
Сақтаған бар асылын жүрегінде.
Тау сұлу Алтайдағы батсайыдай,
Қар орап әсемдеген ақ шайыдай.
Саңқылдап Алатаудан аққан бұлақ
Боз малта, тасты төккен ақ сабындай.
Асқардан Үлбе өзені ақырған су,
Алтайдың мұзын, қарын сапырған су.
Ақ жалын лапылдаған асқан қуат
Тау - тасқа электрден шашқан шашу.
Әне аспан, әне ала тау, қар менен мұз,
Өзен мен шулап жатыр шың менен құз.
Ағын су нажағайдың отын шашып,
Электр жарқыратқан жерден жұлдыз.
Егерде Үлбені өрлеп шыға келсең,
Айнала асқарларға көз жіберсең,
Кенге бай кен Алтайға тояр көзің,
Кең алқап — әлде қазан, әлде керсен.
Ашқандай аспан көкке асқар қойнын,
Қазандай асқар қойны алқап, ойдым.
Сол ойдың ортасында отын төбе
Орнықты ордасындай ұлы тойдың.
Сол төбе әсем сұлу бұл маңдағы,
Қызылдай үйіп қойған қырмандағы.
Үйіліп қалды ма екен дегізгендей
Асқарда алтын қайнап тұнғандағы.
Міне, осы асыл Риддер - алтын қазан,
Қорғасын құйып, мұнда алтын қазған.
Іргелеп сол төбені заводтар тұр,
Айқайлап ала тауға тартып азан.
Сақырлап машиналар тасығандай,
Үгіп тұр тасты, кенді насыбайдай.
Тетіктеп бір жұмыскер жүргізіп тұр,
Өзінің бір жақсы атын қасығандай.
Мырышты алып жатыр илеп нандай,
Қорғасын шыжғырылып еріп майдай.
Арылып арамынан алтын жатыр,
Кілегей сүтке қаймақ ұйығандай.
Қош айтып жарық дүние ала тауға,
Шахтыға түспек болдым шыңырауға.
Кигенім шахтер шекпен, алғаным шам,
Түскенім төмен мініп - шелек қауға.
Қозғалсам, не ойласам, әлде нетсем,
Біржола кеткендеймін қыбыр етсем.
Құлдырап шыңырауға түскен тастай
Жөнелдім жер астына жеті жексен.
Кім көрген жердің астын бұдан бұрын,
Індікеш, тарам - тарам, бұлың - бұлың.
Тамшылап, су сорғалап, батпақ ағып,
Үстің тас, алдың үңгір, астың жылым.
Ерлер көп бұл арада істеп жатқан,
Жол шапқан, қазық қаққан, шамын жаққан.
Ақтарып асыл кенді бұзып алып,
Тоқтаусыз тиеп, сүйеп өрге тартқан.
Азулап алтын, жезді, цинктерді
Кеміріп алмас қашау, киркі жеді.
Арадай гүлге қонған асыл бұрғы
Бұлқынса Алтай асты дүркірейді.
Сықпалап жезіңізді ірімшіктей,
Соқталап қорғасынды жіліншіктей
Талқандап, елеп, екшеп алып жатыр,
Тастамай бір асылын түйіршіктей.
Қайнаса міне осындай кен қайнасын,
Ойнаса міне осындай қол ойнасын.
Алтын, жез, қола, күміс, қорғасын,мырыш,
Тапқандай табиғаттың бар қоймасын.
Еңбекке жең сыбанып, бас байлаған,
Ер сонда жерді жонып, тас шайнаған.
Қорытып қорғасыннан құрт қайнатып,
Ешкі емес қазақ сонда тачка айдаған.
Тастамай тас желінін идірмеген,
Бірлесіп бие сауған Риддер деген.
Ел сонда, еңбек сонда, ерлер сонда
Соңырқап жер астында шүйгіндеген.
Қолдарға асыл іздеп ішін ойған
Сияқты асқар төсін төсеп қойған.
Ала бер қазынаңды, қоймаңды ақтар,
Жігіттер, «соғым шүйгін» тауды сойған!
Бауырым, көн иықты, тымақты інім,
Риддердің қорғасыны сияқты інім!
Қимылда, кеңіте бер кең құдықты,
Беруге тілден басқаны ұяттымын.
Білім біл, машинаңды өзің жүргіз,
Басшы бол бауырыңа енбек сүйгіз.
Ауылда қара жаяу бозбала көп,
Соларды машинаңа бірге мінгіз.
Дабыста мына завод ақырғандай,
Дүркірет қырды еңбекке шақырғандай.
Талқанда тауды - тасты қаз, бауырым,
Еңбектен ішкен суың татыр балдай.
Жасарсын кәрі Алтайың жаңарғандай,
Нұр алсын ен далаңды ағарғандай.
Ауылға артта жатқан нұр болыңдар,
Жарқыра Риддердегі жаққан шамдай!

nurgul95 | 332 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Мені қабылдауын талап етемін": Орамал тағып, боянып жүретін қазақ жігіті гей ме?
"Мені қабылдауын талап етемін": Орамал тағып, боянып жүретін қазақ жігіті гей ме?
"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады
"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ертістен хат)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ертістен хат)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сондағы сүйенгенім қай иығың)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сондағы сүйенгенім қай иығың)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ертістен хат)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ертістен хат)
Қазақша өлең: Иса Байзақов (Үшінші желдірме)
Қазақша өлең: Иса Байзақов (Үшінші желдірме)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алып Алтай ананың)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алып Алтай ананың)
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Ақшам)
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Ақшам)
Қазақша өлең: Иса Байзақов (Алтай)
Қазақша өлең: Иса Байзақов (Алтай)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кавказға сәлем)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кавказға сәлем)
Өлең: Ағажай - Алтай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ағажай - Алтай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Ағыңды менің Ақсуым)
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Ағыңды менің Ақсуым)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Тағы соған)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Тағы соған)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Күн батар)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Күн батар)
Өлең: Қасым Аманжолов (Алматы)
Өлең: Қасым Аманжолов (Алматы)
Өлең: Ағажай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ағажай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Алтай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Алтай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Комбайн)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Комбайн)

KZ / Білім / Өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіров Алтын қазан өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Алтын қазан, ілияс жансүгіров Алтын қазан өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша ілияс жансүгіров өлеңдері илияс жансугиров олендери илияс жансугиров стихи на казахском Алтын қазан, Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алтын қазан) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

Прокомментировать
100-99