Алла Тағала адам баласына жамандық тілесін бе. Құран Кәрімде: «Сендерге: Өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды», – деп шошқа етінің харам екенін ап-айқын көрсетеді. Дініміз рұқсат етпеген бұл жанурадың медициналық тұрғыдан да адам денсаулығына зияны шаш етектен. Өзіміздің төрт түлік малымыз тұрғанда, доңыз етін жей қоймаспыз. Бірақ доңыз еті қосылған шұжық, тағы басқа қоспасында харам мал еті кездесетін тағамдарды бас салып жемес бұрын мынаны есте сақтайық....
Әкеңнің кіші інісі ол бала сауатты бұғалдір болды, - дейді апасы.
- Қайбір жылы Жамбыл жаққа да барып қызмет істеп қайтты. Сонда Жамбылдың жігіттері жақсы сыйлаған деп отыратын білетін жұрт. Өзі жақсы болса, қай жердің жігіттері де сыйлайды ғой. Бәрі бір қазақтың баласы емес пе? Ана үлкен ұлына Байқадам деп ат қойса, сол жамбылдықтардың құрметіне қойылған есім. Жамбылдың Байқадам деген жері бар екен.Осы күні гармонь ойнап отырасың ғой. Ана бөлмеде гармонь ойнап отырасың. Соны мына бөлмеде жатып тыңдап жатамын ойнап отырғаныңды. Сол бала ойнаушы еді гармоньды. Ол баланың өзі мінезі тентек болды. Бірақ ағасына қарсы бір ауыз сөйлемейтін. Әкең қызметінен келіп, түсте демалып жатады ғой. Ол гармоньның даусын жақтыртпайды. "Әй, құртшы ана бәлені!" Сонда ана бала гармонын құшақтаған күйі лып етіп ұшып тұрады. Далаға шығып, көгал шөптің үстінде отырып ойнап отыратын. Сондай құмар еді гармоньға.
Қаладан кеш түсе шыққан "Жигули" бірқалыпты жүріспен баяу жүріп келе жатты. Көлікте үш адам бар еді: алдыңғы орындықта отырған көкесі, рульде отырған апасының нағашы жағынан туыстас інісі болып келетін Бидағұл ағасы және бірінші сыныпқа енді барғалы жүрген - бұл. Бір кезде көкесі алға қарай ұмсынып қалды да:
- Бидағұл, мынау кімнің көлігі? - деді алдыда кетіп бара жатқан көлікті көрсетіп.
- "Москвич" қой, - деді Бидағұл. - Сонан соң көліктің иесін айтты. Бұл кісі де елге сыйлы, азамат болып жүрген қызметкер жандардың бірі еді.
- Әй, Бидағұл! - деді енді көкесі Бидағұлға қарап. - Осы "Жигули" жүйрік пе, әлде "Москвич" жүйрік пе?
Бидағұл өзінің дағдылы күлкісіне салып хы-хы-хы-лап күліп алды. Сонан соң:
- "Жигулиге" не жетсін, Қолеке. "Жигули" жүйрік қой, - деді.
- Онда... - деді көкесі әлденені жұмбақтағандай етіп .....
Мектебінің өткенін де ұлықтап, Бүгінінен білім іздер жас ұрпақ
Қазалы ауданындағы №25 орта мектебінің іргетасы орта мектеп ретінде 1947 жылдан бастап қаланған. Мектепті 1947-1949 жылдар аралығында Мүлкібаев басқарды. 1949-1953 жылдар аралығында Хайруллаев Жәрмедет, 1953-1959 жылдар аралығында Бәкешов Қожабай, 1959-1965 жылдар аралығында Қожабаев Молдабай, 1966-1968 жылдар аралығында Қартбаев Аяп, 1968-1976 жылдар аралығында Нағашыбаев Іскендір, 1976-1985 жылдар аралығында Есетов Амангелді мектеп басшылары болды. 1985 жылдан бастап осы кезеңге дейін мектепке Темірбаев Алмас басшылық жасайды.
Мектеп тарихында мектепті әр кезеңде 7 түлегі алтын медальға бітіріп шыққан. Қарамолдаев Алпысбай, Нұрмағамбетова Света, Қошқарбаев Айнұр, Дәленов Бекболат, Нұржігітов Абдулла, Алмағамбетова Балапан, Бекжанов Дархан.
Мектепті әр кезеңде 4 түлегі күміс медальға бітіріп шыққан. Дәулеткерімов Әби, Жаманбаев Алмас, Бекжанова Айгүл, Сахиева Сандуғаш. .....
Алдан енді осында келгеніне өкініп отыр. Өзі әлденеден қорыққандай қимылсыз отыр. Алданның ауылдағы бәлекей келіншегі мен бір-біріне іркес-тіркес дүниеге келген аюдың қонжығындай қос ұлына деп сатып алған заттары бар дорбасы аяқ киімдер шешетін жерде босағада сүйеулі тұр. Алданның қарны ашып-ақ отыр. Бірақ алдындағы үстелдің үстінде тұрған тамақты жеуге төрде төбедей болып ұзынынан түсіп сұлап жатқан еркектен батпай отыр. Өйткені осы тамақ та, дастарқанның иесі де - осы кісі. Алдан соның қабағына қарап отыр. Тамаққа қолын созайын десе, қасығы шық етіп ыдыстың шетіне тиіп кететін секілді. Алдындағы кеседе тұрған шайды ұрттайын десе, жұтқыншағы құлқ ете қалатын сияқты. Төрдегі еркектің мысы әбден-ақ басып, берекесі қашып отыр. Бағана ауылына баратын автобусы келемін дегенше, көшеден бірдеңе жей салмай, осы үйге келгеніне қынжылып-ақ отыр. Шай құйып отырған тарамыстай қатқан қара әйел Алданға бір-екі рет "шай іш" деп күбір етті. Төрде төбедей боп жатқан еркек қасықты толтырып алып, аузына асайды да, ұрты бұлт-бұлт етіп шайнаңдайды. Бір кезде аузына тамақты толтырып асады да, жағы сырт-сырт етіп шайнап отырып, Алданның арқа тұсындағы іргені көрсетіп "ім, ім..." деді. Алдан артына бұрылып қарағанда іргеге тақала жатқан газетті көрді. "Газет пе?" - деді Алдан. "Ім... Ім". Еркек шайнаңдап отырып, басын изеді. Алдан газетті қолын созып-ақ алып бере алатын еді. Бірақ, неге екендігі белгісіз, орнынан ұшып тұрды. Сөйтті де, жеп-жеңіл газетті қос қолдай көтеріп, алақанына салған күйі бейне бір мәртебелі мейманға қызмет жасап жатқан даяшыдай еркекке ілтипатпен ұсынды. Еркек Алданның мұнысына мән де берген жоқ. Газетті қолына алған күйі шынтақтап жатқан жастығының аржағына жая салып, жастықты бауырына жиып алған күйі етпетінен аударылып түсті. .....
- Он бірінші сыныбыңа мұқият бол, - деді мектепке енді келген бұған ағайы. - Оқулыққа сенбей-ақ қой. Қазір өтпелі кезең. Ендігі жерде кеңестік әдебиетке бұрынғы көзқараспен қарай алмайсың. Ал оқулық бұрынғы ізбен жазылған. Сондықтан, мүмкіндігі келгенше, балаларға өзің дәріс оқы.
Ұстаздың айтқаны дұрыс. Кеңестік әдебиет - әдебиет тарихындағы өте бір күрделі кезең. Ал мектептің он бірінші сыныбы нақ осы кезеңге келіп тірелетін.
Бір кезде өзіне де әдебиеттен сабақ берген байырғы әдебиет пәнінің мұғалімі бұл ақыл-кеңесін зейнет демалысына шығып бара жатқанда айтқан еді. Жоқ, бұл кісі зейнет демалысына бұдан бұрын шыққан болатын. Өткенде ғана ұстаздар күні мерекесінде осы кісінің зейнет демалысына шығуына байланысты құрмет көрсетілді емес пе. Аудандық білім бөлімінен адам келіп қатысты. Бірақ бұл кісінің әдебиет пәнінің маманы ретіндегі бай тәжірибесін мектеп басшылығы әлі де пайдалана беруге қарсы емес еді. Дегенмен ұстаздың өзі екі тоқсан сабақ бергеннен кейін, мектеп .....
Осыдан 25 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңес одағының шырмауында болды. Жер бетінде елдің бостандығын, халқының тәуелсіздігін ойламайтын жұрт жоқ болар.
Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Яғни егеменді, дербес мемлекет. Бүгінгі күні осы тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 жыл уақытта зымырап келіп қалды. Ал осы уақыт тарих үшін қас-қағым-ақ. Қаншама ғасырларды алып құшақтаған тарих қойнау талай үлкен мемлекеттердін тәуелсіздігін көрген. Солай бола тұрса да, біз үшін өзіміздің тәуелсіздігіміз қымбат. Неге десеңіз, мемлекетіміздің сөнген отын жаққаны үшін, ата-бабамыздың рухын көтергені үшін, елімізді әлемге танытқаны үшін, «қазақ» деген атауға жан кіргізгені үшін бізге қымбат. .....
1. Таңба жүйелі емле – арғынға дөңгелек тауып алайық. Қыпшаққа «жіп» таңба алайық деген сияқты немесе «бірге» мынадай: «1» белгі, «екіге» мынадай «2» белгі алайық деген сияқты, не болмаса пәлен белгі алайық деп дыбыс басына әріп арнаған сияқты, тіл іліміне тіремей, тек ынтымақпен мына сөзді мынадай, ана сөзді анадай етіп жазайық деумен жасалатын емле жүйесі, емленің бұл жүйесін алып-алмау жағын сөз қылмай өтеміз, өйткені жоғарыда емлеміз қалай жасалса да, негізі тіл іліміне, тіл жүйесіне тіреліп отырып жасалу тиіс дедік. 2. Тарих жүйелі емле – баяғы бір жасаған түрінде қолданып, дағ- дыланғандықтан, тіл өзгерсе де, өзгерместен әдеттенген бойынша қол- данылатын емле. Ондай емледе бір дыбысқа арналған әріп, тіл дыбыстары өзгеріп кеткендіктен, .....
Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенінді ұмытпа!-деп Елбасымыз айтқандай еліме азда болса үлесімді қосуға, бар күшімді салып еңбек ету менің басты мақсатым болмақ.
Міне, Қазақстан тәуелсіз ел болғанына биыл 25 жыл болып отыр. Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыз да, жақсылығымыз да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы - Қазақстан. Біз бақытты да ынтымағы мен татулығы жарасқан бейбіт елде тұрып жатырмыз. Ата-бабамыз ғасырлыр бойы аңсап келген Тәуелсіздік 1991 жылдың 16 желтоқсанында бастау алады. Қол жеткізген тәуелсіздік қолызмызға оңай түскен жоқ. Еліміздің басынан небір қиыншылықтар, сұрпайы соғыстыр өтті. Еліміздің тұтастығы мен тыныштығын сақтауға батырлар мен қарапайым халықтар өз жандарын пида етті. Қазіргі Қазақстан бүкіләлемдік проблемаларды талқылыуда және шешуде ықпалды рөл атқарып келеді. Еліміздің тыныштығы мен қауыпсіздігі біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясытының арқасы деп білемін. .....