Қадыр Мырза Али (Көктем)

Қарайып жарқабақтар күн ыстаған,
Қырдан қар төмен қарай жылыстаған.
Тосады жалпақ дала күнге жонын,
Денесін жазайын деп құрыстаған. .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Қазына)

Америка ашқандай
Аштық талай өңірді.
Кедергісіз ешқандай
Қаздық қанша көмірді!
Қара жерді қопардық
Астары - алтын,
Тысы - шым.
Кенді судай қотардық .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Даламыз бен баламыз)

Сағыныш сары перідей
Сезімді жаншып,
Булығам:
Аранға түскен бөрідей
Аспанға қарап ұлыған.
Көңілім менің ауылда,
Көлбеген жазық далада.
Көндігіп дүлей дауылға,
Көндікпей қойдым қалаға......
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Өмірдің өзі қызық-ақ)

Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ,
Жап-жақсы жырды кейде біз түзеумен жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ,
Біреуді сынап адам ғып, мақтаумен жүрміз бұзып ап......
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Теңеу)

Көздері қанығы
Күдіксіз таныды:
Бабамыз болыпты
Даланың балығы.
Сағымда жүзіпті,
Торларды үзіпті.
Тартыпты азапты
Көрсем деп қызықты......
Өлеңдер
Толық