Аға тәлімгердің жарты жылдық есебі үлгі.
------------- білім басқармасына қарасты №---- мектебінің аға тәлімгерінің 2024-2025 оқу жылының 1-жарты жылдығында атқарған жұмыстарының есебі (үлгі)
------------------- қарасты № жалпы орта білім беретін мектебінде Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы жұмысын аға тәлімгер жүргізеді.
2024-2025 оқу жылының қыркүйек-желтоқсан айларының аралығында аға тәлімгер өз жұмысында ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы» Заңын, жалпы білім беретін ұйымдар туралы типтік ережелерді, ҚР Президентінің қаулыларын, ҚР үкіметінің шешімдерін, оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша барлық білім басқармасы органдарының шешімдерін, әкімшілік, еңбек және шаруашылық Заңнамаларын, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы сақтық ережелер мен нормаларын, сонымен қатар жарғымен және жергілікті заңға сүйенген актілермен (соның ішіндегі қазіргі лауазымдық нұсқау), еңбек келісім-шартты, мектеп директорының бұйрықтарын басшылыққа алды. Мектеп тәлімгері Бала құқығы туралы Конвенцияны сақтады.
Балалардың қоғамдық ұйымдарының, бірлестігінің қызметіне жағдай жасады, оқушылардың еріктілік қағидаларының қызметіне, өзіндік, адамгершілік және өз еркі есебіндегі демократизмді бағдарламалауға көмек көрсетті. Балалардың ұйымдары, бірлестігінің формалары мен мазмұнын жаңартуға көмектесе отырып, өмір талабы мен оқушылардың жас ерекшелігіне сай олардың ұжымдық-шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастырды. Жұмыс істейтін балалар мен жастар ұйымдары және бірлестіктері туралы оқушыларға хабарлау шарттарымен қамтамасыз етті.
Тақырыпқа сәйкес өткен жұмыстың көрнекілік рәсімдеуін ұйымдастырды.
Аға тәлімгер балалар қоғамдық ұйымының іс-әрекеті мен дамуын қалыптастыруда, олардың іс-әрекетінде өз еркімен, өзіндік, адамдық және бірлестіктің қызметін, оқушылардың ұстанымдарында ықтиярлылықтың, өнерпаздықтың, адамдық және демократизм есебі бастамасын, қажеттілік мүдделерін бағдарламалауға көмектесуде (тәрбиеленушінің, баланың) олардың жас ерекшеліктері мен өмір талаптарының мүддесі мазмұнын және балалар ұйымның, бірлестік қызметінің формасына сәйкес балалардың ұжымдық-шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыруда.
Балалар және жасөспірімдермен жұмысындағы алдыңғы қатардағы тәжірибені оқып, қолданды. Балалар ұйымы, бірлестігінің алғашқы жетекшілерін дайындауда және іріктеп алуда жұмыс жүргізді. Өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдардың педагогикалық ұжымдарымен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасауда.
Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру; балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру; танымдық жұмыстарды ынталандыру; балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау; жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында аға тәлімгер мектеп ұжымымен бірлесе жұмыс атқаруда.
Мектеп тәлімгері 2024-2025 оқу жылында «Жас Ұлан» ұйымының жеті бағытының жоспарын, аға тәлімгер жоспарын әдістемелік нұсқаулықты негізге ала отырып, жасап шықты. Жылдық жоспардың негізінде айлық, апталық жоспарлар түзілді.
Мектепте ұйым Ұланбасшысы, мектеп комитетінің мүшелері сайланып, барынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы төмендегі 7 бағыт бойынша жұмыс жүргізуде:
- «Руханият»
- «Отан»
- «Жеті Жарғы»
- «Салауат»
- «Экоәлем»
- «Еңбек»
- «Зерде»
1.«Жас Ұлан» ұйымының «Руханият» бағытының жылдық жоспарына сәйкес қыркүйек-желтоқсан айларында төмендегі тізімдегі іс-шаралар атқарылды:
1.2024 жылғы 4 қыркүйек күні Отбасы күніне орай отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында "Жас Ұлан" ұйымының "Руханият" бағытының жылдық жоспарына сәйкес аға тəлімгер--------------------- және 4-ші «А», «Ә», «Б», «Г», сыныптарының жетекшілері ---------------------- "Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ" тақырыбымен көңілді үзіліс ұйымдастырылды.
Жас жеткіншектер отбасындағы татулық пен бірлік, ынтымақ пен келісім, мейрім мен махаббатты айқындай отырып, ақ қағаз бетіне түрлі-түсті қарындаштарымен əдемі өрнектер сала білді.
2.Оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету, оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Руханият» бағытының жылдық жоспарына сәйкес аға тәлімгер -------------------------- және 7-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күніне орай 7-сынып оқушылары арасында «Тіл-ұлттың мақтанышы» тақырыбымен эссе байқауы өткізілді.
2.«Жас Ұлан» ұйымының «Отан» бағытының жылдық жоспарына сәйкес қыркүйек-желтоқсан айларында төмендегі тізімдегі іс-шаралар атқарылды:
---------білім басқармасына қарасты N----- жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылғы 24 қазан күні сағат 12:00-де 25-қазан Республика күніне орай жас жеткіншектердің Ту, Елтаңба, Əнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін жан-жақты түсіндіру арқылы оқушылар бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, ұлттық нышандарға зор құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру мақсатында "Патриотизм дауысы" тақырыбымен мемлекеттік Əнұранды жаппай орындау челленджі ұйымдастырылды.
3.«Жас Ұлан» ұйымының «Жеті Жарғы» бағытының жылдық жоспарына сәйкес қыркүйек-желтоқсан айларында төмендегі тізімдегі іс-шаралар атқарылды:
Жас жеткіншектерге жолда жүру ережесін сақтауға, жол белгілерінің атқаратын қызметінің қандай екендігін үйрету мақсатында «Жас Ұлан» ұйымының «Жеті Жарғы» бағытының жылдық жоспарына сәйкес аға тәлімгер ------------------, 3 «А», «Ә», «Б», «В», «Г», «Ғ», «Д» сыныптарының жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Жол белгілері еліне саяхат» тақырыбымен көңілді үзіліс ұйымдастырылып, балақайлар үзілісте сурет салды.
4.«Жас Ұлан» ұйымының «Салауат» бағытының жылдық жоспарына сәйкес қыркүйек-желтоқсан айларында төмендегі тізімдегі іс-шаралар атқарылды:
1. 2024 жылғы 9 қыркүйек күні 9:00-10:00 аралығында оқушыларымыз тоғызқұмалақ тақталарымен блиц түр бойын ойын ойнады.
8-13 қыркүйек күндері Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақ ойынын «GUINNES WORLD REKORDS» кітабына тіркеу мақсатында республика көлемінде бір мезгілде өткізіліп отырған тоғызқұмалақ ойынына біздің де шәкірттер белсене қатысты.
5. «Жас Ұлан» ұйымының «Зерде» бағытының жылдық жоспарына сәйкес қыркүйек-желтоқсан айларында төмендегі тізімдегі іс-шаралар атқарылды:
1.----------------- білім басқармасына қарасты №------------ жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылғы 4 қыркүйек күні өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, парасаттылық ұғымын насихаттау мақсатында тәрбиелік мәні бар бірыңғай "Әділетті Қазақстан - Адал азамат - Озық ойлы ұлт" тақырыбында адалдық сағаттары өткізілді. Іс-шараға "Адал ұрпақ" ерікті клубының мүшелері, «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері, «Жас Ұлан» ұйымы мүшелері белсене қатысты.
6. «Жас Ұлан» ұйымының «Экоәлем» бағытының жылдық жоспарына сәйкес қыркүйек-желтоқсан айларында төмендегі тізімдегі іс-шаралар атқарылды:
1. 2024 жылғы 18 қазан күні «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында "Эстетикалық пəндер əдістемелік бірлестігі" ұстаздарының ұйымдастыруымен "Күзгі асар" жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 5-6-7 сынып оқушылары өздері жасаған қолөнер бұйымдарын, күзгі икебаналарды, көкөністен жасалынған заттарды ұсынды.
7. «Жас Ұлан» ұйымының «Еңбек» бағытының жылдық жоспарына сәйкес қыркүйек-желтоқсан айларында төмендегі тізімдегі іс-шаралар атқарылды:
------------------ білім басқармасына қарасты №------ жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіптік бағдар беруші педагогы -------------------- оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысында заманға сай жақсы мамандық таңдауға көмек көрсету мақсатында «Менің сүйікті мамандығым» тақырыбымен оқушылар арасында эссе байқауын ұйымдастырды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?