Қазақша шығарма: Ел негізі – бала тәрбиесіндегі патриотизм

Қазақша шығарма: Ел негізі – бала тәрбиесіндегі патриотизм казакша Қазақша шығарма: Ел негізі – бала тәрбиесіндегі патриотизм на казахском языке

Досмағұлова Қарлығаш
11 сынып, №148 мектеп-гимназия
Жетекшісі: Салықбаева А. А.

Болашақ ұрпақты кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды ұлттық тәрбиеге аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие. Отанын сүю және азаматтығын мақтан тұту; өз отанының болашағы үшін, мамандығы үшін қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу, халқының салт-дәсүрін, ерекшеліктерін білу, дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарау, өз отандастарына, сондай-ақ басқа ұлт өкілдеріне адамгершілік көзқарас білдіру - осының барлығы да патриоттық тәрбиеден басталады. Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, елдегі барлық халықтарды достық қатынасқа тәрбиелеу аса маңызды міндет. Қазір Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Мұнда көптеген ұлттар мен халықтардың бір-бірімен тату-тәтті, сыйластық, ынтымақта өмір сүруі қуантарлық жағдай. Қазақстан олардың бәрінің отаны болғандықтан, біздің елді мекендеген барлық халықтар отаншылдық рухында тәрбиеленуі қажет. Мектеп оқушылары арасында жүргізілген жұмыстарда, сабақтарда оларды қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеуге ерекше мән беруі керек. Ал қазақ жастарын отаншылдыққа тәрбиелеуге үлкен міндеттер жүктеледі. Өйткені, Қазақстанның байырғы тұрақты халқы – қазақтар, жердің де, елдің де негізгі, түпкі иесі - біз, қазақтар. Сондықтан да алдымен қазақ жастарын отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу ерекше маңызды.

Патриоттық тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру үшін әр уақыттағы қазақ халқының басынан өткен оқиғаларды айта отырып, түсіндіру қажет. Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруда тарих сабағының маңызы зор. Өйткені, тарих адамзаттың басынан өткізген тарихи – мәдени тәжірибесін, алдымен құндылықтарын оқытып үйретуді мақсат етеді.

Оқушыларды тарих сабақтарында тарихи материалдарды оқыта отырып, ерлікке, жауынгершілікке, батылдыққа тәрбиелеу де отаншылдыққа тәрбиелеумен тікелей байланысты. Тәуелсіз елдің биік те қасиетті ұғымдарының бірі — отансүйгіштік біздің халықты біріктіретін Қазақстанның бірлігі мен жалпыұлттық идеясының негізі болып табылады. Ол аса маңызды стратегиялық, ұлттық, мәдени және т.б. проблемаларды шешуге бағытталған қоғамның маңызды мобилизациялық ресурстарының формасы. Мемлекеттің саяси құжаттарында нақты белгіленген патриотизмнің ықтималды нәтижесі ел азаматтарының нақты іс-әрекеттерінен көрінуі тиіс. Себебі, азамат, патриот болу үшін батыр немесе асқан ерекше адам болудың қажеті жоқ . Тек өз Отанынды жеткілікті дәрежеде сүюің, ол үшін қам жеуің, оның барлық қиындығы мен қуанышын бірге бөлісуің қажет. Қазақ халқы кейінгі тарихи оқиғаларда өзгерісті кезеңдер де, әсіресе Ұлы Отан соғысында, өзін патриотизм мен халықтар достығының жолын ұстаушы ретінде көрсетті. «Қызыл армияның солдаттарының көбі қазақтар болды: жалпы алғанда бүкіл соғыс барысында қазақтар өздерін жақсы жағынан көрсете білді, ал Сталинградта өте жақсы солдаттардың көбісі орта азиялық халықтар – қырғыздар, қазақтар және башқұрттар болды», - деп жазды Александр Берт. Осындай сөздерден кейін қазақ елінің патриоттығы сол кезден-ақ жоғары болғанына көз жеткіздім.

Қазақстандық патриотизм дегеніміз не? Менің ойымша, отандық патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез келген адамның өзі туып -өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін ойлау, туған жеріңе деген адалдық және азаматтық сезімдер, өз еліңнің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отаныңның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен қарау – бұлардың барлығы да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды. Біріншіден, азаматтардың бойында жоғары патриоттық сезімді, өз Отанына деген адалдықты қалыптастыру қа-жет. Ол үшін әр адам өз Ота нының мүддесін қорғауда азаматтық борыштары мен конституциялық міндеттерін атқаруға әрқашан дайын болуы тиіс. Екіншіден, әр тұлғаның бойында белсенді азаматтық ұстанымын қа-лыптастыру. Бұл ұстаным бала жастан, отбасындағы, өскен ортасындағы тәлім-тәрбиеден бастау алатыны баршаға мәлім. Үшіншіден, жас жігіттер мен қыздардың рухын шыңдайтын әскери-патриоттық тәрбие беру. Төртіншіден, әртүрлі ұлт, нәсіл, конфессиялардың өзара қарым-қатынасының принципі ре-тінде төзімділікке тәрбиелеу. Бесіншіден, қоғам мен тұлғаның әлеуметтік жағынан маңызды құндылықтарын қалыптастыру және дамыту. «Қазақстан – дүниедегі әр қазақтың қастерлі құбыласы ! Қазақстан – әлемдегі барша қазақ-тың құтты қарашаңырағы! Қазақ баласы дүниенің қай түкпірінде жүрсе де, тұтас қазақ халқының бір бөлшегі екенін біз еш уақытта ұмытпауымыз керек»,
– деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүние жүзі қазақтарының IV құрылтайында сөйлеген сөзінде. Мемлекет басшысы патриотизмнің жер бе-тіндегі кез келген ұлттың жетістіктерінің бірі екенін қадап айтты. Яғни, бұл – кез келген қазақстандықтың табысын мақтаныш тұту, сондай табысқа қол жет-кізуге өзіңді де қайрау деген сөз. Әрбір қазақстандық өзінің жетістіктерін туған Отанына, еліне арнауы керек. Сонда әлгі адамның да, елдің де мейманасы тасып, әлемдік деңгейдегі беделі өседі.

Патриотизмге тәрбиелеудің ұзақ мерзімді мақсаты — азаматтарды біріктіру, азаматтарға Тәуелсіздіктің құндылықтары мен жетістіктерін ұғындыру, оларды мемлекеттік рәміздер мен идеология төңірегіне топтастыру. Бұл — ұзақ мерзімді мақсат. Оған қол жеткізудің басты жолы — толеранттылық, бірлік , өзара көмек, қайырымдылық т.б. Бұлар біздің мемлекетіміздің басты жоспарлары мен мақсаттарында толықтай көрініс тапқан, алайда олар жалпы ұлттық құндылықты бағыттарды нығайту бойынша жастар саясатын жоспарлы жүргізбейінше жүзеге аса алмайды. Жастар үшін осындай тәрбиелік мәнді істердің бірі — әр түрлі деңгейлер мен мазмұндағы тәрбиелік шаралар, мемлекеттік мерекелерді атап өту, түрлі патриоттық акцияларды ұйымдастыру мен жүргізу. Олардың ішінде жыл сайын өткізіліп отыратын ҚР мемлекеттік рәміздерінің күнін тойлау ерекше орын алады. Кешенділік, салмақтылық, орнықтылық, ерлік, толеранттылық, қарапайымдылық, еңбекке қабілеттілік, шын берілгендік пен жауапкершілік

патриоттық тәрбие саясат ағынындағы қазіргі заманғы шаралардың басты сипаттары. Сондықтан қазақстандық патриотизм мен елдің экономикалық әлеуеті тығыз байланысты. Қазіргі патриотизм XXI ғасырдағы Қазақстанға қажетті еңбек өнімділігі мен мәдениеттің ұйымдастырылуы деуге де болады: бүгінгі күні ол халықтың қоғам мен мемлекет мүдделеріне белсеңді түрде қызмет етуін білдіреді . Патриотизм іс-әрекет ретінде барынша керек нәрсе және қоғамды өз ісінде жүйелі қалыптастырушы күш ретінде көрінеді.

Патриоттық сезім отбасынан басталады. Өкінішке қарай, нарықтық қатынастардың кеңінен орын алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі, ата-аналардың уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы жастар тәрбиесінің ролін түсірді. Әрине, мұндай жағдайларда өзінің ескі арнасын жоғалтқан патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру мен оған тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен түсіп кете алмасы анық.

Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында «оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін» ерекше ескерткен және олардың ең бастыларының қатарында «патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық» аталып өткен, сонымен қатар, «бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс». Ендеше, патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы керек, жалпы көпшіліктің де одан хабардар болғаны жөн.

Патриоттық, отаншылдық деген қастерлі ұғымдарды сөз еткенде «Кімдерді патриот дейміз?» деген орынды сауал туатыны анық.

Біздің мектеп- гимназияда 9-мамыр күніне әрдайым соғыс ардагерлеріне арналған әр түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Мектеп ауданымыздағы ардагерлердің хал-жағдайын сұрап, оларға мейірімділік танытуды тапсырған. Сол күні сынып атынан топ жиналып, мейрам күнін қуана күттік, себебі аталмыш күн - нағыз патриотпен кездесу күні еді.
Көптен күткен күн де келіп жетті. Николай Михаиловичке арнаған тартуымызды алып, кездесуге үйіне бардық. Сірә, соғыс жылдарынан тіреуі болған жары төсек тартып жатыр екен. Қазақ елінің намысы үшін жанын пида етуге қарсы болмаған атамыздың психикалық ақаулары уақыт өте қайталанып тұратын көрінеді. Соғыс кезіндегі бар қиыншылықтары туралы мұңын шертті, күлдіртті де, жылатты да. Әрине, соғыс қиыншылығын көтере білу керек. Михаил ата әр сұраққа ойланып, тереңде жатқан оқиғаларды есіне түсірді. Әр сөзінде патриоттық сарын байқалып тұрды. Өскелең ұрпақтың патриот болатынына сеніммен қарайды. «Жақсының аты өлмейді» дегендей, ол кісінің өнегелі өмірін үлгі тұтатын азаматтар көп. Нағыз патриоттық сезім осындай болуы керек шығар!

Еліміздің алғашқы міндеті – патриотизмге дұрыс бағыт-бағдар көрсету. Сөздің ашығын айтқанда, қазақстандықтардың бойындағы патриотизмді қоғамдық өмірде де, билікте де жою-құрту бағытына емес, қалыптастыру-биіктету бағытына бұру. Мәселен, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі жаңа басқару элитасы туралы сөз қозғағанда мемлекеттік құрылым-дарға жаңа күштердің ағыны қажеттігін айтып жүр. «Алдағы уақытта елді басқаратын жастар сауатты ғана емес, сондай -ақ нағыз патриоттар болуы керек . Бұл жерде татулығымыз бен бірлігімізге қауіп төндіретін патриотизм емес, өз Отанына, оның халқына деген нағыз сүйіспеншілігімен көмкерілген демократиялық патриотизм жөнінде әңгіме болып отыр», – деді Елбасы. Екіншіден, патриоттық тәрбие – ұлттық қауіпсіздік мәселесі . Егерде біз елдік мүдденің төңірегіне топтасып, өз Отанымыздың тағдырына деген зор жауап-кершілігімізді сезінбесек, жоғары жетістіктерге жете алмаймыз. Ұлттық қауіпсіздікке азаматтық-патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, әскерге , құқық қорғау органдарына және барлық мемлекеттік инс-титуттарға құрмет көрсету сияқты мәселелер де жатады. Сонымен қатар, бұл міндетке өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі үшін, жастарға құқықтық тәрбие беру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, саламатты өмір сүру салтын насихаттау да кіреді. Үшінші міндет – ұланғайыр жеріміз бен егемен елімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, бізге мұраға қалдырған ата-бабаларымыздың, қазақ тарихындағы есімі елге мәлім батырлар мен ақындарды, жыраулар мен оқымыстыларды, мемлекет және қоғам қайраткерлерін мақтан тұтуымыз қажет. Мысалға, сонау қазақ-жоңғар жүзжылдық соғысынан бастап, 1986 жылғы Желтоқсан ұлт-азаттық көте-рілісіне дейінгі кезеңдегі ел есінде мәңгі қалған батыр-ақын, әнші-жырау, палуан-күрескерлер қаншама?! Солардың есімі ұмытылмауы үшін, жас ұрпақ-тың санасында мәңгілікке сақталуы үшін патриоттық тәрбиенің мәні зор. Немесе тәуелсіздікті аңсап қана қоймай , соның жолында жанын пида еткен «Алаш» ұлттық үкіметінің тарихын алайық. Өткен жылы Астанада «Алашорда» атты жаңа деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу күніне орай жарыққа шыққан тың туындының айтары мол. Ең бастысы, туған ұлтымыздың мүддесі үшін бастарын қатерге тіккен алаш ардақтыларының есімдерін, ерліктерін бүгінгі буынға жеткізе алғаны.

Мұндай мәселелер қазіргі таңда тәуелсіз даму жолына енді ғана түскен мемлекеттердің көпшілігінің алдына қойылуда. Ендеше бүгінгі патриоттық идея да, патриоттық тәрбие де қазіргі заман адамдарына, олардың талғамдары мен мүдделеріне сай анық та түсінікті түрде болғаны жөн. Қазіргі заманғы патриоттық идеология мемлекеттің құрылу процесіндегі барлық жетістіктерді, сондай-ақ ұзақ мерзімді басымдықтар мен талаптарды да назарына алуы керек. Республика көлемінде де, жекелеген оқу-тәрбие мекемелерін алсақ та патриоттық тақырыпқа байланысты іс-шаралар қазақстандық патриотизмнің заманауи болашағын кешенді түрде қарастыруды талап етеді. Алайда, нақты мақсаттарсыз, жоспарларсыз, жүйеленген міндеттерсіз бұған қол жеткізу мүмкін емес. Жастар бойында қоғамдық-саяси сауаттылықтың негіздерін қалыптастыру, олардың заңдылықты , қоғамдық өмір нормаларын қастерлеуге, біздің халқымыздың тарихи өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсету рухында тәрбиелеу егемен, тәуелсіз ел үшін — қажеттілік. “Отансыз - адам, ормансыз - бұлбұл” деген халық нақылы тегіннен-тегін айтыла салмаған. Өйткені, Отан деген киелі ұғымды түсіну әрадамның туған жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Отансүйгіштік пен патриотизм бір-бірімен егіз ұғымдар. "



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?




KZ » Қазақша Шығармалар жинағы, мен патриотпын шығарма, мен өз отанымның патриотымын эссе, мен қазақ елінің патриотымын шығарма, патриот туралы шығарма, патриотизм туралы шыгарма, сочинение на казахском языке о патриотизме, патриоттық шығарма, патриоттык шыгармалар, патриот, шыгарма, шығарма, сочинение на казахском языке, о патриотизме, сочинение, на казахском языке, мен патриотпын, мен, патриотпын, елім деп соғар жүрегім шығарма, елім деп соғар жүрегім эссе жазу, елим деп согар журегим шыгарма, мен қазақстан патриотымын шығарма, мен қазақстанның патриотымын эссе, мен қазақстанның патриотымын реферат, мен казакстан патриотымын шыгарма, мен елімнің патриотымын шығарма, мен елимнин патриотымын шыгарма, патриот туралы шыгарма, патриот туралы эссе, мен патриотпын шығарма жоспар, мен өз отанымның патриотымын эссе жоспар, мен қазақ елінің патриотымын шығарма жоспар, патриот туралы шығарма жоспар, патриотизм туралы шыгарма жоспар, сочинение на казахском языке о патриотизме жоспар, патриоттық шығарма жоспар, патриоттык шыгармалар жоспар, патриот жоспар, шыгарма жоспар, шығарма жоспар, сочинение на казахском языке жоспар, о патриотизме жоспар, сочинение жоспар, на казахском языке жоспар, мен патриотпын жоспар, мен жоспар, патриотпын жоспар, елім деп соғар жүрегім шығарма жоспар, елім деп соғар жүрегім эссе жазу жоспар, елим деп согар журегим шыгарма жоспар, мен қазақстан патриотымын шығарма жоспар, мен қазақстанның патриотымын эссе жоспар, мен қазақстанның патриотымын реферат жоспар, бала тәрбиесі туралы шығарма, менің отаным қазақстан, шығарма қазақстан туралы, қазақстан туралы шығарма, қазақстан туралы шығармалар, менің отаным қазақстан туралы шығарма, менің отаным қазақстан туралы шығармалар, менің отаным қазақстан туралы әңгіме, отан туралы шығарма, отан алтын бесік шығарма, казакша отан алтын бесік шығарма, отан алтын бесігім шығарма, Отаным – алтын ұям бесігім шыгарма скачать, скачать сочинение Отаным – алтын ұям бесігім, менің отаным казахстан шыгарма, Қазақша шығарма: Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН, Қазақша шығарма, Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН туралы казакша шагарма, Отан туралы шығарма, менин отаным казахстан шыгарма, менің отаным қазақстан шығарма сынып, мен елімді сүйемін эссе, мен елімді сүйемін шығарма, мен елімді сүйемін шығарма 9 сынып, мен елімді сүйемін шыгарма казакша, мен елимди суйемин шыгарма казакша, мен елимди суйемин шыгарма 9 класс, ел туралы шыгарма, ел туралы шығарма, meniң otanym қazaқstan, shyғarma қazaқstan turaly, қazaқstan turaly shyғarma, қazaқstan turaly shyғarmalar, meniң otanym қazaқstan turaly shyғarma, meniң otanym қazaқstan turaly shyғarmalar, meniң otanym қazaқstan turaly әңgime, otan turaly shyғarma, otan altyn besik shyғarma, kazaksha otan altyn besik shyғarma, otan altyn besigim shyғarma, Otanym – altyn ұyam besigim shygarma skachat, skachat sochinenie Otanym – altyn ұyam besigim, meniң otanym kazahstan shygarma, Қazaқsha shyғarma: Meniң Otanym - ҚAZAҚSTAN, Қazaқsha shyғarma, Meniң Otanym - ҚAZAҚSTAN turaly kazaksha shagarma, Otan turaly shyғarma, menin otanym kazahstan shygarma, meniң otanym қazaқstan shyғarma synyp, men elimdi sүyemin esse, men elimdi sүyemin shyғarma, men elimdi sүyemin shyғarma 9 synyp, men elimdi sүyemin shygarma kazaksha, men elimdi suyemin shygarma kazaksha, men elimdi suyemin shygarma 9 klass, el turaly shygarma, el turaly shyғarma, патриот туралы шығарма, патриот туралы шыгарма, мен патриотпын шығарма, патриот туралы эссе, мен қазақ елінің патриотымын шығарма, патриотизм туралы шыгарма, сочинение на казахском языке о патриотизме, патриоттық шығарма, патриоттык шыгармалар, бала тәрби, Қазақша шығарма: Ел негізі – бала тәрбиесіндегі патриотизм, Қазақша шығарма: Ел негізі – бала тәрбиесіндегі патриотизм шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы

  • Анализ сайта www.zharar.com