Ілияс Жансүгіров - лирик ақын

Жалпы ақындық қасиет адамға ерте қонатындығы, әдетте өлең шығару жас кезден басталатыны дүйім жұртқа мәлім факт. Бірақ сондай дарынға түрткі болатын игілікті жайт-ойы мен көңілін қозғар орта болмаса, оған қандай да бір жағдай жасасаң да, одан шығар нәтиже шамалы.
Ілиястың өскен ортасы да, өмір кешкен қоғамы да оның ең алғаш қалам тартып, ақындық жолға түсуіне түрткі болған, дарынын, ішкі талант құбылыс-қасиетін ашқан, әсемдік әлеміне жетелеген –Жетісу табиғаты мен өзінің туып-өскен жерінің сұлулығы. Әдетте, сұлулыққа тәнті болған адам ғана құштарланады, іңкәрлік сезімге бөленіп, толғанысқа, қиял-сезімге бой ұрады. Бұл жайтты Ілияс та басынан кешірген. Бойындағы сезімтал қасиеті оның ойын сан-саққа жүгіртеді, қинайды, әбден қалжырап, бәлкім қасындағы.....
Шығармалар
Толық

Қожа Ахмет Ясcауи + Диуана хикметтері

Кіріспе
Қожа Ахмет Йассауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Иасы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.

Негігізгі бөлім
Қожа Ахмет Ясcауи + Диуана хикметтеріҚожа Ахмет Йассауи – түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Йассауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады.Қожа Ахмет Йассауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Йассауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Йассауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Йассауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде....
Шығармалар
Толық

Халықаралық отбасы күні (Отбасы - өмір аясы)

Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы – өмір аясы
Тәрбие сағат мақсаты: 1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру;
2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу.
3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.
Жабдықтандыру: компьютер, мультимедиалық жабдықтар, оқушылардың бірігіп жасаған шығармашылық газеталары.
Тәрбие сағатының барысы.
Серік Арайлым «Аққу» биі

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-Жүргізуші: Отбасы күніне арналған «Отбасы - өмір аясы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді
1-жүргізуші: Әке деген - биік шыңы адамның,
Әке деген - тірегі ғой ғаламның,
Әке деген – бойыңда аққан қаныі да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Тәрбие сағаттар
Толық