Ерте, ерте заманда бір қыстақта Айсұлу атты әйелдің сіңірі шыққан күйеуі мен жеті ұлы болыпты. Жеті баланы бағу үшін Айсұлудың күйеуі Құдайдың құтты күні атызға барып, еңбек етіп, түн жамыла оралса, Айсұлу әр күні табанынан тозып, өзеннен су тасып, тоғайдан отын әкеліп, тамақ жасау сияқты күні бойы үй жұмысын істеп, жанына әмір болмайды екен. Ал, олардың жеті ұлының жалқаулығына жаһан да жан жетпейді екен. Күйзелген күндерінде де әке-шешесіне олардан қайыр болмапты. Қасірет шеккен ана Құдайдан құлшылық қылып, құлдық ұрыпты: «Құдай-ау, бізге тағы бір бала бере гөр! Берген балаң қара жанымызға қайырымды болсын» деп тіленіпті. Күндердің бірінде Айсұлу жүкті болыпты. Бала көреді. Көрген баласы—бала емес, салақұлаш жылан болып шығыпты. Оның үстіне ол туыла салысымен жер бауырлап, үйден шығыпты да тоғайға еніп, ғайып болыпты. Ежелден сормаңдай Айсұлу өзінен туған баланың бала емес, жылан екенін, оның тағы кетіп қалғанын көріп, тіпті де қайғыға батыпты. Сөйтіп, өзінің бақытсыздығына бола, бірнеше күн көзінің жасы құрғамапты. Бір күні Айсұлу түс көріпті. Түсінде жылан баласы өзінің қойнында жатқан екен: «Шеше, мен үшін мұнша қайрат шеккеніңіз не? Мені қарғыс атқан. Сондықтан жыланға айналып, туылып отырмын» депті баласы. «Қандай қарғысқа қалып едің?»—деп сұрапты Айсұлу. «Мен бұрын байлығым басымнан асқан адам едім. Сол дүниеден ешқашан да жан пендеге, тіпті ақ сүтін емізген анама да соқыр жармақ ұстатпадым. Байлығым басымнан асып, төгіліп жатса да шешем аштықтан өлді. Менің бұл күнәмді қара жер көтермейді ғой. Сондықтан менің аруағым жыланға айналып, бұл дүниеге қайта келіп, бармағымды тістеп отырмын.....
Бұрынғы заманда болған бір патша. Ол патшаның үш ұлы һәм бір жүдә үлкен бақшасы бар екен. Сондай бақша мақтауға келетін еді. Мұндай бақша ол заманда дүние жүзінде болмаған. Егер бұл бақшаға қайғылы ма, ауру ма кісі кірсе, қайғылы кісінің қайғысы кетіп, ауру кісі ауруынан саламат болып шығатын еді. Бұл бақшада дүние жүзіндегі неше түрлі жемістер бар еді. Патша бақшасындағы осы жеміс ағаштарының ішінен биік өскен бір алма ағашын жан-тәнімен жүдә жақсы көреді екен. Ол ағашта өскен бір алманың біреуі алтынға, біреуі күміске, яғни әртүрлі түске айналып тұрады екен. Бір заман бұл бақшаға иеленген бір алтын құс келген. Алтын құстың әрбір жүні алтын секілді жалт-жұлт етіп тұрған һәм көзі гауһар секілді ойнап тұрған. Бұл әр күні түнімен бұл патшаның бақшасына ұшып келіп қонады екен. Әлгі патшаның сүйікті алма ағашының әр түні бір алмасын шұқып, басқасын қиып түсіріп кетеді екен. Күндерде бір күн патша бақшасына шықса керек. Алма ағашынан алмасын қараса, алтын секілді жақсы алмасы жүдә аз қалған. Патша бұл істі көріп қапа болған, қайғыра бастаған. Бір күні патша өзінің үш ұлын шақырып айтқан......
Пән: Қазақ тілі (Т2) Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Қоршаған орта Сабақ тақырыбы:Төрт мезгіл туралы оқу (3-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.3.1 тыңдаған хабарлама (ұзақтығы 1 – 1,5 минуттан артық емес) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті суреттер/ сызбалар таңдау Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап береді және оған сәйкес суретті таңдайды. Көптеген оқушылар: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және оған сәйкес суретті таңдайды. Кейбір оқушылар: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға еркін, толық жауап береді және оған сәйкес суретті таңдайды....
Менің туып, өскен жерім, елім-Қазақстан. Мен осы елде өмір сүріп жатқаныма шүкіршілік деймін. Қазақстанның табиғаты өте кереметі екен сөзсіз! Көптеген шет елде жүрген қазақтарымыз өз елін сағынады. Мен былтырғы жылда төрт мемлекетке барып келдім. Франция, Германия, Голландия және Бельгия. Сол кезде туған жерімді сағынғаным.....
Менің туып өскен жерім -егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғатты өте сұлу. Биік- биік асқар тау, мөп -мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар,неше түрлі жануарлар тіршілік етеді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз.......
Болашақ ұрпақты кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды ұлттық тәрбиеге аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие. Отанын сүю және азаматтығын мақтан тұту; өз отанының болашағы үшін, мамандығы үшін қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу, халқының салт-дәсүрін, ерекшеліктерін білу, дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарау.......
Менің отаным Қазақстан Республикасы. Жер аумағы 2724,9 мың км ², халық саны 16млн. Қазақстанда 14 облыс бар. Қазақстан елі солтүстігімен Ресеймен, өңтүстігі Өзбекстан, оңтүстік-шығысы Қытай және Қырғызстанмен шекараласады. Біздің еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігімізді алдық. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1993 жылы 15 қарашада еліміздің өз теңгесі шықты. Еліміздің астанасы 1998 жылы 6 шілдеде .....
Ұясыз құс болмайтындай, Отансыз адам болмайды. Менің Отаным, атамекенім, туған жерім – Қазақстан. Қазақстан деген сөзді естісем көзіме бірден асқар-асқар таулар, шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, сайраған құстар, жазық дала, сарқыраған өзен, қарасаң көзің тоймайтын табиғат елестейді. Әр адамға өз Отаны қымбат. Қазақстан мен үшін ыстық, киелі, қымбат, еш жерде қайталанбас, қасиетті өлке. Менің Қазақстанға деген сүйіспеншілігім.....