Әйелдің қолынан бәрі келеді!

Мұнан жиырма жыл бұрынғы бір жәйт есіме түсіп отыр. Бір танысым алты қыздан кейін ұлды болып, бесіктойға бардық. Сондағы әкенің қуанышын сөзбен айтып жеткізу қиын. Торсық шеке ұл сүйген ананың да бақыттан басы айналып жүргені анық. Осы отбасының мұнан бір жыл бұрын шаңырағы ортасына түсуге шақ қалғанын біреулер білсе, ендігі біреулер тіпті күмәнданбас. Оның тарихы былай.

Жанармай құятын стансада оператор болып істейтін. Тимурмен 90-шы жылдардың басында танысқам. Сол тұста жанармай құятын станцияда танысың болмаса, көлігің жүрмей қалатынын мұндайды басынан кешкендер жақсы біледі. Екеумізді таныстырған сол мұқтаждық еді десем, өтірік емес.
Бір күні бекетке барсам, Тимур ішіп отыр екен. Әйелімен ажырасатынын айтты. «Кім кінәлі?»
- Мен кінәлі, - дейді.
- Не бүлдірдің?
- Көзіне шөп салдым… - Тимурдың алты қызы барын білетінмін. Келіншегі де бір аяулы жан.
- Не болды? Қалай болды? Түсіндіріп айтсаңшы, - деймін қапелімде ыңғайсыз күйге түсіп.
Оның әңгімесінен ұққаным – бекеттің жанындағы бір үйде күйеуі қайтыс болған келіншек тұрады екен. Сол әйел шелегін көтеріп, бекеттегі колонкадан су алуға жиі келіп тұрады. Сөйтіп жүріп, бұл екеуінің таныстығы достық шеңберінен шығып кетеді. Күйеуінің жұмыста көңілдесі бар екенін «жанашыр» адамдар Тимурдың әйеліне жеткізеді. Ол айғайға басып, күйеуін үйден қуып шығады.
- Енді қайтпексің?.....
Махаббат хикаялары
Толық

Жақсылық жасау әр адамның қолында

Әр пенденің керемет көзге көрінер қасиетті-жақсылық жасау. Ол адам сырт көзге сыпайы,мейрімді әрі өте керемет болып көрінеді онысы рас. Біреулер құмарлықпен,мастықпен өмірдің өлшеулі ғана уақыттын қызықты әрі пайдасыз өткізуде,біз бұл тараптың адамдары болмаумыз керек. Өз ойымды ашық айтайын күнделікті тіршілікте,қоғамда,адамдар арасында жақсылық жасауға тырысамын. Осы тұрғыда ойыма бір оқиға келіп тұр:

Күндердін бір күнінде кедей отбасы болған екен,әйелі жүн иіріп,ал күйеуі базарға апарып сатумен айналысады. Бір күні жіптерін сатып ,үйіне азық-түлік әкелер жолда,бір кісіні біреу ұрып жатқанын көреді. Жанына дереу барып арашалап ,себебін сұрайды сонда ұрған адам әлгі кісінің қарыз екенін айтады. Жомарт әлгі жіп сатушы:Қарызын мен төлейін қалтамдағы бар ақшамды ал деп,бір күндік табысын қолына ұстатады. Әлгі кісі бұл ақша аз ,бірвқ мейлі деп жөніне кетеді. Жақсылық жасаған әлгі кедей үйіне барып бар жағдайды жұбайына түсіндіреді. Әйелі,мейлі бір қайыры болар деп ертенгі күннің жібін иіреді. Ертеңіне тағы базарға шығып,жұмысын атқарады бірақ бұл күні ешқандай жібі өтпейді екен. Кеш батта үйіне келер жолда балық сатып тұрған кісіні көреді екеуінінде саудасы өтпегендіктен келісіммен ауыстырып алады......
Эсселер
Толық

Ел болашағы - жастар қолында

Отан! Қандай құдіретті сөз! Өмірімнің бар мақсаты осы сөздің ауқымына сыйып кетерліктей-ақ. Бұл «елім», «жерім», «ұям», «Қазақстан Республикасы» деген сөз. Отаным деп соққан жұдырықтай жас жүрегімнен шыққан осы сөзді айдай асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр еткен заманға жеткен елімді мақтаныш етемін.
Менің Отаным – Алтайдан сонау Атырауға дейін көсілген, Батыста Жайық, шығыста Ертіс есілген, Тарихын шертсе тұсауы тілдің шешілген, Жұртының ыстық жүрегінен жұлдыз тұтанған Отаным осы – Қазақстан болып атанған!– деп ақындар жырлағандай, Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан-ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата жұрт.......
Шығармалар
Толық

Ұлы түркі елінің қара шаңырағы – бүгінгі ұрпақ қолында

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» - деп дана халқымыз айтқандай, керегесі кең, шаңырағы көк күмбезді аспанмен жарасқан, келешегі кемел ел болу үшін, алдымен, тәрбие керек. Ел болдық, бірақ бесігімізді әлі де түзей алмай жүргеніміз ащы да болса шындық. Тал бесіктен басталатын тәрбиенің бұлағынан сусындаған әр жеткіншек ұлтжандылық деген ұғымды бойына сіңіріп өсуі қажет. Ұлттық құндылықтарды құрметтеп, елінің ертеңіне алаңдап, өркендеуіне үлес қосатын азаматты ұлтжанды азамат деу орынды. Бірақ Абайлар мен Мағжандардың толқынынан туған толқындар саусақпен санарлық. Бүгін біз кез келген келеңсіз жайттарға «Е-е, заман солай болғасын...» немесе «Бұған біз емес , заман кінәлы» деген сияқты сөздермен өзімізді жұбататын болдық. Ал шын мәнісінде бұған кінәлы заман емес, адам. Өйткені заманды адам құрайды.......
Шығармалар
Толық

Қорқақ баланың қолынан не келеді

Жасқаншақтық – сенімнің кемшілігі. Жалпақ тілмен жаутаңкөз дейміз. «Жасқаншақтық баланың жан-жақтылы өсіп-жетілуіне тиімсіз факторлардың бірі» дейді ғылыми тұжырымдар.
Жеті жасқа дейінгі балаларда көп кездесетін қорқудың бірнеше түрі:
1-Бөтен ортадан қорқу (адам жатырқау);
2-Алаңдау;
3-Бөтен заттардан қорқу;
4-Жалғыз қалудан қорқу;
5-Ата-анасының немесе өзгенің ұрып-ұрсуынан қорқу;

Енді себептері:

1. Ата-ананың орынсыз әлпеші.
Тым әлпештеп өсірген бала өзін өте әлжуаз санайды екен. Оған біреу келіп көмектеспесе немесе істеп бермесе өздігінен бір нәрсені “дұрыс істей алам” деп ойламайды. Сондықтан өз киімін киюден де жасқанады екен. ......
Кеңестер
Толық

Қызбен жүру күнә ма?

Ассалаумағалейкум! Жасым 25-ке толып, үйленуге асығып жүрмін. Екі жылдан бері сөз байласып жүрген қалыңдығым да бар. Үйлене қояйын десем, не жұмыстың, не қаражаттың ыңғайы келер емес. Екі жылдан бері қызбен жүруім күнәға жата ма?
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер
Толық

Қазақстандық жұлдыздар Валентин күнін қалай атап өтті?

Қазақстандық жұлдыздар да Валентин күнін айналып өтпей, сүйіктілерін құттықтауға асықты. Бір құшақ гүлін қолына алып, ғашығына жылы сөздерін арнаған әртістер суреттерін әлеуметтік желіге жариялап та үлгерді.
Жаңалықтар
Толық

Қазақстандық ер азаматтар әйелдеріне отбасы бюджетін сеніп тапсыра алмайды

Отбасылық бюджетті бір адамның басқаруы тиіс немесе ортақ қаржыны сақтау керек деген бірыңғай ереже жоқ. Әрбір отбасы бұл мәселені өздері шешеді. Отбасындағы қаржы мәселесін әйел әлде ер адамның басқарғаны дұрыс па? Осыған қатысты nur.kz тілшісі қазақстандықтардың жеке пікірін біліп көрді.
Жаңалықтар
Толық