Мұқағали Мақатаев (Жырлар жазам)

 Мұқағали Мақатаев (Жырлар жазам)

Жырлар жазам,
Алайда ол кімге керек?!
Жанға шипа іздеймін, тілге дерек.
Мәжнүн болып барамын күннен-күнге,
Сау жандардан саяқсып, жүрген ерек.
Жырлар жазам,
Білмеймін не берерін,
Көгерерін білмеймін, тек өлерін.
Күйінішін халқымның, сүйінішін,
Өз үнімен жырласам деген едім.
Кімге дәрі бар сыры қара бастың
Өзім ғана өзіммен жағаластым.
Қапелімде ой айдап,қиял қуып,
Барса келмес сапарға араластым.
Барса келмес сапарға араластым,
Енді артыма бұрылып қарамаспын.
Жырлар жазам, дерімді деп өлемін,
Қарсы алдында тұрсам да дар ағаштың

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді