Биология | Кұс шаруашылығы кұстардың шығу тегі және үйге үйрету

Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді. Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене мөлшері тұмсық пішіні мен басы, мойнының ұзын – қысқалылығы, қанаттары мен құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше нұсқаларда кездеседі.
Құс шаруашылығы өнімдерінен яғни, етінен, меланж жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдірілу үстінде . Ғалымдармен мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін тұтынушыларға сапалы да жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы мақсатта құс шаруашылығы жоғарғы деңгейде дамиды деген сенімдемін. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама қайшылығы

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында Кеңес Одағының және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан халықаралық қатынастардың бүкіл тұтас жүйесі құлауымен байланысты әлемдік саясатта ғаламдық өзгерістер орын алды.
Биполярлы жүйе құлауымен байланысты әлемдік екі саяси жүйе арасында әскери және қарулы күштер саласындағы жарыс тоқтатындай көрінді. Алайда, биполярлы жүйелен кейін жекелеген мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің алуан түрлілігіне орай геосаяси қарама-қайшылықтың орнады. Сол себепті халықаралық қатынастар тәжірибесінде әскери және қарулы күштер қолданылмайтын жаңа дәуір басталды деп айту қате тұжырым. Халықаралық қатынастардың жаңа заманға өтпелі кезеңінде ядролық қарудың жаңа әскери-саяси жағдайдағы ролін анықтау маңызды мәселеге айналды. Оның себебі, қазіргі ғаламдану жағдайындағы әлем мемлекеттердің арасындағы бұрынғыдай идеологиялық емес, өркениеттік діл және дін қарама-қайшылығының өсуі, дамушы мемлекеттерде тұрақсыздықтың орын алуы. Бүгінгі заманда мемлекетте ядролық қарудың бар болуы ғана емес, сол мемлекеттердің ядролық қару жасауға ниеттелуінің өзі де үлкен мәнге ие болып отыр. Бұл мәселенің жарқын мысалы ретінде КХДР-дың ядролық бағдарламасына байланысты туындаған 2002-2003 жылдары қалыптасқан халықаралық қатынастардың тұрақсыздық жағдайы бола алады. Алайда КХДР-да қалыптасқан тоталитарлық тәртіп пен сыртқы дүниеге жабық саясатын жүргізу саясатына байланысты бұл мемлекеттің ядролық қару жасау мүмкіндігі мен нақты жоспарлары бүгінде анық белгісіз күйінде қалып отыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Кылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесіндегі сот тергеуінің ролі

Қазақстан Республикасы - өзін толыққанды, зайырлы, құқықтық, демократиялық мемлекет екендігін өз Ата Заңы — Конституцияда түбегейлі бекітіп көрсеткен. Сол себепті Республика өмірінде көптеген өзгерістер болып өтуде. Соныың ішінде құқық қорғау саласы да көптеген өзгеріске ұшырады. Атап айтқанда, көптеген заң актілері мен ережелерге өзгерістер мен толықгырулар енгізілу арқылы сот, прокуротура, полиция органдарының қызметі жаңа арнага түсті.
Қүқықгық реформага дейінгі күқық қорғау органдарының жұмысы, олардың қызметінің негізгі багыттары құқыктық реформа талаптарына толыққанды жауап бере алмайтын еді. Сондықтан да мемлекет өз күштеу органдарының жұмысын жетіддіруді, оның жұмысына жаңа багыт беруді өз міндеті ретінде қарастырды. Соттардың қызметінің жақсартылуы, олардың тәуелсіздігі, тергеу жүйесінің жетілдірілуі, әрине, қылмысты ашуға, ашылған қылмысқа әділ нүкте қоюға эсер етіп, қөп жұмыс жасады.
Құқық қорғау органдарының өзара жүмыс үйлесімділігін камтамасыз етуді , қылмысты ашуда біріккен нәтижелерге қол жеткізуді күқықтық реформаның оң қадамдары арқылы қол жеткізуге болатынын түсіндік. Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі және соттар мәртебесі туралы» заңының дер кезіңде қабылдануы сот қызметіне ерекше қарқыын мен белсенділік алып келді.
Сот қызметінің дүрыс үйымдастырылуы, әділ соттылықты толығымен қамтамасыз етуі — ол құқықтық мемлеқеттің негізгі талаптарының бірі болып саналады.
Президенттің қол қоюымен 1997 жылғы 13 желтоқсанда күшіне енген Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодеқсі - қылмыстық істер жүргізудегі өзгерістер, соның ішінде басты сот талқылауын жүргізу тәртібінің басқаша сипаттаумен ерекзпеленеді.
Істі мәні бойынша қарау, қорғау, айыптау қызметтерінің бөлінуі — сот тергеуіне ерекше серпін беріп қана қоймай, бүрынғы сот тергеуін реттейтін нормалардың күшін жоюға әкеліп соқгы.
Мемлекеттің қылмыстық іс жүргізу саясаты — соның ішінде осы саясатты өз заңцары арқылы жүзеге асыру — ол демократиялық талаптарға толығымен сай келіп, қылмыстық процестің қандай қатысушысы болмасын, өз Ісұқықтары мен занды мүдделерін толығымен қорғауға мүмкіндік беріліп отыр деуге болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қ Р сында инвестициялық қызметті жүзеге асырудың теориялық мәселелері

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салынымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындақтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.
«Инвестиция» термині латынның investire – «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар өндіріс-материалдық запастар және т.б.) таза инвестицияландыру немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР сындағы инвестиция

Тұрақтылық пен экономикалық өсу мүмкіндігін анықтайтын маңызды фактор инвестициялық белсенділік болып табылады. Қазақстанда қабылданған экономикалық реформалар іс жүзінде құқықтық, қаржылық-экономикалық және халық шаруашылығының негізгі буынының, яғни кәсіпорындар, ұйымдар, оның шаруашылық және азаматтық айналым жүйесіндегі статусын, әлеуметтік жағдайын өзгертті. Мемлекеттік меншікке негізделген экономиканың барлық салаларында жұмыс істеген бұрынғы кәсіпорындардың орнына жеке, аралас, сондай-ақ акционерлік меншікке негізделген миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қызмет етеді. Осының барлығы басқару мезанизмі мен экономикалық өсудің негізі, ұйымның бәсеке қабілеттілігі мен толық экономиканы жоғарылатуға бағытталған кәсіпорынның инвестициялық қызметіне әсерін тигізді.
Нарықтық қатынастардың даму барысымен бір мезгілде шаруашылық қызметтің тәжірибесінде кәсіпорындардың барлық меншік түрлерінің ішінен қаржылық инвестициялар кең тарады. Сонымен бірге, көптеген акционерлік қоғамдастықтар пайда болуда, атап айтқанда: мемлекет, банктер, кәсіпорындар еркін ақшалай капиталды тарту әдісімен қарыздық бағалы қағаздарды жиі қолданады. Фьючерлік келісімдердің, кепілдіктердің, яғни туынды бағалы қағаздар нарығы дамуда.
Бұл курстық жұмыста экономикалық өсудің құралы ретінде инвестицияға сипаттама беріледі, осыған сәйкес инвестицияның түрлері мен типтерін ашуда ерекше назар бөлінген, жалпы алғанда, инвестицияның қазіргі заманғы жағдайының анализі мен динамикасына, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат ұсынылады. Инвестициялық қызметке байланысты күрделі проблемалардың бірі инвестицияның қаржылық көздері болып табылады, сондықтан да бұл жерде инвестициялық ресурстармен қаржыландыру көздерінің классификациясы беріледі.
Мемлекет пен кәсіпорынның инвестициялық қызметі жөніндегі қарым-қатынасы мемлекеттік қолдаудың шаралары ретінде жеке талқыланады.
Инвестициялардың тиімділігін экономикалық тұрғыдан негіздеудің объективті қажеттілігі нарықтық экономика шарттарында экономикалық заңдардың қолданылуынан, толығымен өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі жабдықтау қағидалары бойынша жұмыс істейтін акционерлік және жеке кәсіпорындардың толық экономикалық тәуелсіздігінен; ал қаржылық ресурстар экономикалық жағдайда материалды-техникалық ресурстардың шектеулі болуынан туындайды. Сонымен қатар, экономикалық тиімділік көрсеткіштері мемлекеттік мекемелерді былай қойғанда акционерлік кәсіпорындарда жоспарлау нысаны, ал өткізілетін техникалық, ұйымдастыру-экономикалық сипаттағы іс-шаралардың экономикалық тиімділігі маңызды болып табылады. Сол себепті Қазақстандағы нарықтық экономикаға көшу жағдайында инвестициялық үрдіс барысын және инвестиция тиімділігін жоғарылатудың негізгі бағытын ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР ғы Тұран Әлем Банкі операциялары мен қызметтері

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады.
Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады.
Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражатын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айрылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіріеді.
Несиелік жүйе «ертегідей күшкең ие болып отырып «нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы ң мүмкін. Карл Маркс келесіде «Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуінең назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың түйіні екені ескеріледі.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің рөлі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Қабдеш Жұмаділов

Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романдарын талдай отырып, өзімнің де тарихқа жүгінуіме тура келді. Қашанда әдебиет пен тарих байланысты ғой. Сондықтан да диплом жұмыста көп нәрсеге түсінік беру үшін, тарихи мәлеметтерге сүйену керек болды. Бұл мақсатта «Қазақ ССР тарихы», «Қырғыз ССР тарихы», энциклопедиялар, тарихшылардың мақалаларының барлығына шолу жасалды. Әсіресе, жазушының Қаракерей Қабанбай туралы жазған «Дарабоз» романы көп ізденісті талап етті.
Өйткені, әрбір жазушы кез-келген шығарманы жазу алдында көп ізденіс, шығармаға байланысты материал тауып, даярланады. Содан кейін бәрін сарапқа салып, содан кейін шығарма жаза бастайды. Ал, тарихи романды жазу үшін жазушыға үлкен дайындық керек. Ол тарихты тарихшыдан кем білмеу керек. Қабдеш Жұмаділов те «Дарабозды» өмірге әкелерден бұрын, көп нәрсені зерттеп, талдау жасайды. Бүгінде «Дарабоз» романының маңызды шығарманың бірі болып отырған сондықтан.
Қабдеш Жұмаділов – тіл байлығы керемет қаламгер. Қай шығармасын оқысаң да, осы айтылғанға көзің жетеді. Бұл әрине жазушының «сөз өнерінің» шебері екенін дәлелдейді. Оның сөздері орынды пайдаланып, әр түрлі тіркестерді қолдануының өзі шеберлігінің бір көрінісі.
Дипломдық жұмыста жазушының романдарында қолданған әр түрлі мақал-мәтелдерді, сөз тіркестеріне ерекше мән берілді.
Асылы, Қабдеш Жұмаділов - әдебиетке үлкен дайындықпен келген жазушы. Ең алдымен – ол шебер суреткер.
Мәселен, «Көкейкесті» романындағы Қарлығаш бейнесі, «Атамекен» романындағы Ғалия бейнесі, «Дарабоз» романындағы Назым бейнесі, сонымен қатар «Көкейкесті», «Атамекен» романындағы қала мен ауыл көрінісінен үзінді берілген. Сонымен қатар, диплом жұмысында романдардың идеясы, жазылу себептері, оған жасалған дайындық туралы да айтылып өтеді. Бұларды жазуға жазушының ғұмырнамалық романы көмекші болды. Өйткені, мұнда тек жазушының өмірбаяны ғана емес, сонымен қатар оның әр бір шығармасының жазылу тарихы баяндалады.
Дипломда, жазушының соңғы жылдары жарық көрген романдары да қарастырылады. Мәселен, жазушының 2002 жылы жарық көрген «Прометей алауы» романы жан-жақты талданады.
Қабдеш Жұмаділов жасының жетпіске жақындағанына қарамастан, жазушылық қызметін тастар емес. Соңғы жылдар ол бізді «Таңғажайып дүние», «Ақтайлақ би», «Прометей алауы», «Қыл көпір» сияқты романдарымен қуантып жүрді. Әлі де қуантатынына сенемін. Өйткені, бұл қаламгер ең соңғы демі таусылғанша өз қаламымен қоштаспайды. Ал бұл жазушы тірі тұрғанда, біздің әдебиет үшін қорқатын жөніміз жоқ. Сол үшін, бұл жазушыға тек ұзақ өмір тілеуден басқа ешнәрсе айта алмаймыз. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Қабілеттің қалыптасуындағы еңбектің алатын орны

Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандайда қызметті орындауы қажет жэне сол істің тиімді нәтижелерін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс.Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психологиялық табиғатына ие болудан, екіншіден әркімде өз алдына « қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті » деп аталады. Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ олардың біріде шын қабілет тобына кірмейді, себебі біріншісі құбылыс емес, екіншісі баршада бірдей көрініс эрекет қабілетінің табысты іс-әрекетінің байланыстылығын баса айтумен, тиімді нэтижеге негіз боларлық дара өзгермелі адам қасиетінің шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздерге қарағанда қабілетті адам іс-әрекеттерді тезірек меңгереді, қажетті мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішінде әр түрлі психофизикалық қызметтермен психикалық процесстерді ғана емес, сонымен бірге жеке түлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім жэне әрекеттерінде көрінгенмен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы: тұлға техникалық және білім жағынан күшті қызметтке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нэтиже беруге шебер.
Нақты көрінетін білім, ептілік жэне дағдылар қатарларында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланған жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайларда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет-білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндігінің көзі, ал оның іске асу аспау көп нэтижелерге тәуелді. Мысалы: балада керемет математикалық қабілет болу ықтимал, бірақ ол сол баланың ғұлама математик боларының кепілі емес. Қоғам қолдамауынан қаншама даналардың болмай жатып, қүрдымға кеткенін кім санапты? Ал мектепте « үштік » баға ептеп ілесіп жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғылым-физик болыпты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазiргi қазақ тiлiндегi бір құрамды сөйлемдер

Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму тарихында оның негізін салушылар А.Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев есімдері ерекше аталатыны сөзсіз. Аталған ғалымдар жалпы қазақ тіл ғылымының дамуына зор үлес қосты дейтін болсақ, соның ішінде синтаксис саласына қалдырған мұралары күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығын атап өтуіміз керек. Синтаксистің аса күрделі де күрмеуі мол салаларын зерттеп, зерделеу, оның тілдік табиғатын таныту мен құрылымдық-семантикалық белгілерін айқындау ісінде белгілі ғалымдар Н.Сауранбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әмір еңбектерінің мәні зор. Кейiнгi жылдары жарық көрiп жатқан оқулықтар мен зерттеу жұмыстары аталған ғылым саласының әлi де зерттей түсудi қажет ететiн тұстары бар екендiгiн көрсетiп отыр.
Тілді грамматикалық тұрғыдан қарайтындар да, логикалық аспектіде қарайтындар да сөйлемнің қандай түрі болмасын предикативтік қасиетке ие және ол бұның ең басты белгісі болып саналады деп есептейді.
Осыған байланысты да көп уақытқа дейін сөйлем атаулының барлығы дерлік тек екі басты мүшелі болуға тиіс деген идея үстем болып келді.
Алайда сөйлемді үздіксіз әрі жан-жақты зерттеу нәтижесі құрылымдық ыңғайда оның белгілі бір стандартқа сыймайтынын, сөйлем сан қырлы сыры бар құбылыс екенін көрсетті. Сөйлемнің сондай ерекшелігінің бірі - олардың бір бас мүшелі болып та келуі. Осыған байланысты тіл ғылымында “ бір бас мүшелі” (бір құрамды) сөйлемдер идеясы қалыптасты. Сөйлем синтаксисін зерттеушілердің қайсысы болмасын бір құрамды сөйлемдердің де предикативтік құрылымға негізделетінін жоққа шығармайды. Қазақ тіл білімінде бұл мәселені арнайы зерттеген – ғалым Ж. Сәдуақасов. Аталған проблемаға қатысты негізгі мәселелер айқындалды десек те, әлі де айқындауды қажет ететін тұстары бар. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Қазақ Баспасөзі

Бүгінгі таңда әлемде сан түрлі жыныстық аурулардың өршіп отырған кезінде, жыныстық тәрбие жайындағы басылымдардың да қажет екені ақиқат. Бұл салада арнайы жыныстық қатынасты емес, тәлім - тәрбиелік ниеттегі, махаббат, неке және отбасы қарым- қатынастары төңірегіндегі мәселелерді кеңінен қозғап отырған «Адам ата Хауа ана» газетінің аяқ алысын құптаған жөн.
Бұл аталған басылымдардан басқа саяси науқандар кезінде арнайы мақсаттарда шығарылған «Дат» және «СолДат» сияқты мемлекеттік емес басылымдар да жарық көрді. Бірақ, бұл газеттер белгілі бір топтың мүддесін көздеп, мемлекет басшысын, үкімет мүшелерін қаралаудан тұратын субъективт жарияланымдары арқылы халықтық басылымға айнала алмаған еді. Еліміздегі қазақ тілінде жарық көретін тәуелсіз басылымдар туралы айтқанда, «Алтын Орда» гезетін ерекше атап өтуге лайық. Алтын Орда газетінің бір жылдан аса мерзім ішінде тиражы өсіп, өткір қалам қайрауымен, тың пікірлер көтеруімен, республикамыздағы келеңсіз құбылыстарды жоғары жаққа батыл жеткізе білуімен халықтың көңілінен шығып келеді.
Президентіміз Н. Назарбаев: «Қазақстаның егеменді мемлекет ретінде қалыптасыуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде саяси демократия - тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарынсыз ақылға қонымсыз болар еді. ....
Курстық жұмыстар
Толық