Тауман Алыбайұлы Төреханов (1931 жылы 15 наурыз)

 Тауман Алыбайұлы Төреханов (1931 жылы 15 наурыз)

Тауман Алыбайұлы Төреханов қазақтың белгілі журналисі, жазушысы, редакторы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері, Шалқар қаласының және Шалқар ауданының Құрметті Азаматы.

Өмірбаяны
Тауман Төреханов 1931 жылы 15 наурызда Ақтөбе облысының Шалқар қаласында дүниеге келді.
Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары (1941-1945) Тауман Төреханов тылда жұмыс істеген.
Соғыстан кейін, 1947-1949 жылдары Шалқар қалалық Совет атқару комитетінде іс жүргізуші болып қызмет атқарған.
1949-1950 жылдары Шалқар аудандында шығатын «Социализм туы» газетінде аға әдеби қызметкер болған.
1950-1955 жылдары Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінде (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқып, үздік бағамен бітірген. Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетін бітіргеннен кейін Тауман Төреханов А.А. Жданов атындағы Ленинград университетіне аспирантураға жолдама алады. Материалдық жағдай болмағандықтан Шығыстану факультетінің аспирантурасына Тауман Төреханов бара алмайды. Ақтөбе облысының Бершоғыр Шахта поселкесіндегі мектепке директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады. Сол жылдары Тауман Төреханов қазақтың белгілі жазушысы және геологі Ілияс Есенберлинмен танысады. Ол Бершоғыр тау көмір шахтасында басқарушы болып істеген.

Қызмет жолы
1957 жылы Ақтөбе облысындағы газетке редакцияға жіберіледі.
1962-1963 жылдары Ақтөбе облысында шығатын «Жаршы» газеті редакторының бірінші орынбасары болып істеген.
1964-1992 Тауман Төреханов Ақтөбе облыстық партиясының 12 конференциясында делегат болған. Обком мүшесі болған. Сонымен қатар, 31 жылдай депутат болып Темір ауданың, сосын Шалқар ауданың Халық депутаттары кеңестеріне қатысқан.

Шығармашлығы
Тауман Төреханов 200 астам әңгіме, очерк, новелла, повесті, роман, эссе жазып «Атамұра» баспасынан шығарған.

Тауман Төрехановтың шығармаларын дүние жүзінде келесідей кітапханаларда табуға болады:

АҚШ Конгресі Кітапханасы (the Library Of Congress, Washington, DC, USA)
Ұлыбритания Кітапханасы (the British Library, London, United Kingdom)
Нью-Йорк Қоғамдық Кітапханасы (New York Public Library, New York, USA)
Диет Ұлттық Кітапханасы (National Diet Library, Tokyo, Japan)
Францияның Ұлттық Кітапханасы (Bibliothèque nationale de France, Paris, France)
Стэнфорд университеті (Stanford University, Stanford, California, USA)
Бэркли Калифорния yниверситеті (University of California, Berkeley, California, USA)


Романдар
«Көз көргендер еді»
«Қанмен жазылған тағдырлар»
«Ғасыр қасіреті» (тарихи-роман)
«Зердесінде ұрпақтың» - «Ұжмақ елі» - «Жазбады-ау демесін»


Марапаттары
Қазақ ССР-нің мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткері
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасы
«КСРО Баспасөзінің Үздігі» ерекше белгісі
КСРО-ның 4 медалі
Баспа және ақпарат Комитетінің үш Дипломы
КСРО және Қазақстан журналистер Одақтарының Құрмет Грамоталары
СОКП Орталық комитетінің Құрмет Грамотасы...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі