» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Сері жігіттің сыры)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Сері жігіттің сыры)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Сері жігіттің сыры) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Сері жігіттің сыры) на казахском языке
Біз — өмірдің уақытша тұрғынымыз,
Күзге жетпей солатын қыр гүліміз.
Сен тұрғанда,
Апыр-ай!
Мен тұрғанда
Тағы босқа өте ме бір күніміз?!
Болғанменен соңынан мың керегі,
Кейін бізге бұл күнді кім береді?!
Күндей болып бір күлсең,
О, Жасаған!
Көңіл бағы бұрқ етіп гүлдер еді!
Қалғанда да адасып серігіңнен,
Қала көрме көз жазып сері күннен!
Мейірімді қандырып,
Шөліркеген
Суар ерді ал қызыл ерініңмен!
Не жетеді өмірде әйәй қызға!
Әйәй қыздан басқаны қалаймыз ба?!
Ләззатын жастықтың
Сараңдардай
Өзімізден-өзіміз аяймыз ба?!
Адам өмір сүрмейді қоқым үшін,
Орында сен жүректің өтінішін.
Қызықтарды шығарып алсаң қолдан
Аса жаман болады өкінішің!
Сұлулықтың өлеңін келдік айтып,
Сұлу күйде сақтайсың енді қайтіп?!
Өтті ме күн?
Ол енді оралмайды!
Өтті ме түн?
Келмейді енді қайтіп!
Келіссеңші осымен,
Келіссеңші!
Көріссеңші осымен,
Көріссеңші!
Мендегінің бәрін ал!
Барлығын ал!
Сен де барды менімен бөліссеңші!
Бөліссеңші менімен қызылыңды!
Бөліссеңші менімен қызығыңды!
Жамасаңшы күлкіңмен жыртығыңды,
Жалғасаңшы назыңмен үзігімді!
Бөліссеңші менімен сағатыңды,
Бөліссеңші менімен тағатыңды!
Берсең еді сен маған беретінді,
Алсаң еді менен де алатынды!
Бекер!
Бекер күтесің басқа күнді!
Алысты аңсап,
Жоғалтпа қастағыңды!
Бөліссеңші менімен бір сәтіңді,
Бөліссеңші менімен қас қағымды!
Білем! Білем!
Жол қиын біздің дейсің.
Қоңырауы болады қыздың дейсің.
Дей тұрсақ та,
Бекерге,
Бекерге сен
Тайбурылын сезімнің тізгіндейсің!
Сұлулықтың өлеңін келдің айтып,
Сұлу күйде сақтайсың енді қайтіп?!
Өтті ме түн?
Ол енді оралмайды!
Өтті ме күн?
Келмейді енді қайтіп!

Автор: nurgul95 | 139 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Жыл өтті)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Жыл өтті)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Аяз би)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Аяз би)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Аспан әсері)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Аспан әсері)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Мың жұлдызы болса да)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Мың жұлдызы болса да)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Еске алу)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Еске алу)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Мұң)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Мұң)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Кітапты қоя тұрып парақтаған)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Кітапты қоя тұрып парақтаған)
Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Достарыма)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Достарыма)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Көктем түгіл)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Көктем түгіл)
Қазақша концерт: Шаншар - Сал сері (2012)
Қазақша Концерттер жинағы
Қазақша концерт: Шаншар - Сал сері (2012)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Шындық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Шындық)
Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Адамның біліміне ақыл серік)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Адамның біліміне ақыл серік)
Өлең: Махаббаттың алауы
Өлеңдер жинағы
Өлең: Махаббаттың алауы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бас пен Тарақ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бас пен Тарақ)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қос балапан бір күшік)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қос балапан бір күшік)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Өмірдің өзі қызық-ақ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Өмірдің өзі қызық-ақ)

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Сері жігіттің сыры өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Сері жігіттің сыры, қадыр мырза али Сері жігіттің сыры өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Сері жігіттің сыры, Өлең: Қадыр Мырза Али (Сері жігіттің сыры) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке