» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Қазына)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қазына)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қазына) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Қазына) на казахском языке
Америка ашқандай
Аштық талай өңірді.
Кедергісіз ешқандай
Қаздық қанша көмірді!
Қара жерді қопардық
Астары - алтын,
Тысы - шым.
Кенді судай қотардық
Мырышы үшін,
Мыс үшін!
Тұнып тұрған бір құнар
Түзім менің керең бе?
Жермай үшін бұрғылар
Жетті қанша тереңге!
Қашты жұрттың күлкісі,
Қашқаны да орынды:
Көне заман мүлкі үшін
Қаздық қанша қорымды!
Көзіңізбен көрдіңіз:
Таумыз,
Түзбіз,
Тақырмыз.
Қазып-қазып,
Жерді біз
Жегідей жеп жатырмыз!
Бүгіп қалма!
Бұлдама!
Болса елдің керегі.
Басқа түгіл,
Бұл дала
Бізге ұран да береді!
Келешекке базына
Көп сыр жатыр жазылмай.
Тарих деген қазына
Қала ма тек қазылмай?!
Өткен күн де - өнеге,
Тонна тұрар грамнан!
Тарих сонша -
Немене? -
Қауіпті ме ураннан?!

Автор: nurgul95 | 142 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Қазына өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Қазына, қадыр мырза али Қазына өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Қазына, Өлең: Қадыр Мырза Али (Қазына) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке