» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Менің әкем)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Менің әкем)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Менің әкем) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Менің әкем) на казахском языке
Бұл өмірді кім саған оңай депті!
Қайырасың тағдырдан қалай кекті?
Менің әкем
Сияқты Адам ата
Қалай келсе өмірге
Солай кетті.
Әкем жайлы енді-енді біліп келем:
Күресіпті ол контра.
Бүлікпенен.
Ол өлгенде артында түк қалған жоқ —
Болмаған ғой шаруасы мүлікпенен.
Орындалмай жатқанда мақсаты әлі
Ажал келіп мезгілсіз қақсатады.
Артында оның жар қалды,
Бала қалды,
Қалды сосын өзінің жақсы атағы.
Кескілеген заман ғой керегені.
Жесіріне қол ұшын бере ме елі?!
Береді ғой,
Бірақ та біздер үшін
Ақсақ лақ болса да керек еді!
Болмады не тәп-тәуір баспанамыз.
Үй сұрауға біреуден жасқанамыз.
Аяқ-қолды байлаған сол тапшылық,
Тапшылық па?
Керемет таспа нағыз!
Ерте айтқанмен тілек пен талап әнін,
Бірден бола қойған жоқ қалағаным.
Ел қамымен жүрем деп әкем менің
Ескермепті жар қамын,
Бала қамын.
Орындалмай жатқанда мақсат әлі,
Ажал келіп мезгілсіз қақсатады.
Артында оның от қалды,
Ошақ қалды,
Қалды сосын өзінің жақсы атағы.
Қыр көрсетіп қанша бай,
Қанша бекке,
Көтерілді жас қоғам талша көкке...
Балам менің тартса екен атасына —
Жиырмасыншы жылдардағы большевикке!

Автор: nurgul95 | 279 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақша өлең: Назгүл Бердіқожа (Арал әке)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Назгүл Бердіқожа (Арал әке)
Өлең: Ғафу Қайырбеков (Қайран әкем!)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ғафу Қайырбеков (Қайран әкем!)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Күз)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Күз)
Әңгіме:  Ілияс Жансүгіров | Шәркей
Әңгімелер жинағы
Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Шәркей
Өлең: Қасым Аманжолов (Желкен)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қасым Аманжолов (Желкен)
Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев ("Правдаға")
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев ("Правдаға")
Шығарма: Менің отбасым
Шығармалар жинағы
Шығарма: Менің отбасым
Қазақша өлең: Әкеме
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Әкеме
Өлең: Қадыр Мырза Али (Аурудың аты)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Аурудың аты)
Ұлттық ойын: Үй артында қол ағаш
Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы
Ұлттық ойын: Үй артында қол ағаш
Өлең: Қадыр Мырза Али (Батпақ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Батпақ)
Ертегі: Тоқсаба мен тоғыз жасар бала
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Тоқсаба мен тоғыз жасар бала
Өлең: Қадыр Мырза Али (Жыл маусымдары)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Жыл маусымдары)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Тәжібайға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Тәжібайға)
Қазқаша анекдот: Арсыз әке немесе жастай кеткен жас жігіт
Анекдоттар мен әзілдер жинағы
Қазқаша анекдот: Арсыз әке немесе жастай кеткен жас жігіт
Өлең: Қадыр Мырза Али (Операция үстінде)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Операция үстінде)

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Менің әкем өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Менің әкем, қадыр мырза али Менің әкем өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Менің әкем, Өлең: Қадыр Мырза Али (Менің әкем) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке