Қадыр Мырза Али (Саулық берсін жасыңа)

Саулық берсін жасыңа,
Кәріңе де.
Жазылмайтын дертім бар дәріңе де.
Сыртым бүтін болғанмен,
Ішім түтін,
Төзіп келем әйтеуір бәріне де.
Соңы қалды өмірдің,
Басы кетіп.
Жаратқан ба табиғат жасық етіп?!
Қара мысық сияқты .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Тындырмады демесең ісін дөйдің)

Тындырмады демесең ісін дөйдің,
Мен де милы,
Ақылды кісіңдеймін.
Бірақ мына тірлікте,
Өзге түгіл,
Өзімді де кейде мен түсінбеймін.
Өтеді күн зымырап,
Өтеді күн.
Есептесең бойымда жетеді мін.
Кемшілігін көрсетіп үлкендердің,
Жіберемін баланың қателігін. .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Күзім келді қайтейін)

Күзім келді қайтейін!
Күзім келді.
Сарғылт бояу жабады ізімді енді.
He бітірем
Жыртықты жамағанда?
He бітірем
Жалғап көп үзілгенді?!
Бола алмаспын тағдырдың еркесі енді,
Не болса да ішімде,
Бер кесемді! .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Жай сөзді)

Жай сөзді,
Жайдақ сөзді тыңдапты кім?!
Жел сөзге шашылмасын мыңдап пұлың.
Дәулеттен,
Дүниеден гөрі маған
Данадан қалған көне қымбат мұңым.
Көңілде құса барын,
Нала барын
Сендерден жасырмаймын, балаларым. .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Жұмекенге)

Өкпе айтпайсың өмірге,
Асқазанға,
Тағдыр атты өрілген таспа заңға.
Аздап-аздап ұқсайсың өзіңе-өзің,
Ұқсамайсың өзіңнен басқа жанға!
Болса болсын басқаның дегендері,
Ұстамдысың, не керек, менен гөрі......
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Ғабит Мүсіреповке)

Жыл сана,
Жырлар сана,
Парақ сана...
Өнерде жүрмей жатып бар ақсаған.
Шіркін-ай!
Сылтыр кезде сылтымаған
Мен өзім таң қаламын қарап саған!
Жүректі жетпісте де қартайтпаған,
Көңілді сексенде де ортайтпаған.
Дәл айтқан,
Сәтінде айтқан бар айтарын: .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Сері жігіттің сыры)

Біз — өмірдің уақытша тұрғынымыз,
Күзге жетпей солатын қыр гүліміз.
Сен тұрғанда,
Апыр-ай!
Мен тұрғанда
Тағы босқа өте ме бір күніміз?!
Болғанменен соңынан мың керегі,
Кейін бізге бұл күнді кім береді?!
Күндей болып бір күлсең,
О, Жасаған! .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Дарын екен пәтшағар барып тұрған)

Дарын екен пәтшағар барып тұрған,
Көмекейін күміс үн жарып тұрған.
Сайрайды-ай кеп жас бұлбұл,
Сайрайды-ай кеп,
Қошеметтеп көктемін зарықтырған.
Дарын екен пәтшағар барып тұрған.
Зарлатады арулар,
Зарлатады.
Аунатып бір аруақты,.....
Өлеңдер
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы