Экономика | ҚР ғы Тұран Әлем Банкі операциялары мен қызметтері

 Экономика | ҚР ғы Тұран Әлем Банкі операциялары мен қызметтері

Мазмұны

Кіріспе

І-ТАРАУ. Коммерциялық банктердің қағаздар нарығындағы мақсаттары
1.1. Банктердің Бағалы қағаздар нарығындағы басты мақсаты
1.2. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің қызметі

ІІ-ТАРАУ. Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтері
2.1. Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары
2.2. Коммерциялық банктердің активтік операциялары
2.3. Екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есептің, шоттардың жаңа концепсиясы

ІІІ-ТАРАУ. Қ.Р-ғы Тұран Әлем Банкі
3.1. Тұран Әлем Банкінің жетістіктері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


І-ТАРАУ. Коммерциялық Банктердің қағаздар нарығындағы мақсаттары
1.1. Банктердің Бағалы қағаздар нарығындағы басты мақсаты

Жоғарыда айтылғандай коммерциялық банктер Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет көрсете алады Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет дегеніміз – Бағалы қағаздар нарығында кәсіпқой қызметтік бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар. Ол кәсіби қызметтерге келесілер:
- брокерлік қызмет – сыйақы үшін шарт негізінде іс-қимыл жасайтын, клиенттердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерін көздеп бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асырушы делдал
- дилерлік қызмет – бағалы қағаздарды кейін қайта сату немесе олармен өзге де мәмілелер жасау нәтижесінде пайда табу мақсатымен өз атынан және өз есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіпқой қатысушы
- реестр жүргізу қызметі – Бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға
- кастодиандық қызмет – клиенттердің сеніп тапсырған бағалы қағаздары мен ақшаны сақтау және есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпқой қатысушы
- Бағалы қағаздарпортфелін басқару қызметі – Бағалы қағаздар портфелін сондай-ақ Бағалы қағаздарсатып алуға арналған ақшаны басқару жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
• Өзінің дәстүрлі қызметі несие және есеп-айырысу үшін қосымша ақша-қаражаттарын Бағалы қағаздар шығару арқылы тарту
• бағалы қағаздарға инвестициялағаны үшін банкке төленетін пайыздар, дивидендтер және бағалы қағаздардың бағамдық өсімінен пайда алу
• клиенттерге бағалы қағаздармен операциялар бойынша қызмет көрсетуден табыс алу кәсіпорындар мен ұйымдардың Бағалы қағаздар портфеліне қатыса отырып, әсер ету сферасын кеңейту тапшы ресурстарға бағалы қағаздардың ерекше құқығы арқылы қол жеткізу банктің өтімді құралдарға салынған салымдарының өтімділігін қолдаудың керекті қоры клиенттердің туынды бағалы қағаздармен операцияларын қаржылық тәуекелден сақтандыру және бағалы қағаздардың бәсең спекуляциясынан қосымша табыс алу
• Бағалы қағаздарнарығындағы коммерциялық банктің бағытын таңдау.
Біздің отандық тәжірбиемізде банктер мен брокерлік компания, инвестициялық компаниялар мен қорлардың Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметте бірге қызмет көрсетеді. Банктер өздерінің қаржылық базасымен (капитал көлемі, активтердің-диверсификациясы және олармен операция) кадрлық құрамы және материалдық қамтамасыз етілгендігімен нарықтың ерекше қатысушысы болады. Сонымен қатар, бағалы қағаздармен операциялар банктің негізгі қызметі болмағандықтан мамандандырылу аясында өзінің мәртебесі түсіңкірейді.
Бұл факторлар банк пен банктік емес инвестициялық институт арасында бәсекелестік тудырады:
1. Операциялардың көлемі бойынша бәсекелестік.
Нарықтық экономикаға көшу қаржылық ресурстарды қайта бөлу және бағалы қағаздарды шығару арқылы қаржыландырудың маңызының өсуіне байланысты бюджет пен банктік несиенің алатын орнын қысқартты. Бағалы қағазды шығару арқылы қаржыландыру, яғни жарғылық капиталды көбейту (акция шығару) және де облигация мен басқа да қарыздық міндеттемелерді шығару арқылы болады. Бұл көрсеткіш айналым құралдары мен капитал салымдары арасында пропорция болады, яғни несиенің үлесі аз, ал Бағалы қағаздармен құралдарға жұмсалған инвестиция көлемін кеңейтеді. Бұл қалыптасқан деңгей банктер үшін несиелік нарықтық азайып, ал банктік емес институттар үшін нарықтық ресурстардың кеңеюін білдіреді. қорытындысында, бір банктің ішіндегі қор және несиелік бөлімдер арасында бәсекелестік жүреді.
2. қаржылық ресурс тартуда бәсекелестік.
Жоғарыдағы айтылған жағдай шаруашылықтар мен халықтың ақшалай жинақтарын бағалы қағаздарға салу тиімді болып табылады және банк пен банктік емес инвестициялық институттың ақша ресурстары бәсекелес болады. Әсіресе, институционалды инвесторлардың жинақтарын әлемдік тәжірибе бойынша есептесек, банктің депозитіне салғаннан гөрі жоғары өтімді және тиімді бағалы қағаздарға салынғаны артық. Бұндай өзгеріс банктердің депозиттік базасын қысқартады.
3. Қаржылық брокер мен инвестициялық кеңесші қызметін атқару үшін инвестициялық компания, қорлармен бәсекелесу. Банктер мен банктік емес инвестициялық институттардың Бағалы қағаздар нарығындағы атқаратын операциялары бір типті болғандықтан, олардың арасында нарықтағы үлес үшін бәсекелестік туады. Бұл жерде банктің алатын үлесі жоғарылау өйткені, келесі факторлық ерекшеліктер әсер етеді:
- қаржылық тұрақтылық пен сенімділігі жоғары бағалы қағаздардың орналастыру кепілдігі жоғары эмитенттер мен инвесторларға несие беру, бұны брокерлік компаниялар ұсына алмайды
- бағалы қағаздармен операция бойынша есеп-айырысу-кассалық қызмет көрсетудің комплекстік жиынтығы
Бірақ та соңғы кездері жарғылық қоры жоғары инвестициялық компаниялар мен қорлардың пайда болуы көрсетілген банктің ерекшеліктерін әлсіретуі мүмкін.
4. Бағалы қағаздарды есепке алу, сақтау және жүргізілген операциялар бойынша есеп-айырысу қызметтерін орындау үшін арнайы ұйымдармен бәсекелесу.
5. Банктік қызмет көрсету үшін бәсекелес болу.
Ірі брокерлік компаниялар халықаралық тәжірбиеде банктің көрсететін қызметіне ұқсас қызметтер ұсынады: клиенттерге ақшалай шоттарын ашу және ол бойынша бағалы қағаздармен операциялары үшін есеп-айырысу, кепілдеме бере отырып жасалынатын бағалы қағаздармен мәмілелер үшін ақшалай несие беру.
6. Бағалы қағаздар шығарудағы бәсекелестік. Банктер сияқты банктік емес инвестициялық институттар ірі Бағалы қағаздаршығарушы болып табылады және осы Бағалы қағаздаршығарушы болып табылады және осы Бағалы қағаздар шығарылымы арқылы ресурстар тартады. Осы байланыста Бағалы қағаздар нарығы жоғары деңгейде бәсекелес болып табылады.
7. Бағалы қағаздар нарығының басқа секторлармен бәсекелесу. Банк пен банктік емес инвестициялық институт арасындағы бәсекелестік келесі жағдайларда да болады:
- қосылу, табу, бөлу және т.б. қызметтерін көрсету
- қор биржасын құру
- биржадан тыс сауда жүйесін ұйымдастыру
- инвестициялық институттың қосылып ассоциация құру
- нарықтың ақпараттық инфрақұрылымын және ақпараттық есептегіш жүйесін құруда болады.
Көптеген елдерде осы Бағалы қағаздар нарығын реттеуге де бәсекелестік жүріп жатыр. әлемдік жіктеу бойынша Бағалы қағаздар нарығы дамыған 30 елдің 50% - тінің реттеу жұмысын Бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссияға берілген, 15%-қаржы министрлігіне, бірнеше елде банктік ұйымдарға, тағы 15%-ті бірнеше мемлекеттік құйымдар арасында бөлінген.

1.2 Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің қызметі

Жоғарыда айтылғандай коммерциялық банктер Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет көрсете алады. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет дегеніміз – Бағалы қағаздар нарығында кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар. Ол кәсіби қызметтерге келесілер:
- брокерлік қызмет – сыйақы үшін шарт негізінде іс-қимыл жасайтын, клиенттердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерін көздеп бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асырушы делдал
- дилерлік қызмет – бағалы қағаздарды кейін қайта сату немесе олармен өзге де мәмілелер жасау нәтижесінде пайда табу мақсатымен өз атынан және өз есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіпқой қатысушы
- реестр жүргізу қызметі – Бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға
- кастодиандық қызмет – клиенттердің сеніп тапсырған бағалы қағаздары мен ақшаны сақтау және есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпқой қатысушы
- Бағалы қағаздар портфелін басқару қызметі – Бағалы қағаздар портфелін сондай-ақ Бағалы қағаздарсатып алуға арналған ақшаны басқару жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Брокер мен дилердің бір-бірінен айырмашылығы: брокер клиенттің мүддесі бойынша және соның атынан қызмет көрсетсе, дилер - өз атынан және өз есебінен жүргізеді. Бір уақытта брокер де, дилер де болуға болады, ал бір мәмілеледе бір уақытта екі қызметті бірдей атқаруға болмайды. Дилерлер мен брокерлерге лицензияның 2 түрі бар:
- І категориялы, яғни номиналды ұстаушы ретінде шотын жүргізу құқығымен бірге
- ІІ категориялы, шот жүргізу құқығынсыз
Кәсіби қызмет көрсету үшін Қазақстан республикасының ұлттық банкісінен лицензия алу керек, ал ол үшін ұлттық банк талаптарын орындау керек. олар келесідей:
- біліктілік талаптары, яғни заңды тұлғаның штатында білікті мамандардың болуы, яғни арнайы біліктілік куәліктері бар мамандар. Бұл талап негізінен, әлемдік тәжірбиеден алынған. Көптеген нарықтық экономикасы дамыған елдерде нарыққа тек арнайы емтихан тапсырған және анықталған білім деңгейі бар мамандар жіберіледі.
1-кесте
Лицензияланатын қызмет түрі І категориялы маман. брокер-дилер ІІ категориялы маман. мәміле тіркеу ІІІ категориялы маман. бағалы қағаз-р портфелін басқару
Брокер-дилер І кат. брокер-дилер ІІ кат. Бағалы қағаздарпортфелін басқару.
Реестр жүргізу кастодиан қызметі 3 кем емес
3 кем емес

-
-
- 3 кем емес
2 кем емес

-
3 кем емес
3 кем емес -
-

3 кем емес
-
-

- ұйымдық-құқықтық формасына талаптар. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет көрсету үшін заңға сәйкес, заңды тұлға ретінде тіркеуден өтуі тиіс.



2-кесте
Лицензияланатын қызмет түрі Заңды тұлғаның ұйымды түрі -құқықтық түрі Ескерту
Брокер, дилер І және ІІ кат. Бағалы қағаздар портфелін басқару. Реестр жүргізу қызмет кастодиан қызметі Кез-келген түрі
Кез-келген түрі
Кез-келген түрі
Кез-келген түрі
ААҚ, ЖАҚ -
-
-
-
Тек қана ІІ-деңгейлі банктер жүргізеді

- қаржылық талаптар. Бұл маңызды талаптың бірі, кәсіби қатысушының меншікті капиталының жеткіліктілігі. Меншікті капитал дегеніміз – банктың активінен өз қаражатын кәсіби қатысушыға сене отырып, оның активтері кәсіби қатысушының көтеретін тәуекелдерінен сақталғандығын білуі керек. сондықтан, Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының меншікті капиталы жеткілікті болуы тиіс.
Күнделікті меншікті капиталды есептеп отырады және ол минималды мөлшерден түскен жағдайда ұлттық банкке хабарлауы тиіс. Ал ұлттық банк сол банктің іс-әрекетін бақылап отырып, клиентке өз міндеттемелері бойынша жауап бергенін қадағалайды. Сондықтан, әр банк өзінің меншікті капиталының кварталдық есебі мен балансын ұлттық банкке тапсырып отырады.
Брокер-дилер І категориялы – 30 000 айлық есептік көрсеткіштен кем емес
Брокер-дилер ІІ категориялы – 6 000 АЕК кем емес
Реестр жүргізу қызметі - 30 000 АЕК кем емес
Кастодиан қызметі – 2 миллиард тенге.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!