Тауман Алыбайұлы Төреханов-қазақтың белгілі журналисі, жазушысы, редакторы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері, Шалқар қаласының және Шалқар ауданының Құрметті Азаматы. Өмірбаяны Тауман Төреханов 1931 жылы 15 наурызда Ақтөбе облысының Шалқар қаласында дүниеге келді. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары (1941-1945) Тауман Төреханов тылда жұмыс істеген. Соғыстан кейін, 1947-1949 жылдары Шалқар қалалық Совет атқару комитетінде іс жүргізуші болып қызмет атқарған. 1949-1950 жылдары Шалқар аудандында шығатын «Социализм туы» газетінде аға әдеби қызметкер болған. 1950-1955 жылдары Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінде (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқып, үздік бағамен бітірген. Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетін бітіргеннен кейін Тауман Төреханов А.А. Жданов атындағы Ленинград университетіне аспирантураға жолдама алады.....
Рүстемов Мұхамеджан -1932 жылы 15 мамырда Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы қазіргі Нартай ауылында туған. Өміржолы 1950 жылы Шиелі қыстағындағы XIV жылдық Октябрь атындағы қазақ орта мектебін бітіріп, еңбек жолын сол жылы қазан айында Түркістан облысы Сарыағаш аудандақ комсомол комитетінде мектеп оқушылары және пионер ұйымы бөлімі меңгерушісі қызметін бастаған. 1951 жылы маусымда сол комсомол комитетінде екінші хатшы болып сайланады. 1952 жылдың тамыз айынан 1953 жылдың тамызына дейін ол Ташкент қаласындағы №9 Өзбек қыздары орта мектебіндегі 11-педагогикалық класты бітіріп, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беретін мұғалім болып шығып, Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратас (Қазіргі Қазығұрт) ауданына келіп, «Жігерген» елді мекеніндегі Молотов атындағы орталау мектепке жолдама алады. Cол жылы қарашада аудандық комсомол комитетіне хатшы болып сайланды.....