Саясаттану | Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметін және ондағы Қазақстанның рөлі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы мен оның даму барысы және мұнда Қазақстан Республикасының мүше болуы егменді еліміздің дипломатиялық тарихындағы ең маңызды мәселерлердің бірі болып отыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрақты ұйым ретінде 2001 жылы 15 маусымда Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылды. Оған мүше елдердің жер аумағы Еуразия кеңістігінің бестен үш бөлігін құрайды. Халқының саны- 1 миллиард 455 миллион адам. Яғни, жер шарын мекендеген адамзат қауымының тәрттен бір бөлігін қамтиды. Ұйым құрамында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше екі бірдей алып мемелекеттің, яғни Қытай мен Ресейдің болуы оның халықаралық деңгейде үлкен саяси беделге ие болуына және өңірдегі осы державалар мен АҚШ мүдделерін теңестіре ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы қатынаста ШЫҰ қызметі ешбір елге қарсы бағытталмаған және ашық жағдайда жұмыс істеуге бағытталған. Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап ұзақ мерзімді Ұлттық мүддені қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы сыртқы саясатты белсенді жүргізіп келеді. Бұл арада Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Тұтастай алғанда, Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы Қытаймен және Ресеймен, сондай-ақ ұйымға мүше басқа да елдермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сыртқы саяси бағытқа толық көлемінде жауап береді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан

КІРІСПЕ
Адамзат тарихтың шешуші кезеңінде. Қалыптасқан дамудың сипаты мен табиғат арасындағы қайшылықтар шегіне жетті. Осы бағытта одан ары қарай жүру ғаламдық опатқа әкеледі, сонда табиғат адамзатқа өзін қорлағаны үшін жауабын ғаламдық өзгерістермен – климаттың өзгеруімен, шөлдермен, жердің тақырлануымен, атмосферадан қауіпті ультракүлгін сәулелердің өтуімен, індеттермен және аштықпен береді.
Табиғат пен оның объектілері (ауа, теңіздер, ормандар, жануарлар, космос, және т.б.) адамзаттың ортақ жетістігі болып табылады. Оның қорғалуы мен тиімді пайдалануында бүкіл әлемдік қауымдастық мүдделі.
Табиғатты қорғау жене оның ресурстарын тиімді пайдалану – заманның жаһандық проблемасы. Бұл проблеманың шешілуінің негізгі шарттары: бүкіл әлемде бейбітшіліктің сақталуы және қарусыздандыру, мемлекеттер арасындағы сенімділік пен өзара түсінушілік; табиғатқа қатысты барлық мемлекеттердің бірдей саясат жүргізуі және өз территориясында табиғатты қорғаудың барлық шараларын қолға алуы, әсіресе табиғатты қорғау заңнамасының дамытылуы; БҰҰ шеңберінде және жергілікті негізде жүзеге асырылатын қоршаған ортаның халықаралық қорғауға арналған барлық акцияларға барлық мемлекеттердің белсенді қатысуы, табиғаттың жекелеген, нақты компонеттерін қорғауға арналған халықаралық келісімшарттардың құрылуы мен қабылдануы және қоршаған ортаны қорғаудың бірдей келісімшарттардың құрылуы мен қабылдануы – халықаралық экологиялық қауіпсіздіктің негізгі қайнар көзі ретінде.
Қазіргі таңдағы орасан зор маңызды проблема – ол мемлекеттерді көп жақты әріптестікке қайта оралу қажеттілігіне сендіру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Халқаралық аймақтық ұйымдар және Қазақстан

Кіріспе
Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отыр.
Халықаралық ұйымдардың қызметіне тиімді түрде қатысу үшін олардың іс-қимылдарын жан-жақты зерттеу қажет.
Қазіргі халықаралық қатынастардың ерекше белгісінің бірі халықаралық ұйымдар рөлінің арта тусуі. Бұл арада халықаралық қатынастар шеңберінің кеңейіп, күрделенуін, көпжақты дипломатияның дамуын, сөйтіп халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың күшейе түсуін айту керек.
Қазіргі халықаралық қатынастарды тек қана екі жақты қатынастармен шектеуге болмайды. Әлемдік маңызы бар мәселелердің көбеюі олардың шешімін табу жолында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Халықаралық ұйымдарды негізінен екі категорияға бөліп қарастыруға болады. Олар: үкіметаралық (мемлекет аралық) және өз жұмыстарын қоғамдық негізде атқаратын мемлекеттік емес ұйымдар. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Финляндиямен Қазақстанның экономикалық сипаттамасы

Кіріспе
Финляндия Республикасы— Солтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысында орналасқан мемлекет. Оңтүстік-батысын Балтық теңізінің Ботния, оңтүстігін Финн шығанақтары шаяды. Жер аумағы 338 мың км2. Халқы 5,2 млн. адам (2000). Тұрғындарының 93%-ы финдер, 6%-ы норвеггер, қалғандары цыгандар, саамдар, орыстар. Ресми тілі — финн және швед тілдері. Діни сенімі бойынша халқының көпшілігі (90%) лютерандар, 1%-ы православтар, қалғандары басқа діндерді ұстанады. Астанасы — Хельсинки қаласы. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — 1 палаталы парламент (эдускунта). Жоғарғы атқарушы органы — мемлекеттік кеңес. Әкімшшілік-аумақтық жағынан 12 лянға (губернияға) бөлінеді. Елдің құрамына кіретін Аланд аралдарына дербес автономиялық құқық берілген. Онда негізінен шведтер тұрады. Өзіндік парламенті (ландстинг) бар. Ақша бірлігі — евро (2002 жылға дейін финн маркасы). Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні, 6 желтоқсан (1917). Финляндия БҰҰ-ның (1955), Солтүстік кеңестің (1955), Еуро Одақтың (1995) мүшесі.
І-ТАРАУ. ФИНЛЯНДИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Финляндияның географиялық орны
Финляндия жері қоңыржай белдеудің солтүстік жағына орналасқан. Ел аумағының 1/4-і полярлық шеңберде болғандықтан, мұнда "ақтүн" 73 күнге, ал қыста "полярлықтүн" (финше "каамос") 51 күнге созылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Ұлыбритания мен Қазақстанның білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау

Кіріспе бөлім
Зерттеу жұмысының мақсаты. Дамыған алып 7 елдердің бірі, тарихы бай парламентарлы монархия елі Британия корольдігі мен дамыған 30 елдің қатарына кіруді өзіне мақсат еткен Қазақстанның білім беру жүйелерін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын белгілей отырып, отандық білім беру реформамыздың бағытын бағалау.
Зерттеу жұмысының міндеті.Ұлыбритания мен Қазақстанның Халықаралық стандартқа сай білім беру сапасын көрсету. Екі елдің қазіргі таңғы білім беру жүйесі мен тәрбиесін анықтап, әр деңгей бойынша өзіндік талдау жасау.
Зерттеу нысаны.Ұлыбритания мен Қазақстандағы білім беру жүйесі. Зерттеудің мазмұны. Менің алып отырған жұмысымды тарихы мол алып, әлі де өз статусын жоғалтпаған, Тұманды Альбионда орналасқан кәрі құрлық өкілі Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен аз да болса, көптеген жемісті нәтижелерге қол жеткізген дамушы Қазақстанның білім беру деңгейін салыстыруға арнадым. Әрине, егемендігін алғанына енді ғана 24 жыл болған Қазақстанның білім беру жүйесін тәжірибесі мол Ұлыбританияның білім беру жүйесімен салыстыру жас бала мен сақалды атамен салыстырғандай көрінеті белгілі. Дегенменде, менің пікірімше, жас дамушы ел болғандықтан, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін басқа елмен салыстыра отырып,өзіміздің реформамызды жаңартып, жаңғыртқанның еш зияны жоқ. “Үйрен де, жирен” демекші өзімізге, экономикамыз бен әлеуметімізге, қоғамызға сай бірнеше пайдалы жақтарын қарастырсақ артық болмас.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | ТуранАлем банк -Қазақстан Республикасының Орталық банкі

Кіріспе
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Банктік жүйе – жалпы ақша-несиелік механизмі аясында қызмет атқаратын ұлттық банктер мен басқа несиелік институттардың жиынтығы. Бұл жүйе орталық банк, коммерциялық банктер мен басқа да қаржылық несиелік институттардан құралады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мәдениеттану | Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
Тәуелсіздік - халқымыздың ұлттық дүниетаным ерекшелігін, рухани мәдениетімізді әлемге танытуға мүмкіндік берді, әлі де бұл салада қыруар мәселердің шешілетініне күмән келтіруге болмайды,
Мәдениет өзінің түрлі бейнелеу тәсілі және түрлерімен қоғамның тарихи даму процесіне енді. Мәдениеттің әлеуметтік қызметі өндірістің тиімділігін арттырады, қоғамдық прогреске жол ашады. Мәдениетті дамытпай, әлеуметтік міндеттерді шешу мүмкін емес, ал ол өз тарапынан мәдениеттіліктің, халықтың шығармашылық жігерінің деңгейін кетеруге оңды жағдай жасайды, бір ғана өндіріс емес, бүкіл қоғамдық өмір жеке адамды дамытуды қажет етеді. Осыған байланысты екі жағдайға назар аудару керек. Әлем өзара байланыста және тұтастықта болады, ал әлеммен байланысты адамның қоғамдық саяси өмірге енуі, оны әлеммен байланыстыратын көптеген жағдайлар мәдениеттің дәрежесімен тікелей байланысты. Сонымен қатар қоғам прогресіне сәйкес адам бостандығының өрісі кеңи туседі.Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін жариялаудың нәтижесінде халқымыз жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани жағдайда өмір сүріп, еңбек етіп, сол тәуелсіз мемлекетімізді нығайту үшін күресуде.
Әрбір халықтың өз мәдени даналығы барлығы белгілі. Сол мәдени құндылықтарды бүкіл халық болып құрметтеу рухани норма.
Қазақ халқының мәдениеті - ежелгі заманнан бері байырғы жерінде өмір сүрген қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып, қалыптасқан түрі болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Дінтану | Тәуелсіз Қазақстандағы діни ахуал

І. Кіріспе
Қазақстан тәуелсіз ел болғанына 16 жылдай уақыт болды, осы уақыт ішінде республикада саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларда түбегейлі өзгерістер болып өтті. Республика халқының демографиялық құрамы өзгерді, қазіргі уақытта қазақ халқы басым этнос болып табылады.
Егер, 1989 жылдың 1 қаңтарына карай 30 діни бірлестікке енетін 700 діни бірлестік болса, 2003 жылдың 1 қаңтарына қарай республикада 62 діни бірлестікке енетін 5000 қауым бар. Олардың 75 % мұсылман қауымы құраса, 1300 қауымды басқа діни бірлестіктер құрайды. Олардың ішінде Евангельдік христиан –баптистердің 378 қауымы болса, 222 –сі орыс православиялық шіркеуінің қауымдары. Республикада барлық халықтың 70 % жуығы мұсылмандар, православиялықтар – 28 %, католиктер – 1 %, протестантар – 0, 5 %, басқалары – 0,01 %.
Қазақстандағы үлкен қоғамдық өзгерістер дін еркіндігіне жол ашты. КСРО тұсындағы діни құғындаудан кейін 70 жыл бойы қысылған халыққа қалаған дінін ұстануға рұқсат берілді. Қазақстан қоғамы полиэтникалық және полидінді болып келеді. Тәуелсіздік алғалы бері, өтпелі кезеңде көптеген діни бірлестіктер құрылып, көпшілігі жойылып кетті. Өзгерген жағдайда, түрлі дін үстанатын адамдардың бір-бірінің діни сенімін сыйлауға діни жанжалға жол бермеуге үйренуге тура келді. Қазақстан өкіметі діни келіспеушіліктердің болмауына барынша тырысып, осы бағытта дұрыс саясат ұстанып отыр.Қазақстан өкіметі діндер арасында бейбіт қарым-қатынас принциптерін еңгізіп, діни бостандықты қамтамасыз етуге кепіл болып отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Монополияның экономикалық табиғаты мен түрлерi. Қазақстандағы монополиялар

КІРІСПЕ
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды. Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.
Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз. Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықты қэкономикадағы монополияның орны, табиғаты, оның экономиканың әлеуметтiк және экономикалық салаларына тигiзер оң және терiс әсерлерiн қарастыру.
Сондықтан микроэкономика пәнi бойынша курстық жұмыстың тақырыбын «Монополияның экономикалық табиғаты мен түрлерi. Қазақстандағы монополиялар” деп алдық. Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Меншікке салынатын салықтар және олардың Қазақстан Республикасындағы салық жүйесіндегі рөлі

Кіріспе
Салықтар дүниежүзіндегі барлық адамзаттық өмірінде күнделікті кездесіп отыратын құрал болып келеді, себебі әрбір тұлғаның сатып алатын, тұтынатын заттарының барлығының құрамында салықтың белгілі бір мөлшері тұрады. Мемлекет қоғамның қызығушылықтарын әр-түрлі салада қолдай отырып, сәйкесінше белгілі бір саясатты ұстанады. Мұнда әлеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеуінің объектісі мен субъектісінің ара-қатынасының құралы ретінде қаржы-несиелік және баға механизмі қызмет атқарады.
Қаржылық-бюджеттік жүйе мемлекеттің қаржылық ресурстарын, яғни бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру мен қолдану жөніндегі қатынастарды қамтиды. Бұл қорлар мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, діни және қорғаныс сияқты басқа да қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ал осы қорлардың ҚР-да бүгінгі таңда көп үлесі салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерден құрылатындықтан қаржылық-бюджеттік жүйенің негізгі қорлану көзі салықтар болып келеді.
Барлық салықтық және салықтық емес түсімдер, басқа да капиталмен жасалатын операциялардан түскен түсімдердің барлығы мемлекеттік бюджетте шоғырланады, ал мемлекеттік бюджет өз кезегінде республикалық және аумақтық бюджеттерге бөлінеді. Біз алдымыздағы жұмысымызда аймақтық бюжеттердің кірісінің негізін құрайтын жер, көлік, мүлік салықтары туралы бар мәліметті беруге тырысамыз. Бірінші бөлімде біз салықтарға жалпы сипаттама беріп өтеміз: салықтар ұғымы, мазмұны, экономикалық мәні, жүйесі, механизмі және меншікке салынатын салықтардың мәні туралы.....
Курстық жұмыстар
Толық