Экономика | Алматы №1 Сыра өндіру зауытының қызметін талдау

Кәсіпкерлік қызмет әрқашанда белгісіздіктің үлкен немесе кіші деңгейімен
байланысты болады. Белгісіздіктердің қайнар көздері болып өндірістің
барлық сатылары саналады,яғни қажетті құрал-жабдықтарды сатып алудан тауар өндіру мен өткізуге дейін. Мұндай жағдайда кәсіпкердің әрбір іс-әрекеті қолайсыздықтардың пайда болуына,әр түлі жоғалтулардың болуына (қаржылық,материалды,еңбек және т.б.) әкелуі мүмкін.
Нарыққа қозғалыс ең алдымен экономикалық еркіндікке жол болып
табылады,ал тәуекелді күшейту — кәсіпкерлік еркіндіктің кері жағы және ол үшін өтелетін өзіндік төлем. Дер кезінде тәуекелге бара алатын кәсіпкер табысқа жете алады.Кәсіпкер саналы түрде өзінің іс-әрекетінің рационалды стратегиясын таңдауы қажет: жоғалтатынын біле отырып, тәуекелге бару
немесе тәуекелмен байланысты қызметтен бас тарту . Тәуекел бұл кәсіпкерлік жоспарды және бюджетті орындауда қолайсыз жағдайлардың болу мүмкіндіктері.
Сонымен, кәсіпкерлік тәуекелді кәсіпкердің өз ресурстарының белгілі бір бөлігін жоғалту мүмкіндігімен, яғни қауіп-қатерімен байланысты және
табыс алуы төмендеп, қосымша шығындардың пайда болу нәтижесімен байланысты болатын іс-әрекеттер деп түсінуге болады.
Кәсіпорынның жақсы қызмет етуі үшін кәсіпкер өз жұмыс барысында кездесуі мүмкін барлық тәуекелдердің түрлерін ескеруі қажет.
Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелділік факторы үдей түседі.
Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайлардың болуының
мүмкіндігін көрсетеді ....
Курстық жұмыстар
Толық

Ақпараттандыру | Алматы қаласы бойынша Салық комитетің қызметіақпараттық жүйені жобалау

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасыда салық саясатын жүргізеді.
Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді алдын ала белгіленген мөлешерде және Қазақстан Республикасының Салық заңнамалары мен Кодексі арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі КРСО құлдыраған кезде 1991 жылы құрылды. Бұл бізді мемлекет болып өз саясаттарымыз жүзеге асырудағы алғашқы шараларымыздың бірі болып есептелінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше элементтен тұрады. Салқы қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, аудандар бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындайды. Қазақстан республикасының Салық комитетінің Қаржы министрлігіне қарайды. Алматы бойынша Салық комитеті алты аудандық Салық комитетін басқарады. Қаржы министрлігінен келген барлық нұсқаулар осы Алматы қаласы бойынша Салық комитетіне келеді, ал ол нұсқауларды аудандық Салық комитеттеріне таратады. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Англияның дипломатиялық қызметі

Тақырыптың өзектілігі: Халықаралық қауымдастықты дамыту құралы ретінде дипломатияның маңызы өте зор. Дипломатиялық қызметтің жұмысы дипломатияның ең басты құралы болып, халықаралық аренадағы мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Англия дипломатиясы классикалық дипломатия ретінде, өз кезегінде эталон секілді, ол XIX-XX ғғ. әлемдік дипломатияның дамуына зор ықпал етті. Одақтың 50 елдерінің және басқа да мемлекеттердің дипломатиясы ағылшын дипломатиясының әсерімен дамыды.
Қазіргі таңдағы экономикалық климаттағы халықаралық қатынастар ерекше маңызға ие. Әлем өзгерістерге толып жатыр. Мысалға, экономикалық қуаттылық шығыс бағытта, яғни Азия бағытында жылжып келеді.
Ұлыбритания – Біріккен Ұлттар Ұйымы, НАТО және Одаққа белді мүше болып табылады және әлемнің көптеген нүктелерімен байланысы бар ел. Ұлыбританияның Сыртқы Істер министрлігі немесе The Foreign and Commonwealth Office – (‘the FCO’ or ‘the Foreign Office’ for short) – ерекше ұлттық актив болуымен қатар, елшіліктер мен консулдықтардың халықаралық жүйесі болып табылады.
Әлемдік дипломатиялық тәжірибеге британдық дипломатиялық қызметтің қосқан үлесі өлшеусіз. Ұлыбританияның өзге мемлекеттермен қарым-қатынасының өсуі белгілі бір ретте халықаралық байланыстар орнату және осы қызметті атқаратын кәсіби қызметкерлерден тұратын тұрақты аппарат құру қажеттілігі туындады. Бұл аппарат дипломатиялық қызмет немесе шетел қызметі деп аталған. Ұлыбританияның дипломатиялық қызметте өте ауқымды тәжірибесі бар ел. Британ дипломатиясы мен дипломатиялық қызметінің тарихы шетелдермен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатында 1303 жылғы Көпес хартиясын қабылдаудан бастау алады.
Ағылшын дипломаттарының әртүрлі кәсіби өнер формаларын меңгеруі қазіргі уақытта да Ұлыбританияға халықаралық аренада белсенді әрекет жасауының факторы болып табылады. Британ дипломатиялық қызметінде империя кезіндегі жұмыс атқарудың дәстүрлері мен стилі, қазіргі уақыттағы қызметтің формалары және әдістерімен сабақтасып жатыр.
Бұл жұмыста Ұлыбританияның тарихи тәжірибесі, қоршаған ортамен арақатынасының ерекше стилі қарастырылады. Сонымен қатар, қазіргі уақыттағы сыртқы саясат бағытын анықтаудағы дипломатиялық қызмет мекемесінің рөлі мен орнының маңызы ....
Курстық жұмыстар
Толық

Журналистика | 31 арнадағы Информбюро ақпараттық қызметі

Журналистика қоғамымыздағы «төртінші билік» деп танылып, өміріміздің айрылмас бөлшегіне айналды. Ахмет Байтұрсынов айтқандай, «Халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» болып, қалың көпшіліктің мұң-мұқтажының жоқтаушысы қызметін атқару, яғни билік пен халықтың арасындағы дәнекерші болу. Дегенмен, заман талабына орай журналистиканың қоғамда атқаратын қызметтері де айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырады. Бүгінгі таңда жұртшылықтың ақпаратқа деген сұраныстары артып келеді, яғни БАҚ-тың ақпараттық функциясы дамуда. Осы орайда еліміздің электронды бұқаралық ақпарат құралдары да жұмыла еңбек етуде, олардың елдің соңғы жаңалықтарына деген сұранысын өтеу жолындағы қажырлы жұмыстары бүгінгі күнде жақсы деңгейден бағалана бастады. Мемлекеттік телерадиоарналардағы ақпарат берудегі өзіндік ұстанымдары, саясаты көбіне ресми бағытта, әрі қатаң қалыптағы сипатта болса, тәуелсіз электронды ақпарат құралдарында тақырып таңдаудағы еркіндік пен оқиғаға қатысты сын пікірлердің орын алуы қалыпты жағдайға айналып келеді.
Зерттеу жұмысын «31-телеарнадағы» «Информбюро» ақпараттық бағдарламаға арнауымыз да осы жоғарыда айтылған ойды нақты тұжырымдар арқылы дәлелдеу. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Баспасөз қызметінің мәні және мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметі

Тәуелсіз елдің осы заманғы үрдістерге сай болуы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, өркениетті атанып отырған елдер осы демократияны негізгі бағыт-бағдарын алған. Демек, біз де демократияны басты құндылық ретінде әрі оны реальды өмірде орнықтыруға күш салуымыз – жаңаша дамудың кепілі екеніне сөз жоқ.
Осы айтып отырған демократияны ақпарат еркіндігінсіз елестету мүмкін емес. Себебі, қоғам осы ақпаратты меңгермесе, мемлекетіміздің ұстанған бағының негізі болмас еді. Бұл жолда журналистердің және БАҚ-тың көтерер жүгі аз емес. Ол биліктен бастап, қарапайым азаматтардың атқарып жатқан істерін айнадағыдай көрсетіп отарады. АҚШ-тың он алтыншы президенті Авраам Линкольн «Идея ағыны, жан-жақты ойластырылған шешім қабылдай білу, сынауға мүмкіндік алу – осының бәріне негізделген саяси демократия көп жағдайда ақпаратқа тәуелді» - деген екен./1/
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері ақпараттық құралдарымыз да қарқынды дамып келеді. Қоғамда ақпараттық еркіндік, билік пен халық арасындағы дәнекерлік рөлді атқарып келе жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы айтпаса да белгілі. Ақпараттық технологиялар мен нарық заманында ең жедел ақпараттар беру тәсілдері мен қоғамдық пікірді қалыптастыру күн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі. Кешегі Кеңестік кезеңде тек қана бір идеологияға бағынған БАҚ болса, қазіргі кезде түрлі ұстанымдағы БАҚ қоғамымыздың жан-жақты дамуының кепілі болып отыр. Мемлекет пен қоғамның, билік пен халықтың арасын жалғастыруда, жұртшылықты елде, жаһанда болып жатқан жаңалықтармен таныстырып, хабардар етуде баспасөздің рөлінің аса жоғары екендігі ақиқат. Ел тәуелсіздігінің тұғырын нығайтуда да, қоғамда демократиялық, адамгершілік құндылықтарды насихаттауда да журналистердің аянбай еңбек етіп жүргеніне көпшілік куә. Бұқаралық ақпарат құралдарына «төртінші билік» деп қарау бекер болмаса керек. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамның бейнесін тануға да, оны өзгертуге де болады. Осы жағынан келгенде Қазақстан баспасөзі өзінің кәсіби миссиясын абыроймен атқарып келеді. Оған біздің елде түрлі органдардағы баспасөз қызметі мен оны үйлестіруші орталықтардың жұмысы куә. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Солтүстік қызылқұм шөлді аумағының геоэкологиялық жағдайына сипаттама

Солтүстік Қызылқұм аймағын игеру сонау ежелден жүргізілгені белгілі. Оны грек ғалымдары Птоломей (б.э.б ІІ ғ.) мен Геродоттың (б.э.б. ІІ ғ.) еңбектерінен көре аламыз. Дегенмен оның шарықтап дамыған кезеңдері б.э.д. 7 ғасырларда кезіндегі Орта Жаңадария мен Орта Іңкәрдарияны игеру кезінде жүзеге асқан болатын, сонымен қатар Ұлы Жібек жолының өтуі де септігін тигізді. Ол кезде суландыру тәсілдері ескі арналар есебінен іске асырылды. Осы аудандарда ені 10-20 м каналдар салынды/1/.
Бұл өте үлкен аумақ кезінде Еуропа мен Азия аралығын жалғастырған сауда керуен жолы болғандықтан зерттеушілердің назарын ерте кезден ақ аудартты. Тарихшылар мен саяхатшылардың айтып кеткен, жазып кеткен мәліметтері Н.Дингельштедтің (1893ж), Л.С.Бергтің (1908ж), В.В.Бартольдің (1900ж), С.П.Толстованың (1948ж) тамаша монографияларында сипатталады/1/. Солтүстік Қызылқұмның жер бедерінің кейбір ерекшеліктерін ең бірінші Л.С.Берг 1900-1906 жылдарда Арал теңізін зерттеу кезінде назар аудартып, толық сипаттамасын берді/2/. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | АЛТЫН ЖІП АҚ НЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗЫМЕТІ МЕН БАНКРОТТЫҚ МҮМКІНДІГІНЕ АНАЛИЗ

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер орын алуда.Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәспорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына екелді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында банкроттықтың мәні артады. Банкроттық банкроттықтық жағдай және оны жою үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет.
Қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта билікті серіктерін таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі етістіктің болымдылық-болымсыздық мағынасы мен қызметі

К І Р І С П Е
Грамматика теориясына қатысты өзекті мәселенің бірі – болымдылық-болымсыздық проблемасы. Тілдің лексикасы мен грамматикасын терең бойлаған лингвистикалық болымдылық-болымсыздық - көне де, көп қырлы, қарымды тілдік құбылыс.
Тіл білімі ғылымының қазіргі кезеңдегі даму, кемелденуі тұрғысынан немесе оның тарихи дамуы жағынан қарастырсақ да, болымдылық-болымсыздық мәселесі үнемі зерттеушілер назарында болғанын көреміз. Болымдылық-болымсыздық категориясы түрлі ғылым салаларының – логика, философия, психология және т.б. ортақ зерттеу объектісі болғаны белгілі. Сол себепті ол ғылымдардың тарихи қалыптасу жағдайлары, олардың даму бағыт-бағдарлары тілдік болымдылық-болымсыздық мәселесі мен ойлау категорияларының, пайымдау сипатының арақатынасын, ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтауға өз ықпалын сөзсіз тигізді.
Жалпы тіл білімінде, түркітану ғылымдарында бұл мәселе төңірегінде жасалған арнайы зерттеулер, айтылған пікірлер, ойлар біршама. Қазақ тіл білімінде де аталған мәселе жайлы ғылыми зерттеулер бар. Бірақ мұнда болымдылық-болымсыздық мәселесі бірде орыс тілі фактісімен салыстырылса, бірде оның берілу тәсілдері сөз болады.
Болымдылық-болымсыздықтың тілдік табиғатын қазіргі тіл білімінің даму бағыттарына сай талдасақ, оны шын мәніндегі логика-грамматикалық негізі бар күрделі тілдік құбылыс деп тануымызға жол ашылады деп ойлаймын. Бұл жұмыста болымдылық-болымсыздық мәселесі лексикалық болымдылық-болымсыздық және грамматикалық болымдылық-болымсыздық деп ғылыми тұрғыдан топтастырылып, олардың жасалу жолдары мен сөз таптарына қатысы сөз болады. Сондай-ақ болымсыз мағына беруге қатынасатын тілдік көрсеткіштер қызметтік және семантикалық өріс негізінде форма мен мазмұнның сәйкестігі тұрғысынан қарастырылады.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БОЛЫМДЫЛЫҚ-БОЛЫМСЫЗДЫҚ
МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздықтың зерттелуі жайына тоқталмас бұрын, мәселенің түркологияда зерттелуін сөз етелік. Болымдылық-болымсыздық мәселесі түркі тілдерінде де күрделі проблемалардың біріне саналады (1, 5). Бұған ғалымдар ертеден-ақ назар аударған.
Біз қарастырып отырған мәселе туралы мәліметті, алдымен, түркі тілдерінің грамматикаларынан кездестіруге болады. Түркі тілдері грамматикаларының етістікке, сын есім, есімдікке арналған бөлімдеріне, «бар», «жоқ» сөздерінің қолданылуына арналған және синтаксис тарауларында қатысты жерлерде болымсыздық жайлы деректер сөз етіледі. Мұнда етістіктің болымсыз түріне көп көңіл бөлінеді. Авторлардың басым көпшілігі оның жасалу жолы ретінде –ма, -ме жұрнағын көрсетеді (2, 102).....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Олжас Сүлейменовтың шығармалары қоғамдық-саяси қызметі

КІРІСПЕ
Қазақ халқы ұлы уақыт бедерінде талай танымал тұлғаларды тудырған. Солардың бірі - Олжас Омарұлы Сүлейменов. Ол - бүкіл әлем таныған арқалы ақын, өз ұлтының шынайы патриоты, қоғам қайраткері. Сондықтан да ол туралы жылы лебіз білдіру - әркімнің азаматтық парызы.
Ол - ақын, түрік-славян тілдерін, мәдениеті мен тарихын зерттеуші-жазушы, ойшыл, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының негізін салып, Семей, Невада, Жаңа жер, Моруроа аймағында мораторий жариялауға қол жеткізген батыл адам. Олжас Сүлейменов саясаттың адамы, ол «Қазақстанның халық конгресі» партиясын құрды.
Шетелдік әріптестерінің Олжас Сүлейменовты «ойлау қабілеті мен игі істері жөнінде XX ғасырдың аяғындағы «пайғамбар» деуінде ұлкен мән бар. О.Сүлейменов шығармашылығының қырлары жоғары оқу орындарында оқытылуда, бұл жөнінде кандидаттық, докторлық диссертациялар жазылып жатыр.
КСРО кезінде 70-ші жылдары шыққан «Аз и Я» кітабы түрік және славян халықтарының тарихын, тілі мен мәдениетін терең зерттеген ғылыми еңбектің жарқын ұлгісі болды. Ежелгі орыс ескерткіші - «Игорь полкы туралы сөзге» жан-жақты объективті талдау жасалды. Кезінде тарих пен филологияға қосылған қомақты еңбекті әділ бағалап, авторына ғылыми атақ беру керек еді. Бұл кітаптың авторы қазақ патриотизмінің туын көтерді, славян халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі түріктердің көрнекті ролін көрсетті.
Өкінішке орай, КОКП идеологиясындағы «сусловтық» кезең, ұлыдержавалық көңіл-күй Олжас Сүлейменовтың аяғынан шалып, «Қазақ ұлтшылы» деген жаман атты жапсырып жіберді. Әлемдік өркениетке ұмтылған ақын бұған мойымады, әділ көзқарасынан, адал жолынан таймады. Азамат-ақын, патриот қазақ халқының мұң-мүддесін көздеп, жан айқайына құлақ түріп отырды. Түрік мәдениеті мен тілінің жанашыры болды. Бұдан 25-30 жыл бұрын қазақ мектептері жаппай жабыла бастағанда Олжас Сүлейменов бұған қарсы көтерілді. Ол саясатта екіжүзділікке салынбайтын ер азамат.
Қазіргі уақытта еліміздің ақиық ақыны - Олжас Сүлейменов 70 жаста. Қашан да ақын тағдыры тауқыметке толы. Оның үстіне «мың өліп, мың тірілген» қасиетті халқының шерлі мүддесін арқалаған Олжастай - ойшыл ұлдардың өмір жүгі жеңіл болып көрген емес. Мыңмен жалғыз алысқан Абай «Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей. Мен келмеске кетермін түк өндірмей» деп қоршаған ортасынан түңілген екен. «Заманына қарай адамы» дегендей, жүзден жүйрік шығып, жерінің мұңын айтып, халқының сөзін сөйлейтін әр кезеңнің өз дүлділі бар. Елі мен жері үшін, кешегісі мен бүгінгісі үшін басын бәйгеге тігіп, небір сын сағатта, көзсіз ерлік, ұлағатты азаматтық танытқан бүгінгі заманның бір қазағы Олжас.
Олжас Сүлейменовтың шығармалары - тарихи дерек көзі болып табылады. Жазушының тарихи және әдеби зертеу еңбектері: «Жетісудың көне жазбалары. (Алтын киімді адамның қабірінен табылған күміс ожаудың түбіндегі жазу туралы)»; «Мың бір сөз. (Әдебиет тарихы және лингвистика туралы)»; «Таңбалар тарихынан. (Әртүрлі мағыналы сөздерді таңбалармен белгілеу жайында)»; «Тюркологияның кейбір мәселелері немесе қате қағидалар»; «Жазу тілі» және т.б. бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | «ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПОЭТИКАСЫ

Кіріспе
Эпос (грекше, eposn - әңгімелу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі күрделі жанр, [15,45]. Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын баяғы бабалар заманынан бері қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан әдеби туындылардың дені-эпостық жырлар.
Эпостық шығарманың арқауы – автор үшін ішкі субъективтік шындық емес, сыртқы объективтік шындық. Жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық адам заңдылықтары .
Адамның көңіл-күйінен туатын лирика мен қимыл-әрекетіне негізделетін драмадан эпостың айырмасы – мұнда шындық кең көлемдегі баяндалу, әңгімелеу арқылы жинақталады. Сонда эпикалық шығармадағы авторлық суреттеу мен қаһармандардың диалог – монологтары – эпостық баяндауды жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана. Белинский эпикалық шығарманың тағы бір ерекшелігі ретінде, мәселен, драмадағы басты нәрсе – адам болса, эпостағы басты нәрсе –оқиға екенін ескертеді. (Эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, қысқасы адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі.
Қазақ фольклортану ғылымында эпостық туындыларды үш салаға бөліп қарастырып келеді. Олар батырлық эпос, лиро-эпос және тарихи эпос.
Жұмыстың тақырыбы лиро-эпос шығармасының поэтикасы болғандықтан кіріспеде лиро-эпостық шығармалардың ерекшелігін, оның зерттелуі мен даму тарихына және поэтикаға шолу жасауды қажет деп таптық.
Лиро-эпос – лиро –эпикалық жанр, лирикалық әрі эпикалық тұрғыдан жасалған көркем әдеби шығарма. Лиро-эпостық шығарманың қаһармандары қарапайым, сүйіспеншілікке берілген нәзік сезімді, азаттық үшін күрескер жандар болып келеді.
Лиро-эпостық поэмаларда ғашықтық, мұңды армандар, сүйіспеншілік, ынтызарлықтар жырланады. Бұл поэмаларда ерліктен гөрі мұңлық – зар басым болып келеді.
Лиро-эпос та халық арасында көп замандар ауыздан-ауызға көшіп, біреуден – біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп, баспаға іліккен.
Батырлар жыры сияқты лиро-эпостың да нұсқалары көп.
Талай ғасырларды басынан кешіргендіктен, лиро-эпостардың да негізгі желісіне басқаша бір оқиғалар, эпизодтар қосылуы кейде бір нұсқада бар көріністер, екіншісінде болмауы кейде шығармаларда суреттелетін оқиғалардың шиеленісі, шарықтау шегі мүлдем өзгеше болуы да ықтимал.
Батырлар жырымен салыстырған, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы жырларда халықтың тұрмыс-салты, әдет – ғұрпы, адамның ішкі сезімі молынан баяндалады. Бұлардың лиро-эпос деп аталуы да сондықтан.
Қазақ лиро-эпостық шығармаларын үлкен-үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның біріншісі – қазақ халқының тума шығармалары. Олардың бір тобы халық арасына кең тарап баспа бетінде жарияланып үлгерсе («Қозы Көрпеш - Баян – сұлу», «Қыз Жібек», «Айман Шолпан»), тағы бір тобы қолжазба күйінде Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы. Екінші топқа шығыстың классикалық әдебиетінің сюжетінің негізінде жасалынған «Ләйлі-Мәжнүн», «Тахир- Зухра», т.б. хикаялар жатады. Ә. Қоңыратбаев өзінің «Қазақ фольклорының тарихы» деген еңбегінде де осы пікірді қолдайды.
Лиро-эпостық жырлардың жариялану тарихында Қазан төңкерісіне дейін орыс ориентанистері В.В Радлов, И.Н.Березин, Г.Н. Потанин т.б. еңбек етті. Ал қазан төңкерісінен кейін бұл бағытта М.О. Әуезов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев т.б. зерттеушілердің еңбегі бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық