Айнала толған сезім

Айналама қарасам, әр түрлі тағдырлар, әр түрлі сезімдер мен құштарлықтар. Барлығы әйтеуір бір жандардың басынан өтуде. Біреуі қуаныштан басы айналып жүрсе, біреуі сол сезімінен қиналып жүр, ал енді біреулері тіпті сүйгені үшін өкінеді. Жер бетінде қаншама жан болса соншама тағдыр, соншама махаббат хикаясы бір-бірлеріне еш ұқсамайды. Міне, өмір, сонысымен қызық қой. Енді, өзім куә болып жүрген осындай тамаша да сұлу сезім жайлы, көркем махаббат хикаясы жайлы айтам деймін.

Сарғайған сары күзде басталған, көктемдей көгерген жас сезім, сол бір күзді мәңгі жүректе де, санада да қалдырды. Олар үшін бұл сарғайған сары күз емес, сезім шашқан алтын күз болды және солай болып қала бермек. Бозбалалық сылқым мінезіне салынған бозбала жастықтың алып ұшпа қызығушылық сезімімен өзінен бір курс төменде оқитын қызбен, жастардың қазіргі кездегі жедел жәрдемі агент арқылы сөйлесіп жүреді, және оған сол агент атты хабаршымен сөз айтады. Бірақ, сол кезде бұл жас жігіттің сол сөз айтқан қызының қасында жатақханада өзінің жүрегінің жартысы отырғанын білмегенде еді. Бұл күздің бастапқы айлары еді, бірақ бұл агент арқылы жеткен махаббат ойындары ойын ретінде жалғасын таба берді. осындай күндердің бірінде Дауренге бір қыздан авторизация келеді, қабылайды, танысады, есімі – Жаңыл, өзі агент арқылы сөз айтқан қызбен бір бөлмеде тұратын құрбысы. Қабылдады, агент арқылы әңгіме басталды, Жаңыл:

- Сәлем!

- Сәлем!

- Қалайсың?.....
Махаббат хикаялары
Толық

Толғандырған ҰБТ

«ҰБТ - (Ұлттық Бірыңғай Тесттілеу) - жоғарғы оқу орынына, үлкен белестерге деген алғашқы қадам және шешуші сәт болмақ» - дейтіндер өте көп. Бірақ, өмір мұнымен тоқтап қалмайды. Бұл ҰБТ-дан сүрінгенмен, бәрібір сіздің өміріңіз әлі алда, тағдыр сіздің әлі де шыңдалғаныңызды қалайды, сіздің сәл кідіріп, бітпеген істер болса, соны аяқтағаныңызды немесе сізге берілген сынақ деп түсініңіз. Алайда кейбіреу бар: «Мен ҰБТ-дан құлап қалдым, енді барар жерім, басар тауым жоқ» десе, кейбірі: «Мен неге өте алмадым, мен не істеп қойдым сонша?»,-деп,абдырап, не істерін білмей қалса, енді біреуі: «Амал-нешік,осылай боларын білгем, ауылда қалам, ары қарай не болады екен?»,-деп, өмірге қол сілтей салатындары да бар. Енді біреуі өштеніп, ашуланып қызбалыққа салынады.Тіпті кейбір адамдар болады, әрбір жайтқа немқұрайлылықпен қарайды. Ең сорақысы, осы бір ҰБТ-ға жүректері шыдамай, өмірден түңіліп, қайғырып, өзіне-өзі қол жұмсайтындары да бар. Бұл айтқаным, қазіргі кезде көп белең алатын жағдайлардың бірі болып тұр.

«Керек емес бұл өмірге жылағаның,
Қайғырғаның, сүрініп-құлағаның.
Шыдау керек, төзу керек бұл күнге,
Келмейді ғой әркез сенің сұрағаның.

Не болды саған, сынды ма сағың?
Ойлайсың іштей: «Ашылмай бағым»,
Қателесесің, кеш емес әлі.....
Шығармалар
Толық

Қалижан Бекқожин (Көктем толғанысы)

Сәріде бүгін ояндым,
Есітіп бұлбұл дауысын.
Тамылжып шыққан баяу үн,
Тербеткендей тау ішін.
Сүйемін көктем бұлбұлын,
Сүйемін көктем жаңбырын.
Жаңбырдай елге бұл жырым,
Жөнелсін алып таң жырын.
Бұлбұл да мүмкін бағында
Сайраған шығар сұңқылдап.—
Күлімдеп келген тауыма,
Көктеммен ғажап сыр тыңдап. .....
Өлеңдер
Толық

Астана жайлы толғаныс

“Туған жер тұғырың, туған ел ғұмырың”, - дейді дана қазақ. Әркімге өз туған жері, туған мекені өзге жерден мың мәртебе артық. Мен де бүгін туған қалам Астан жайлы, қала берді алты алашқа бас қала болған Астана жайлы қалам тербемекпін. Сонау орта ғасырларда даңқты Абылай хан елінің ордасы еткен Яссы яки Түркістан қаласы бүгінде қарға тамырлы қазақтың тәу етер киелі ордасына айналды.......
Шығармалар
Толық

Ана

Күтемін туған күнін асыға
Қалаймын толғанын
Жаңа жасына
Қалаймын кəртеймегеніңізді,
ауырмағаныңызды.....
Өлеңдер
Толық

Жалғас Толғанбай Қонысбайұлы (1970 жылы 23 мамыр)

Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай (1970 жылы 23 мамырда Алматы облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жарлысуда туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай 1970 жылы 23 мамырда Алматы облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жарлысуда дүниеге келген.
1988 жылы Тараз қаласындағы Мәдениет-ағарту училищесін мәдениет қызметкері және оркестр дирижері мамандығы бойынша бітірген.
1993 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы Театр және кино институты) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген.
1997 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етеді.
Сахнадағы негізгі рөлдері....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әсел Сәдуақасова Санжар Мәдиевтің "басын айналдырып алды" (видео)

Әсел Сәдуақасова Санжар Мәдиевтің "басын айналдырып алды". Тек шынайы өмірде емес, жақында шығатын комедиялық фильмде деп хабарлайды nur.kz порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық