Жәнібек батырдың түсін Абылайдың түс жоруы

Абылай хан Қарақалмақ Қатысыбанға қол жиып, шеру тар- тып барғанда, қалмақтың ханы Абылайға кісі салды дейді:

—Абылай мен екеуміздің таласымыз дін емес, дүние ғой. Дүние үшін жұртымызды қырылыстырмайық. Мен жекпе- жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырттан тауып шығарайын, Абылай да өзіне қараған қазақтан (елінен) «осы сырттан-ау» деген біреуін таңдап шығарсын. Менің кісім Абылайдың шы- ғарған кісісін....

Түс жору
Толық

Ертеден жеткен аңыз

Баяғыда бір жүкті келіншек қайынсіңлісіне:

—Еркем, түсімде емшегіме қос қасқыр жармасып жатыр екен,—дейді. Сонда өмірден көрген, түйгені аз еркетотай қыз:

—Жеңеше, төркініңе бара жатқаныңда сені...

Түс жору
Толық

Досмұхаммед ханның түсі

Әкесінің өлімінен соң, Досмұхаммед өгей шешесімен некелесіп, ар-ождан шынысына тас атты да, оны сындыр- ды. Қалыңдық күйеудің үйіне салтанатпен ұзатылған соң, Досмұхаммед хан түсінде қара атқа мініп келген әкесі Есенбұға ханды көреді. Оған (баласына) жақын келісімен, атынан түсіп, қолымен қазанның түп күйесін....

Түс жору
Толық

Бекет атаның түс жоруы

Бекет Атаның әулиелігі қалың елге кеңінен  жайылған кез болса керек. Маңғыстауға аты танылып үлгірген дом- бырашы сері жігіт ел  аралап жүріп, жұмаға қараған күні  түс көреді. Түсінде астындағы аты омақаса құлап мертігіп, домбырасы ортасынан омырылып, өзі белінен шойырылып жүре алмай қалғанын сол...

Түс жору
Толық

Бабыр мырзаның самарқанд қаласын алар алдындағы түсі

«Сол кезде ғажайып түс көріппін: маған әулие Қожа Убай- долла келген екен деймін. Оны қарсы аламын. Қожа үйге кіріп, төрге отырды, оның алдында дастархан жайылды, тағам мол тартылмағандықтан ба, әулие Қожа маған реніш білдіргендей сезінемін. Баба молда мен жаққа қарап, ымдап белгі берді. Мен де оған: «Бұл....

Түс жору
Толық

Баарин тайпасынан Хорчи Усун қарияның түсі

Хорчи келіп бүй дейді:

—Біз Бондончар богданың әкелген әйелінен туғандықтан, Жамұқамен кіндіктес әрі үндес, тілдес адамбыз. Сондықтан да Жамұқадан іргені аулақ сала алмаймыз. Бірақ құдіретті Тәңір келіп, маған аян берді: «Қырдың қызыл сиыры келіп, Жамұқаны сәл айналсоқтап жүрді де, үйімен қоса сүзгіледі. Сөйтіп бір мүйізін опырып алып....

Түс жору
Толық

Әмір Селжүктің түсі

Әмір Селжүк жүз жыл жасады. Бірде ол түнде түсінде кіші дәретін отқа жіберіп тұрғанын, ол оттан ұшқан ұшқындардың жердің шығысы мен батысына шашырап түсіп жатқанын көреді. Бұл көрген....

Түс жору
Толық

Ақсақ темір

Темірдің шешесі Сақыпжамал осы баласына екіқабат кезінде түс көріпті. Түсінде ол бала емес, жылан туыпты. Сол жылан көз алдында үлкейіп айдаһар болыпты. Алдымен ол өзінің туған анасын жұтыпты, артынша сол кездегі Сыр- дария билеушісі Тоқалақты жұтыпты. Бұл түсін екіқабат келіншек үйіне кездейсоқ қонақ болған жолаушы кемпірге жорытыпты. Кемпір сатқындық жасап, бұл түсті Тоқалаққа айтып қойған. Қатал хан екіқабат келіншекті алдырып....

Түс жору
Толық

Абдолла ханның түсі

Ұлы мәртебелі Абдолла ханның дәуірінің бастапқы кезе- ңінде көрген түсі бар. Бірде ол түнде қадірлі басына тынығу жастығын жастанады. Оның ми алаңын ұйқының ауыр қолы жайлап...

Түс жору
Толық

Абылайдың өз түсін жоруы

Абылай үйінде ме, не жорықта ма, әйтеуір бір түс көріпті (әркім әртүрлі айтады).

Түсінде бір қалың даманда отырып есіктен қараса, есік ал- дында бір үлкен көл бар екен. Оның құрақ, қамыстары жолсыз


 

ыққа қарап жапырылып тұр екен. «Япырым-ай, мына көл- дің қамысы желсіз неге жапырылып тұр?» деп, есікке шыға келсе, есіктің алдында бір арыстан қарсы қарап жатыр екен. Абылай сескеніп тұра қалыпты. Арыстан қарап секіретін түрге келіп, айбаттанып күшін жинапты да, өз бетімен жүре беріпті. Одан соң сол жерге қасқыр, түлкі, қоян келіп...

Түс жору
Толық