Майдан шебінде күрескен жауынгер халық

Күллі әлемнің ашу-кегі,
Орна менің кеудеме кеп!
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да, жарыл, жүрек!
Қ.Аманжолов
Соғыс. Қантөгіс. Бұл екі ұғым егіз. Бірінсіз бірін елестету мүмкін емес.
Ұлы Отан соғысы... Еліміз бен жерімізге қаншама қасірет ала келді. Халық басына төнген ауыртпалықты Отанының адал ұлдары мен қыздары қайыспай көтере білді, қарсы шығып, жеңе білді. Сол ата-бабаларымыздың арқасында біз бейбіт өмір сүріп отырмыз. Шүкіршілік! Қазақ халқының жаратылысынан елін, жерін қорғап, жауға қарсы тұра білетін халық екендігін тарихтан жақсы білеміз. Қанмен берілген қасиет дер едім. Ұлы Отан соғысына да біздің ата, апаларымыз аянбай ат салысып, ерліктің туын биік көтергенін біз мақтан етеміз.
Ұлы Отан соғысының тарихында қаһарман Брест қорғанысы-совет жауынгерлерінің теңдесі жоқ ерлігінің асқақ бір үлгісі болып қалды. Белоруссиядағы Батыс Буг өзенінің бойында орналасқан осы көне қамал Отанымыздың қасиетті тыныштығын қапыда бұзған қасақы жауды алғашқылардың қатарында кеудесін оққа тосып қарсы алды.Соғыс басталған сәтте небәрі бір ғана полктей жауынгері бар қамал гарнизоны күші әлденеше есе басым жаумен бір ай бойы беріспей шайқасты. Олар басқыншылардың терең тылында қалса да нағыз қайтпас қайсарлықтың, Отанға деген асқақ адалдықтың хас үлгісін көрсетті. Қазақ халқы ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгер халық болған. Отан үшін жан беріп, жан алысып жүрген қазақ жауынгерлерінің ішінде көптеген ақынжазушыларымыз да бар еді......
Шығармалар
Толық

Отан үшін от кешкендер

«Жұртым» деп – жұмылып, «Елім» деп езіліп қызмет ет.
Бауыржан Момышұлы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1999 жылы 20 қаңтарда сөйлеген сөзінде: «Даңқты өткенімізден күш ала отырып, жаңа ғасырға нық қадам басамыз», – деген еді. Қазақ халқы өз тарихында қиынқыстау кезеңдерді, аласапыран заманды басынан көп кешкен. «Ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» деген мағынадағы сөз – халықтың сол мезгілдерді суреттеп сөйлегені. Ел басына күн туғаңда, адамзат тарихында, әсіресе қазақ тарихында елеулі орын алған оқиғалардың бірі – Ұлы Отан соғысы болып келеді.
Соғыс... Бұл сөз өзінің қатыгездігі мен зұлымдығымен, адамдарға деген жек көрушілігімен жасқандырады. Соғыс өрті алай-дүлей боран, құтырған құйын, бейтаныс апат секілді ес жиюға, саналы түрде ойлануға мүмкіндік бермей, кеңес халқының, оның ішінде біздің қазақ халқының басына қара түнек болып үйірілді. Бірақ алғаш күннен-ақ қазақ халқы өз Отанын қорғау үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, басқыншыларға қарсы тұра білді. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Қара бұлтты сейілтіп, күн шуағын сыйлаған ардагерлер қатары жылдан жылға сиреп қалса да, фашизмге соққы берген аталарымыз болашақ ұрпақтардың жарқын келешегін қамтамасыз ету үшін қасық қандарын аяған жоқ. Арада қанша жыл өтсе де қан майданда «Отан үшін» деп алға ұмтылған, қаһармандықпен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен жауынгерлер есімі ешқашан ұмытылмайды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінің дәлелі еді. Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аттары аңызға айналған батырларымыз – тау тұлға......
Шығармалар
Толық

Жанқиярлық ерліктің жарқын үлгісі

Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыр күні дәл осы шаттық хабарды естіп,бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты...
Осы жеңіске жетер жолда миллиондаған адамдар мерт болып,мертігіп,мүгедек болып,миллиондаған адамдар босып кетті. Бірақ бәрібір де Берлиндегі рейхстаг төріне жеңіс туын желбірей көтерді. Осы жеңісжолында Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің де қанымен, жанымен жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлесі бар. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті күш.Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ.
Биыл ТМД елдері Ұлы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақпыз, кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпаққазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінкейінгі буынға дәріптеу азаматтық парызымыз деп білеміз......
Шығармалар
Толық

Жеңіс күні –халық тойы

Соғыстың қажеті жоқ! Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын.
Ги де Мопассан
Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер,Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров,партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдиннің есімі көпке танылды. Қазақстандық әйелдер — Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова батырлықпен аянбай шайқасып, біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған.Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде менің туған жерім- Жезқазған жерінен демайдан шебінде болып, Отан үшін ерлік көрсеткен ардагер-батырлар аз болмады.
Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір батырымызды біз ешқашан ұмытпаймыз......
Шығармалар
Толық

Соғыс – күйретуші күш

Қан майданның жүректе жарасы бар, Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. Арамызда жүретін алшаң басып, Ардагерлер азайып барасыңдар. Қастерлейді халқымыз қаһарманын, Жүр есінде сан жарық, сапарларың. Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер, Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.
1941-1945 жылдар қазақ елі үшін өте ауыр кезең болды. Осы жылдар арасында елді дүрліктірген Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс – күйретуші күш. Бірақ осы соғыс арқылы біз өз Отанымызды қорғап қалдық Осы соғыста қазақтың ұлы батырлары, яғни біздің ата-бабамыз біз үшін, келешек ұрпақ үшін жанын қиды. Көбі қаза тауып, әрбіреуі мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды.Түгелі болмаса да көбі осы ерлігі үшін ерекше сый-құрметке ие болды. Ұлы Отан соғысын еске түсірген кезде бірден ойымызға Рақымжан Қошқарбаев келеді. Рақымжан Қошқарбаев- Берлинге Рейхстаг қабырғасына алғашқылардың бірі болып жеңіс туын тіккен қаһарман, қазақ жауынгері. Қошқарбаев сияқты қаһармандарымыздың арқасында біз қазіргі күнге жеттік. Батырларымыздың арасында тек қана ерлер емес, елі, жері үшін жанын беруге дайын қазақ қыздары да болған. Барлық батырларды айтып шығу мүмкін емес. Себебі, әрбір қазақ өз елі үшін бәріне де даяр. Бірақ Қазақстандықтан майданда ғана шайқасып қойған жоқ. Тылдағы халық жеңісті жақындату үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Олар күн демей, түн демей аямай еңбек етті.......
Шығармалар
Толық

Жасасын, Ұлы Жеңіс күні!

Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.....
Шығармалар
Толық

Көшпелілердің қандай салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Көшпелілердің қандай салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды?
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау
Сабақтың мақсаты: Ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ер ерлігі – бізге үлгі

Адамзат баласы айрықша атап өтетiн есте қаларлық тарихи даталар аз емес. Соның ішінде Мамырдың 9-ы ең шоқтығы биiк жасампазы, ең салтанаттысы, бiрегейi. Ұлы Жеңiс мерекесi - бір жағынан қуанып, бір жағынан ұрыста опат болғандарды аза тұтып, қабырғамыз қайысар күн ретінде атап өтіледі. 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi басып кіріп соғыс ашқан фашистiк Германия 1945 жылғы мамырдың 9-ында тізе бүгіп, жеңіліске ұшырады. Рейхстагқа Жеңіс туын қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылдың 30 сәуірде тігіп желбіретті. Ұлы Отан соғысы Жеңіспен аяқталды! Жеңіс күні тарих қойнауына тереңдеген сайын халықтың сұрапыл соғыс жылдарындағы ерлігінің, мұқалмас қажыр- қайратының, ынтымақ-бірлігінің тарихи мәні мен маңызы арта береді. Ұлы Отан соғысы ә дегеннен бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының барлық ұлттары мен ұлыстары фашизмге біркісідей көтеріліп, елін жерін қорғап қалды. Соғыстың сұрапыл жылдарында халықтар достығы мен бірлігінің беріктігі сыннан өтті. Жау күшті еді, өшіге, өршелене шабуылдады. Біздің ел тек жанқиярлықтың, рухани бірліктің, ұлтаралық достық пен өзара демеушіліктің арқасында ғана жеңіске жетті.
Соғыс 25 миллионнан астам адамның өмірін қиды, ондаған миллион адам жарымжан, жетім болып қалды. Ұлы Отан соғысы жылдары қазақстандықтар өзге де халықтармен бірге, қолына қару алып, жерін, елін қорғауға аттанды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 96648 қазақстандық жауынгер ордендерімен, медальдармен марапатталды. Бұлардың ішінде 509 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алса, солардың ішінен облысымыздан 47 адам, ал ауданымыздан 4 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олар Таштемір Рустемов, Ботабай Садықов, Зиямат Хусанов, Владимер Вишневецкий. Жерлестеріміз қанды шеңгел дұшпанмен ерлерше шайқасты. Ұлы Отан соғысы жылдары ауданымыздан 20195 адам майданға аттанып, соның 8115-і еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін сұрапыл соғыста қаза тапты....
Шығармалар
Толық

Әрқашан күн сөнбесін, аспаннан бұлт төнбесін!

Басы қатты, аяғы тәтті болған кез...
1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Осыдан жетпіс бес жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталды. Ия, осы уақыттың сүйекке таңба салған жарасына, қайтпас қайсар бабаларымыз мойынсұнбай төтеп берді. Кешегі оқиға, бүгінгі тарих. Олай болса сол тарихты білу, келешекке үмітпен қарайтын мына біздерге парыз. Бүгінгі ұрпақ қазіргі тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешуде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Биыл ТМД елдері осы соғыстағы ортақ ұлы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз.
«Ерліктің қос қанаты деп білемін.......
Шығармалар
Толық

Бәрі де майдан үшін, Жеңіс үшін!

Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс - уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап.
Өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай.
Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен көрген Шеңгелді ауылының құрметті Ұлы Отан соғысының ардагері, ауылдың сүйікті қариясы бола білген Иманбердиев Әуелбек атамыздың соңғы 2004 жылғы оқушылармен бірге кездескен естелігін алып отырмыз.
Иманбердиев Әуелбек 1921 жылы 14-июльде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шеңгелді ауылында туылған. Жанұямыз ол кезде дихан-шаруа-колхозшы. 1934 жылдан 1937 жылға дейін Шеңгелді бастауыш мектебінің 4-класын бітірген. 1938 жылдан 1939-40 оқу жылында Түркістандағы №19 темір жол қазақ орта мектебінің 7-класын бітірген. 194041 жылдардағы Түркістан қалалық өрттен қорғау бөлімінде істеген.1942 жылдық 4-ші қантарда Совет армиясының қатарына алынып Ленгер, Қазалы қалаларында әскери дайындықтан өткеннен кейін, 1942 жылғы 10–шы мартта майданға қарай аттанып, майданда Украинаның Светогорск, Барвенкова, Запарожья, Николаев, Раздельная қалаларының бағыттарында кескілескен ұрыстарға қатысып, жеңіске үлкен үлес қосқан. ІІІ-Украина майданында 57армияның қармағындағы 244-Запарожья дивизиясының 907-стрелковой полктың 3-баталенында, 3-рота, 3-взводында болып, Молдава Республикасы, Бессаравия, Румыния, Болгария жерлері жаудан азат етілді.....
Шығармалар
Толық