Қасым Аманжолов (Марш)

Шықты еліріп
Сұм буржуйлар.
Қолын созып
Аспан-көкке,
Жинал, жолдас,
Пролетарлар,
Отырыңдар
Самолетке?
Шегін кері, жаулар арсыз!
Жұмысшы мен шаруалардың,
Елі ұшырған сұңқарлармыз!
Атты әскерлер өтпес жерден,
Табан тимес,
Қиын белден,
Қуған талай
Жау құзғыным,
Ер канатты
Туғызды ұлын.......
Өлеңдер
Толық

Қасым Аманжолов (Мәжілісқорлар)

Түн ауысып,
Таңға айналса болды тек,
Күнде көрем:
Жөңкілген жұрт лек телек,—
Басқармаға,
Комитетке,
Полит пенен Просветке
Ағылған жұрт қызметке.
Кеңсесіне кірісімен қызметкер,—
Жауды жаңбыр — жауды қағаз бір нөсер,......
Өлеңдер
Толық

Қасым Аманжолов (Бөріктен без)

Әй, ақымақ
Есер ерлік:
Жаудың бәрін
Сорлы көрдік.
Лақтырсам тек
Папақ, бөрік,
Жау сұлатып
Салам, дедік.
Қорық
Орыстың
Бұл сөзінен:
Фуражкаға
Сене көрме.
Ол сөзге ерсең
Қабырғаңды
Қаусатар жау
Талай жерде.........
Өлеңдер
Толық

Қасым Аманжолов (Ұқсас ұрандар)

Жауынгерлік өтті он жыл.
Өшкен жоқ әлі жау үні,
Мүмкін тағы
Жақында,
Жорықты күндер керуені
Шаңдатар
Қырды, жондарды —
Жауынгерлік
Жолдарды.
Дайындалып
Жаулар тұр,
Қырғын соғыс......
Өлеңдер
Толық

Қасым Аманжолов (Саша)

Бейітінде баласының зарлағандай ана байғұс,
Мұңлы дала аспанында күрсінеді балшықшы құс.
Естіледі егіншінің әлдеқайда салған әні,
Ұзақ әуен жүрек тербеп, қиялыңа жалғанады.
Қарағай мен терек толы аралайсың орман ішін.........
Өлеңдер
Толық

Қасым Аманжолов (Лениншілдер)

Блокада
Шеп құрса да
Күндіз-түн
Аранына қалсақ түспей
Іс істеңдер
Деді Ильич.
Толтырайық
Мұнаймен
Ел сауытын!
Өссін көмір,
Жер қойнынан
Ала түс!
Осылайша
Іс істеңдер
Деді Ильич!......
Өлеңдер
Толық