Психология | Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқуышыларын халық ауыз әдебиеті арқылы сөз қорын молайту

Психология | Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқуышыларын халық ауыз әдебиеті арқылы сөз қорын молайту

Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқуышыларын халық ауыз әдебиеті арқылы сөз қорын молайту.



Зерттеудің өзектілігі: Адамды адам қылған, ары қарай дамытып әрқашан жетілу үстінде құбылыс ретінде ең алдымен тілді атауға болады. Тіл-адам ойын жетілдіру үшін әлемді қоғады танытушы. Тіл арқылы әр адам өз ойын, өз пікірін жеткізіп, қорашаған ортамен қарым- қатынасқа түседі. Тілді тиімді әрі дұрыс пайдалану адамның сөз қорының және оны орныды қолдануына байланысты. Ал біздің қарастыратын отырған мәселеміз қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің негізгі бағыты- оқушының сөз қорын дамыту, жетілдіру, қалыптастыру болып отыр.
Сондықтан әрбір мұғалімнің негізгі міндеттернің бірі- оқушыларды жүйелі сйлеуге үйрету машықтандыру. Демек , тіл дамыту жұмысы метепте үздіксіз және мақсатты түрде жүргізілуі керек.
Осы кезеңде қазақ зиялылары келесі еңбектер жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінсінің негізін қалаған ғалымдар оқушылардың сөз қорын мәндес сөздер беру арқылы таныта дамыту бойынша ( Ы.Алтынсарин), таққырып бойнша сөздерді топтастыру ерекшеліктерін ( А.Байтұрсынов), оқушылардың сөз қорын байыту мәселесін мәтінді түсініп оқумен байланыстырады. Ондағы кездескен түсініксіз сөздердің мәнін игерту, сөздік жұмысы арқылы балалардың кітапты дұрыс түсініп оқуына ықпал жасауға болатындығын атап көрсетеді. Яғни осы мәселелер зияты бұзылған оқушыардың сөз қоры таным процестеріне, олардың ойлау және қарым- қатынасына, жалпы психикалық дамуына байлансыты дамиды. Сол себептен зияты бұзылған балалардың сөз қорының кедейлігі олардың ақыл- ойының дамуының төмен деңгейлігіне байланысты. Көмекші мектептің оқушыларның сөз қорлары кедей болады. Олар күнделікті көріп жүрген заттардың да аттарын атай алмай, олардың сөздері тұйықталған снаулы ғана болады. Мәселен: «жазды қалай өткіздің» деген тапсырма беріп әңгімелем беруді сұрасақ олар сөздерді аз қоданып, өз ойларын жеткізіп бере алмайды. Зияты бұылған оқушылардың өз сөздерінде 15-20 етісиікті қоланса, ал жалпы мектептің оқушылары өз сөздерінде 46-50 сөз қолданады.
А.Н. Гвоздев 1961ж отандық авторлардың брір, ол оқушылардың сөйлеу тілінің құрлымына өз үлесін қосты. Ол жазады: Зияты бұзылған балалар сөзқорында зат есімді меңгеруі қалыпты нормадағы қарағанда тез меңгереді. Содан кейін етістікпен сын есімді меңгеру проценті жоғарлай береді. Ақыл-ойы кем балалардың қатарында әр түрлі сыныптағы балалар көп сөйлейді, сөздік қорының мол балып саналады, бірақ олардікі тек бос сөзднр ретінде сананалады. Есте сақтауының дұрыс еместігігінен меңгергендегі олардың көп және аз мөлшерде естіген сөздерден қайталанады.
М.С. Соловьева(1969) 7- сынып оқушылары етеістікті қолдануын зерттей отырып оларда сөздік қорының кедейлігі байқалғаныны айтамыз. Оның мәлеметі бойынша етістіктегі қолданулардың жартысы қозғалыс пен кеістіктегі заттар мен шатастырылады. Қорыта келгенде көмекші мектептің зияты бұзылған оқушыларының сөз қорының кедей және ақыл- ойы дамуы шектеулі. Болып келеді. Олар көп сөздерді түісініп пайдалана бермейді, оларға көп сөз ыс емес грмматикалық категориялары жекелеген сөздерді біле бермейді. Әсіресе абстркатілі сөздерді ( бақыт, зор) түсінбейді. Олар және де өсімдіктің түлерлерін, шыққан тектерін біле бермейді(емен, қайың, терек) Сөздік қорының кедейлігіне байланысты зияты бұзылған балалардың сөздерді қысқа нақты емес, түсініксіз және өте қарапайым болып келеді.
А.С. Кузницованың айтуынша зияты бұзылған балаладың үш грамматикалық категорияларды (затеісім, сын есім, етестік) енжар сөздермен белсенді сөздерден екі есе көбейтеді. Сөйлеу тілі балалардың ақыл- ойының дамуына әсерін тигізеді. Яғни осы мәселемен айналысқан ғалымдар:Г.М .Дульнев, М.Ф.Гнездилов, В.Г. Петрова, З.Н. Смирнова, В.А.Лапшин,С.Н. Комская, ГМ. Данилькина, Е.А. Гордиенко, М.В.Тарасенко және де өзіміздің Қазақстан Республикамымыздың ғалымдары Қ.Қ.Өмірбкеова, К.Ж.Бектаева т.б. зияты бұзылған оқушылардың еңбек қызметіндегі, оқу барасындағы сөйлеу тілі, грамматика байланысты сабағында, оқу және жазу сабақтарында сөйлеу тілін мәселелерін қарастырған.
Сөйлеу тілінің жетіспеушлігі зияты бұзылған оқушылардың әртүрлі анализаторының жетспеушілігіне әкеліп соғады. Балалардың сөйлеу тілінің дамуы олардың таным қызметтеріне өзіндік әсерін тигізеді. Яғни қортыта келгенде көмекші мектептің оқушылары оқу процесінде сөз қорын дамытып, молайту мәселелері кең көлемді қамтып зерттеу жұмыстарын жүргізіліп соның барасында түзету жұмыстарын жүргізу керек.

Зерттеу нысаны- Көмекші мектеп оқушыларының сөз қорының қалыптасуы.
Зерттеу пәні- Көмекші мектептегі оқу процесі.
Зерттеу мақсаты- Көмекші метептің жоғарғы сынып оқушыларының сөз қорын дамыту жолдары.
Зерттеу міндеттері- 1. Арнайы әдебиеттерде берілген көмекші мектеп оқушыларының сөздік қоры ерекшелігі туралы мәселерге шолу жасау.
2. Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларның сөз қорын дамуын анықтау
3. Сөздік қорын тексеру әдістерін құрастыру.
4. Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының халық ауыз пайдалану арқылы сөз қорын дамыту тәсілдерін қарастыру.
Зерттеудің ғылыми жаңылығы. Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларның сөз қорының жағдайын анықтау, оны жетілдіру бағыттары, әдіс- тәсілдері құрастырылады.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Қазақ тілінде көмекші мектеп оқушыларының сөз қорының кейбір ерекшеліктері анықталып, арнайы мағлұматтар аланды. Бұл мәселенің теориялық жағдайы толықтырылды.
Осы мақсат пен міндеттерді шешу барасында көмекші мектеп оқушыларына зерттеу жұмысы жүргізілді.
Диссертациялық жұмыста қойылған мақсатты іске асыру үшін зерттеу жұмысын ұйымдастырылды. Зерттеуге № 3 көмекші мектептің 5,6,7 сынып оқушылары 45 оқушы қатысты.
Зерттеу барысында оқушыларға мынадай тапсырмалар берілді: заттық суреттерді атау; тапсырмалар берілді. Үш сөз табына зат есім, сын есім, етістік. Ең бірінші зат есімге байланысты 5 тақырып бойынша суреттер көрсетілді( жабайы жануарлар, қыстық киімдер, ыдыстар, еңбек құралдары, көліктер). Сонымен қатар әр балаға жеке парақта жазылған тапсырмалар берілді. Мәселен, сын есімге байланысты мынадай тапсырма берілді: Адамның бойындағы жақсы және жаман қасиетерін атап жаз.. Яғни бұл берілген тапсыраманы әр жақтылығын атап кететін болсақ, біріншіден адамның бойындағы қасииеттерді ажырата білу, жаман қасиетерден аулақ болуға тәрбиелеу. Ең маңыздысы сын есімге байланысты , заттың сынын білдеретін сөздердің жиынтығы екенін атап кетуге болады.Ал егерде етістікке байланысты оқушыларға берілген суреттер мен тапсырмаларды айтатын болсақ.Ең бірінші бағытта іс- қимылды білдіріп тұрған суреттерді көрсету, соны атап беруін талап ету, екіншіден, мәселен мынадай тапсырма берілетін болса Мағынасы қарама –қарсы сөздерді бөліп жаз.
Үлгі: кету- келу
Жабу- құлату
әкелу- апару
кіру- шығу т.б.
яғни, осы тапсырма барысында іс- қимылды білдіретін сөздер туралы мағлұматты толықтырып жетілдіру болып табылады.
Сонымен, осы зерттеу әдістемесі арқылы жүргізілген зерттеудің қортыныдысына келетін болсақ мынадай пікрге келеміз. Жалпы ерекшіленген деректермен салыстырғанда әдістеме нәтижесмен сәйкес келеді. Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының сын есіммен етістікті меңгеруі зат есімге қарағанда төмен деңгейде екінін атап кетуге болады.. Зерттеу барысындағы зерттеулерге сүйене отырып қазіргі таңдағы өзекті мәселердің бірі- көмекші мектептің оқушыларының сөз қорын молайту болса, сол мәселенің жақсы нәтижелі болуына бірден- бір біздің белсенді еңбек етуімізді, яғни осы сөз қорын дамыту барсында мақсатқа жету, әр жұмыстың бағыттарын ашу, дамыту жолдарын жүргізу біздің мойнымызда. Осы мәселені қарастыра отырып соны қолға алу барысында біз жақсы нәтижеге жете аламыз деген үміттеміз. Келесі қарастырылатын ғылыми жұмысымыздың үшінші бөлімі балалар әдебиеті арқылы көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының сөз қорын дамытудың жолдары қарастырылады.
Осы мәселені қарастырған авторлардың пікіріне тоқталайық. Халықтық ертігелер жөнінде М.Әуезов былай деген: Ертегілер балалардың ой сансын оятып, қиылының шарықтап өсуіне әсер етеді деп көрсеткен.
Ал зерртеуші Ш.Ахметов жұмбаққа мынадай анықтама берген «Жұмбақ дегенміз- адамның қай затқа болмасын поэтиклық көзқарасының қандай екенін сынау үшін, бір затты көркем тілмен жұмбақ етіп суреттеген, халақтық жанрдың бірі.» Осы ойды толықтыра келе, белгілі ғалым М.Ғабдуллин «Ойға алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырты көріністерін, сыртқы бейнелерін қысқаша сипаттап солар арқылы жұмбақ етелген затты табуды жұмбақ дейміз, - деп анықтама берген.
Зерттеу барысында алынған мағлұматтарға сүйене отырып, көмекші мектептің оқушыларынң жас ерекшеліктерін, даму ерекшіліктерін ескеріп мынадай жұмыс бағыттары туралы атап өтуге болдады.
Халық ауыз әдебиетінде мәтінмен жұмыс істегенде мынадай жұмыс түрлерін ұсынуға болады.
1. Мәтінді қабылдауға оқушырады психологиялық тұрғыда дайындау.
2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.
3. Шығарманы оқу.
4. Оқыған шығарманың мазмұыны айту.

Мәтінді қаблдауға оқушылардың психологиялық дайындығы.
Көркемшығарма жазушының сөзі арқылы қабылданады. Шығарманы оқу барсында оқушыда елес пайда болуы тиіс. Балалар елес арқылы шығарманың кейпкерін образын, табиғи көріністерін түсіне білуі керек. Осы ішкі көрініс айқындала түсу үшін, оқушының санасында осы бейне анық жасалу үшін, шығарманы оқымасбұрын оқушыларды алдын ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Дайындық жұмысынң мақсаты- балаларға шығарманы толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызу. Мынадай әдіс- тәсілдер қолдануға болды:

1. оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызу, яғни өздерінің көрген білген естіген, бастарыныа кешірген оқиғаларын айтып беруі талап етіледі.
2. Мұғалімнің әңгімесі. Кейбір жағдайда егер оқытылатын тамтериалды түсінуге қажетті деректерді балалар білмейтін болса, мұғалімнің өзі кіріспе әңгіме айтып береді.
3. Экскурсияда байқағандарын пайдалану. Оқушылардың әңгімесі немесе мұғалімдердің әңгіменің болсын балалардың экскрсияда көргендірін байланыстрыу тиімді нәтиже береді.
4. Суреттер қарау. Шығарманың мазмұнына қарай суреттер сай берілсе, олар дайындық кезінде пайдаланды.

Осы халық ауыз әдебиет жанрларымен, яғни барлық түрімен жұмыс барысында сөздік жұмысын жүргізу тиімді және қажетті болып табылады. Өйткені арнайы әдебиеттердің деректеріне сүйене отырып халық ауыз әдебиет жанрларының түрлерін қабылдау кезінде мынадай қателітерді көруге болады: сөздің мағынасын шатастыру, заттың атын толық біле алмау т.б. Яғни осы қиындықтарды жеілдету немесе болдырмау үшін сөздік жұмысын жүргізу барысында мынадай жұмыс түрлеріне тоқталамыз.
1. жаңа сөздермен жұмыс. Яғни бұл жерде тек жаңа сөзді ауызша ғана атап қоймай, сонымен қатар суреттерді көрсету арқылы да жүргізуге болады.
2. сөздің мағынасын түсінуімен жұмыс. Бұл жерде мәтін арқылы түсіндіру тиімді болады. Яғни осы мәтін ішінен жаңа сөзді тауып көрсету талап етіледі. Сол кезде баланың жаңа сөздің қаншалықты түсінгенін байқауға болатынын көрсетеді.
3. жаңа сөзді жазу. Яғни бұл жерде ол тек жаңа сөзді тауып қана қоймай оны дәптерге түсіру. Кейбір балалар жазу арқылы есте жақсы сақтайды, сондықтан біз балалардың даму ерекшеліктерін ескеруіміз керек.
4. белсенді сөз қорында пайдалана білу. Осы жерде балаға өзі сөйлем құрауы талап етіледі. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың жаңа сөзді қаншалықты қабылдағанын көретеді,Егер бала жаңа сөзді жақсы қабылдаса ол сөйлем құрау барасында сол сөзді тиімді қолдана алады.
Сонымен қорыта келегенде халық ауыз әдебиет жанрларының қайсысын болмасын қабылдау кезінде сөздік жұмысының тиімділігін атап кетуге болады.
Сөздік жұмысы- тілді дамытудың негігі қадамы. Ең негізгі мақсат- оқушыралың сөйлеу қабілеттерін арттыру, ауыз екі тілдерін дамыту. Үй кірпіштен қаланса, тіл сөздерден құралады. Сондықтан тілдің дамуының ең алқашқы және маңызды қолдансы—сөздік жұмысы. Сөздік жұмысы тек жаңа сөздермен танысу немесе жаттаумен жзумен шектелмей, оның түрлі амалдарын тиімді пайдаланған дұрыс. Әр сныпта сөздік жұмысынң түрлері мен деңгейлері әрқилы келеді. Бастауыш сыныпта мұғалім жаңа сөздерді беріп, оның дұрыс айтылуын қадағалап отырса, жоғарғы сыныпта сөздерді сарлап аудару тапсырмасы беріледі. Сонымен қатар оқушылар жаңа сөздердің синоним, антоним, омонимдерін тауып, бұрын жаттаған сөздерін қайталап отырады.
Сонымен қорыта келгенде, осындай жұмсытарды жүргізу барысында оқушылардың мәтінді, жұмбақты т.б. қабылдауы нәтижелі болады. Көркем шығармалардың түрлерін оқыту барсындағы жұмыстардың бағыттарын ұсына отрып, келешекте осыған байланысты зерттеу әдістемесі әзірленіп, зерттеу жұмысы жүргізілуі тиіс деп санаймыз. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?